+1 дауыс
459 көрілді
Бірінші сұрағым банктердегі call-орталықтардың телефондарында халықаралық кодтар тұрса да  тегін деп айтылады. Бұл үй телефонынан тегін, ұялы телефоннан тегін емес дегенді естідім. Екінші сұрағым ұялы телефоннан қоңырау шалғанда көп жағдайда банк жарнамасын естіп, 15-20 минут күтуге тура келеді. Мұны шешу мүмкіндігі бар ма? Банктердің  call-орталықтарын қажетті қызметкерлер санымен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ па?

3 жауап

+1 дауыс
Тура осы сұрақты «Время» газетінде оқырмандардың бірі қойған екен. Оған Kaspi Bank-тің  басқарма төрағасы Михил Ломтадзе былай деп жауап беріпті:

Біз Қазақстандағы банктердің алғашқылардың бірі болып, call-орталықтардың телефонын тегін қылдық. Егер сіз ұялы телефоннан хабарлассаңыз, ол үшін біз ақы төлейміз. Сіз үшін тегін. Біз мұны клинеттеріміздің кез-келген уақытта, кез-келген жерден, оңай, тегін  хабарласа алуы үшін, жасадық. Бізде қазір екі тегін желі бар: 9999-барлық клиенттер үшін, 5577 салымшылар үшін. Ал, күту уақыты мен қызмет сапасын арттыру – кез-келген call-орталықтың  маңызды қызметі. Біздің банк Қазақстандағы ең үлкен call-орталықтың  бірі. Онда 1500 қызметкер жұмыс істейді. Көпшілік қоңырауларды біз 30 секунд ішінде қабылдауға тырысамыз. Біз жылдамдықты бұдан да арттырмақпыз. Мысалы: өткен аптада депозит салымшылары үшін қосылған 5577 нөміріне қоңырау шалушылар 5 секунд ішінде оператордың жауабын ести алады.
Ал,халық банкі ше? халық банкке ұялы телефоннан соқсаң ақшаң кетеді.
ақша кетпейді. 88000800059 тегін болған .
+1 дауыс
Казкомға телефон шалсаң операторлар бір біріне сілтей береді. Ең жаманы сол бір біріне футбол қылып жібергені. Ең соңында күте күте шаршайсың.
Нұржан, Назымбек банктердің сайттарына кірсеңіздер, шағым жазуға болатын бөлім болуы керек. Соларға хат жіберген дұрыс. Мысалы: бүгін сағат мыншада қоңырау шалып едім, операторлар бір-біріне сілтеді. 5 оператормен сөйлесу бақытына ие болдым деген мағынада.
0 дауыс
Ұялы телефоннан да тегін, мен хабарласып жүрмін. Көбіне ондай нөмірлер 4 цифрдан тұрады не 8800... деп басталады.
дәл нөмірін жазып жіберсең...
...