+2 дауыс
912 көрілді
Сіздер мені неге сыйламайсыздар?Менде бір ананың баласымын.Сайтқа келгелі мені ешкім сыйламайды,түсінбейді.Сұрақ қойсам болды-саған не керек,не істейсің деген пікірлер жазылады.Жауап жазсам,көшірдім иә.Бірақ мен сілтеме қою жайылы естіммеппін.HintheF пен Мадияр1996 деген қолданушылардың арқасында түсіндім.Ең бірінші сайтқа келгенімді азғантай қолданушы сыйлайтын.Қазір осы сайттағы 100 шақты қолданушы мен жақсы араласамын.Кеше Жарас деген қолданушы сен тупойсың,ақымақсың деген сөздер жазып жіберді.Өзім қатты қынжылдым.Тіпті аккаунтымды өшіріп тастатқым келді.Сайтқа келгенімде қолдау көрсеткен М.вирус,Админ,Мадияр1996 қолданушыларына алғысым шексіз.
Мен мынаның бас жағын оқып отырып мынаны жасы кіші адам жазып жатыр деп ойладым,сөйтсем 18жастағы жігіт екен...
Қазақта мақал бар ғой "таспен ұрғанды аспен ұр"деген,сені сыйламай,кекетсе сен керісінше оны сыйлап,жақсы қарым-қатынасқа түсуге тырыс.Басқа еш нәрсе айта алмаймын...
Әрине біреу еңбектеніп жазса ал  біреуі түк сілтеме жасамай кімнен алғанын көрсетпей жауап жаза салса жыны келеді ғой . Интернетте жалпы авторлық құқық деген болады. Мысалы массагет сайтын көрген шығарсың. Суреттердің қайдан алынғанын көрсетіп жазып қояды.

10 жауап

+2 дауыс
Ары қарай дами бер , сонда бәрі сыйлайтын болады! Қынжылма!Алға !
+1 дауыс
Саған не керек? Не істейсін?
хахахаха
қойсаңдаршы сайтты не ойыншық қыласыңдар?
0 дауыс
Ешқашан мойыма дос!
+3 дауыс
Бауырым, ренжіме бірін-бірі көре алмау қазақтың қанында, жалпы барлық ұлтта бар. Сайттағы ең белсенді қолданушылардың бірі сенсің. Сыйламайтын қолданушылармен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысып көр. Тағы да айтарым, мұндай сайтты жаман жағынан көрсететін сұрақтарды қоймай-ақ қояқшы, сырт көзге жаман көрінеді екен. Ерасыл, сен сайтта белсенді болып жүре бер, саған қарай айтылған жаман сөздерге мән берме. Сайтта достықты сақтайық!
+1 дауыс

Саспа! Мойыма! Менде басында СЖ сайтана келгенде, дымда білмей 2-3 ай жүргенмін, талай адамның басын айналдырып. Қазір Аллаға шүкір СЖ сайтын білемін. 2 жылдай болды осы сайтта болғаныма. САйтта талай ереже бұзғанмы, неше түрлі атақ алып, банға кетіп хехехе. Қазір қойдыққо оны. Сж сайтына қазір күніне 7-8 рет кірем. Шолып шығу үшін. Базар жоқ осы сайтқа ризамын!!! Осы сайтты ашқан Ербол братанға рахмет!!! СЖ сайтының арқасында талай нәрселерді білдікқо. Рысбек, Жако, Ка. Мырза, т.б қолданушылар сұрағыма жақсы жауап беріп жүрді. 

+3 дауыс
Бір адамды бір адам өздігінен сыйлай салмайды. Өзіңді адамдарға сыйлата білуің керексің сонда сыйлайды, Сыйламаса онда ол осы сайттағы адамдардың кінәсі емес өзіңнің кінәң. Өзіңді сыйлата білмейсің
Недеген сөз жақсы жауап бердін
0 дауыс
Адамды адамның сыйлауы - өзін-өзі сыйлауы!!! Өзгенің бос сөзіне ермей тек өзіңнің білімің мен ынтаңды ары қарай қайрай түс! Тек алға ұмтыл бауырым!!!
0 дауыс

Басқаларға сыйлата білу үшін - ең әуелі адам өзін-өзі сыйлау керек (самоуважение дейді ғой). Ештеңе де о бастан жақсы басталып кетпейді. Дана халқымыз "Көш жүре түзеледі" деген осындайда wink

+1 дауыс

Сыйлағысы келмейтіндердің біразы тіркелген қолданушы болар (яғни шені жоқ).Ол қалыпты жағдай))).Себебі сен олардың жазбаларын өңдесең,жасырсаң,яғни сен ережеге сай өз қызметіңді атқарсаң,олар түсінбейді.Сосын келіп сені сыйлаудан бас тартады.Мен де басында солай ететінмін.Ақжол деген құрдасым мені өңдеп,жасырған сайын оны минустайтынмын)))( қазір қойдым).Кейін редактор болғанда түсіндім,өз қылығымнан ұялдым.Кезі келгенде оларда сені түсініп,сыйлайтын болады.

Ия, неге өңдейсің дейді қате-қате сауатсыз жазған өздері,ережеге бағынуымыз керек қой!
+2 дауыс
Ерасыл бауырым мына жазбаңды көріп жауап жазбай кетуге бата алмадым.Айтайын дегенім сайтта жүргесін жөнді сұрақ қойып жүрсеңші.Біреумен салғыласудың қажеті жоқ,өзіңнің қателігің болса мойында ол да бір-ерлік! Оcы сайтта ең басында менде көп кемшіліктер жіберіп,артынан қатемді түзеп мойымауға тырыстым,бұл сайт мені кешірімшіл болуға үйретті!Мойыма,батыл бол!Сайттан кетпегенің дұрыс-ақ,сен кішкене белсенділігің бар.Сұрақ-жауап сайтында барлық достар бірігіп сені қолдаймыз,себебі мына жазбаңды оқығасын түсінер.Сәттілік,алға!

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
+2 дауыс
30 жауап
...