+12 дауыс
1.2k көрілді

Сайт қолданушыларына жалынды сәлем!

Сұрақ-Жауап сайттың негізін қалаушы, дамытушысы ретінде сайтта болып жатқан жағдайлар мені бей-жай қалдыра алмайды. Сайт ашылғаннан бастап сайт қолданушылары арасында ең басты назарға алып келе жатқаным, ол жас аралықтарына қарамай сайт қолданушылар арасындағы СЫЙЛАСТЫҚ. Тіпті менің өзім де сайт қолданушыларымен сіз деп сөйлесіп, сыпайылықты басты назарға алуға тырысам.

Сайтта мен сұрақ қойып, жауап жазбасам да күніне 16 сағат, аптасына 7 күн, жылына 365 күн бойы сайт менің бақылауымда. Кімнің не жазып жатыр, белсенділігі, өзге қолданушыларға қалай қол ұшын созып, білгенімен бөлісіп сауапты іс-істер жатқандығын күнделікті көріп жүрмін.

Көпшілік бар жерде әр-түрлі қолданушы болады дегендей, ашуға бой алдырып, ұрысып, дөрекілік көрсетіп жатамыз. Сайт қолданушыларына айтарым. Өзге сайттарға қарағанда бір жанұяның балдарындай бауырмашыл болайықшы.

Қысқа ғана өмірде, сіз-біз десіп, аға-іні, апа-сіңлі, қарындасым деп сыйласқанға не жетсін.

Сайт басшылығы құрамына Сайт Редакторлары мен Сайт Модераторлары жатады. Яғни олардың іс-әрекеті, қадағалауы сайт әкімшілігінің рұқсатымег қорғалады. Басты мақсаттары белсенділік танытып, ЕРІКТІ түрде сайттың тазалығын сақтап, өзге қолданушыларға үлгі болуы керек.

Сайт қолданушыларына дөрекілік көрсетіп, ойларына келгенін істеуге мен жол бере алмаймын.

Сайттың осындай дәрежеге жетуіне сайттағы ерікті редакторлар, мамандар, модераторлардың арқасында жетіп отыр. Олардың алдында сайт қолданушылары мен сайт әкімшілігі үлкен қарыздар. Себебі сайт осы қолданушылардың арқасында дамып отырғанын жасыра алмаймыз.

Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай: Тәртіпке бағынған құл болмайды!

Жалпыға ортақ ережеге бағынып, бірлесіп жұмыс істейтін болсақ Қазақтар үшін пайдалы іс-жасайтын боламыз. Қазірдің өзінде сіз қалдырған ақпаратты сіздің іні-қарындастырыңыз, туыстарыңыз қолданып пайдалы қазақ тілінде ақпараттарды іздеу сайттары арқылы келіп қолданып жатыр. Біздің де көздеген мақсатымыз осы еді. Орыстардың ОтветыМайл.ру сайтының қазақша баламасы болу. Қандай да болсын ақпарат іздегенде оңай табылуына жағдай жасау.

Сайт модераторлары, редакторы өтініш. Тым қатты дөрекі болмай, адамның жеке басына нұқсан келтіретін ауыр сөздер айтпасаңыздар екен деген ниет. Егер жеке басыңызыдң мүддесі үшін сайт мүмкіншілігін қолдансаңыз амалсыздан мен ондай мүмкіншілікті шектеуге барамын. Себебі сайт жалпыға арналған. Сайттың болашағы мені бей-жай қалдыра алмайды.

Есесіне мен сайт қолданушылары үшін жаңа мүмкіншіліктері көптеп қосуға тырысамын. Биылғы жылы сайттың алдында көптеген жоспарлар тұр. Сіздерге жақын арада тағы да жақсы мүмкіншіліктерді қосып қуантпақ ойымыз бар.

Бізбен бірге болып, сайттың барлық қызықшылықтарын көріңіз. Қазақтар үшін пайдалы дүниені бірге жасайық. Сіздерге үлкен рахмет!

Сайтқа қатысты ұсыныс, пікір, алып қосар ойларыңыз, шағымдарыңыз болса Кері байланыс арқылы хат жазыңыздар болады.

Сұрақ-Жауап сайты. Өз сұрағыңды қой!

19 жауап

+1 дауыс
Сіздің айтқаныңыз дұрыс есте сақтаймыз
+1 дауыс
Иә өте дұрыс. Мен де осы кезден бастап мүмкіншілігімді асыра пайдаланбауға және барлық қолданушыларға құрмет көрсетуге уәде беремін.
Ант етемін десеңізші))
+2 дауыс
"Жұмыла көтерген жүк жеңіл",бәріміздің. "илегеніміз бір терінің пұшпағы" демекші ,"бір жағадан мойын,бір жеңнен қол шығарып болашақ ұрпағымыз үшін еңбектенулеріңізге тілектеспін.
+3 дауыс
Ия, Ереке дұрыс айттыңыз, сосын көптен бері айтайын деп жүргенім, қазір сайттың белсенді модераторлары азайып кеткен сияқты, қазіргі белсенді қолданушылардан 1-2-еуін модераторлыққа қосуға қалай қарайсыз.
Мысалы мені.
))) қой сені қылсақ өзіміз қуып кетіп жүрерміз
Мысал келтіріп көр, белсенді кім бар?
Накты фактимен жазу керек кой.
мен қашан модератор боламын ?(((
+2 дауыс
Осы кезден бастап сайтта қолданушыларды ренжітпеуге тырысамын!
Пәлі, жол болсын тырысқаныңа...))))
Иә.                    .
Роналдуың алмайды 100% анау мынау деп өзінше болып жатыр едің... Не болды ақырында? Сыйлай біл бауырым.
Пеналдуды сыйлай алмаймын .
+2 дауыс
Осы сәтті пайдаланып артық кеткен жерлерім болса кешірім сұраймын, осы сайттың қолданушылары :)
+2 дауыс
Маған ешкiмнiң өкпесi жоқ шығар ендi, жуаспын бiр адамға зәбiрiм жоқ, не айтса да оғанда көндiк деп жүре беремiн ) Тек жыландiкiндей құйрықты басып кетпесеңiздер болғаны -)
+2 дауыс
Сізбен толық келісемін. Мен маман болғалы бері осы сайттың қолданушыларына жаманатты болдым. Себебі мен көп қолдуанушыларға ескерту бере беремін. Себебі қате,әрі қазақ әріптері мен бас әріптерді қолданбайды. Сенікі дұрыс емес анау-мынау деген сөздерді көп естідім. Редакторлар мен модераторларға біраз көңілім толмайды. Маған ренжімеңіздерші. Себебі сіздер екі рет қойылған сұрақты жаппай, әрі кей сұрақтарды өңдемейсіздер. Админге ұсыныс айтар болсам: МАМАН ДӘРЕЖЕСІНДЕГІ ҚОЛДАНУШЫЛАРҒА ЖАУАПТЫ ӨҢДЕУДІ ҚОССАҢЫЗ!!! Жауап пен пікір өңделгенде жауапты да өңдеген артық болмас. Артық айтсам, көңілдеріңізге тисем осы сәтті пайдаланып кешірім сұраймын.

Құрметті Админ! Сайттың әрі қарай гүлденуі үшін бәріміз бар күшімізді саламыз! Ұсынысыма жауап күтемін!
Туф. Мамандарда жауап өңдеу деген жоқ. Соны қосуды сұрадым. Сен не айтып кеттің?
Мамандар да жауапты өңдей алады
Мирас сен қашан өңдедің. Менде өңдеу жоқ.
Бұрыннан бар....
Мен қайдан білейін. Сенде ондай мүмкіншілік тиым салғалған боар?
Білмеймін. Жауап өңдеу деп тұр мүмкіншілікте. Бірақ өңдеу еп шықпайды менде.
Бәсе қарапайым золданушыларға ескере бересіз неге еске ескертіп жүр деп ойласам )
+1 дауыс
Админ мырзаның ойы өте дұрыс! Өз басым көбіне "сен" деп жазатыным рас. Жасым үлкен болғасын, оған құқым бар шығар )) Оған ренжіп жатқан да ешкім жоқ шығар :)
Жасыңыз қанша үлкен болғанменен де мәдениеттілік деген болады. Бірақ, әркім өзі біледі.
Вирус брат сен деп сөйлей бер.
+1 дауыс
дұрыс айтасыз ,кезінде осы сж сайтқа қатысы жоқ әнгімеге бола БАН-ға салған болатын) қысқаша айтқанда жоғары дәрежесін орынсыз пайдалаған кісілер болған, сізбен келісемін бір бірімізге артық кетпей сыйласып жүрейік
+1 дауыс
Жазғаныңызды толық оқымасам да сөзіңізге қосыламын. Артық сөз айтпайсыз деп ойлаймын. Мен бұл жерге тіркелгеніме бір айдай болып қалды. Сол уақыт ішінде ешкімнің көңіліне тиіп алмадым деп ойлаймын. Кейін де тимеймін. Бұл сайтта мен білгенімді бөлісіп, білмегенімді үйреніп жатырмын. Біршама қазақша да үйреніп алдым. Білмеген сөздерімді әрине. :))))))
0 дауыс
Иа Админ мырза қолданушыларды силайтын боламын.Кейде менде жауапты жасырып кететін кезім болады бірақ оныңда бір себебі болады.Сосын бір өтінішім бар еді СЖ сайтында пікір қосқанда ИА деген сөзді жазсаң 8 әріп қылыңыз дейді соны 2 әріп қылып жібересізбе?
8 әріпті толтыру қиын ба не?))
Жоқ .......
0 дауыс
"Үлкенге құрмет,кішіге ізет",сыйластыққа не жетсін! "Төртеу  түгел болса,төбедегі келеді,алтау араз болса ауыздағы кетеді".Тату болайық,ағайын!
Осы екеумізді минустап тастдыма?!!!
+1 дауыс
Өте жақсы сайт Жаңа кіргендерге өкінбестей ететін сайт
+1 дауыс
"Бастысы Сыйластық қо.." (с) Ауылдағы братан-Қапок
қатырдың) +

Ұқсас сұрақтар

...