+1 дауыс
1.8k көрілді
Маган Ана тілі туралы бірнеше накыл сөздер керек еді

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
16.Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі .
Жүсіпбек Аймауытұлы
*
17.Ана тілің – асылың, оны білмеген – масылың.
Қадыр Мырза Әлі
*
18…Ал екінші бақытым – тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім…
Мұқағали Мақатаев

19.Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі мойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!
Ғабиден Мұстафин

20.Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.
Ғабит Мүсірепов
*
21.Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады.
Мұхтар Әуезов

22.Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына…
Жүсіпбек Аймауытов

23.Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.
Халел Досмұхамедұлы
*
24.Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
Ғабит Мүсірепов
+2 дауыс
Тiл тас жарады, тас жармаса бас жарады. Бас кеспек болсада тiл кеспек жок. Баска бале тiлден. Ана тiлiң арың бұл, Ұятың боп тұр бетте, Өзге тiлдiң бәрiн біл, Өз тіліңді құрметте!
...