0 дауыс
194k көрілді
Әке, ана, әже, бала деген сөздерге нақыл сөздер немесе мақал - мәтелдер керек еді. Мысалы: әке асқар тау дегендей

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ақ жаулығы ананың — ақ көрпесі баланың.

Ақ шашты ана: "жастығым — балам" дейді.
Ақылды бала: "ай-күнім — анам" дейді.

Алты ұл тапқан ананы "ханым" десе болады.
Сыйласа білген адамды "жаным" десе болады.

Алып анадан туады,
Ат биеден туады.

Ана алақанының аясы,
Ақ шынардың саясы.

Ана алдында құрмет,
Ата алдында қызмет.

Анаға баланың алалығы жоқ.

Анадан алтау туғанша жалғыз туса нетеді —
елге тұлға болғалы.
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше еменге айыр бүтақ бітсе нетеді —
құсқа тұғыр болғалы.
 
Анадан артық дос бар ма?
Ашудан жаман қас бар ма?
Жиырма бестен жақсы жас бар ма?
Қымыздан тәтті ас бар ма?

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман (Қорқыт).

Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,
Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.

Ана көркі алдындағы баласы,
Қала көркі үйі, орман-ағашы.

Аналы баланың өзі тоқ,
Анасыз баланың көзі тоқ.

"Анамды жақсы көргендіктен келісін түйдім.
Аулымды жақсы көргендіктен желісін сүйдім".

Ананың алақаны балаға айдынды қоныс.

Ананың басқан жерінде пейіш бар.

Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.

Ананың сүйген жері
отқа күймейді, оқ та тимейді.

Ананың сүті — бал,
Баланың тілі — бал.

Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.

Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.

Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да
қарызынан құтыла алмайсың.

Ана сүті бой өсіреді,
Ата тілі ой өсіреді.

Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

Анасыз өмір — сөнген көмір.

Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.

Анасын сүйгеннің баласын сүй.

Анасы ұятсыз болса,
баласы миятсыз болады (Нақысбек шешен).

Баланың білегі ауырса ананың жүрегі ауырады.

Балапанды торғайлар өрт болмасын тілейді.
Балаларға аналар дерт қонбасын тілейді.

Баласы тәуше жесе анасының тісі қамасады.

Әкесіне қарап ұлын, Шешесіне қарап қызын таны.

Әкесіне тартып ұл тумас, Шешесіне қарап қыз тумас.

 Ата-анам бар болсын, Аузы-мұрыны жоқ болсын.

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.

Ата-анадан жар жақын. Туысқаннан мал жақын.

Атаның құны, ананың сүті.

Күтсең ата-анаңды, Кешірер атаң қатаңды.

Ата-ананың қарызы, Ұрпақтың өмірлік парызы.

Әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ

Адам болар ұлыңның арқа-басы кең келер.
Ана болар кызыңның ақыл-есі тең келер.

Адам болатын бала алыска қарайды.

Балаға пышақ бермесең бір жылар, берсең — екі жылар.

Балажанды биелер құлындарын теппейді,
Балажанды адамды бала айналып кетпейді.

Бала жасындағысын ұмытпайды,
Таз басындағысын ұмытпайды.

Бала жетесіз болса ата-анасын жерге қаратады.
Бала жетелі болса ата-анасын елге қаратады.

Бала жетіге жеткенше жерден таяқ жейді.

Бала жүгірсе қарттың қарап отырып аяғы ауырады.

Бала кезде нені әдет етсең соның шырмауында қаласың.

Бала көңілдің гүлі, көздің нұры.

Бала күлкіге тоймас,
Болбыр ұйқыға тоймас.

Айдың ізін ай басар,
Аттың ізін тай басар.

Анадан алтау туғанша,
жалғыз туса не етеді — елге тұлға болғалы.
Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
еменге айыр бұтақ бітсе не етеді — құсқа тұғыр болғалы.

Ата-анаға көз қуаныш алдына алған еркесі (Абай).

Бай баласы балпаң,
Жарлы баласы жалтаң,
Бай күйігі етекте,
Бала күйігі жүректе.

Бала адамның бауыр еті, көз нұры.

Бала ақылды болса
ата-ананы оздырады,
желбуаз, жетесіз болса
жерге қаратып тоздырады.

Бала анаға аян, әкеге күмән.

Бала атадан батпан артық туады.

Бала, баланың ісі шала.

Бала — бауыр, дос — тамыр.

Бала биден де күшті, бірақ бітірмес істі.

Бала болғанын білмес,
Батыр толғанын білмес.

Бала болса да әркім өз теңімен ойнар.

Балаға айтқан сыр — байланбаған бұзау (Шәкәрім).

Балаға байқап сөйлесең ақылыңа көнер,
шайқап сөйлесең көрсетер бір "өнер".

Балаға жанның ашуы бірдей,
Қай қолынды кессең де жанға батуы бірдей.

Атадан жақсы ұл туса,
елінің туы болады.
Атадан жаман ұл туса,
көшінің соңы болады (Қазыбек би).

Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін.

Аянкестің белгісі
арықты да "жар" дейді.
Еркетайдың белгісі
кең дүниені "тар" дейді.

Әдепсіз бала ауыздықсыз атпен тең,
Ақылды қария жазып койған хатпен тең.

Әдепсіз бала — аяққа басылған шала.

Бақырауық демесең бағалы көлік түйе ғой.
Жаман да болса өз ұлың өз малыңа ие ғой.

Баланың жақсысы — қызық, жаманы — күйік (Абай).

Баланың сотқары — пәленің шокпары.

Балаң жаман болса да аман болсын.

Балаң жаман болса көрінгеннің мазағы.

Баласы жаман туғанның
әкесін түйе үстінен ит қабар (Шал ақын).

Бейбастақ балаға күле қарасаң бас киімінді ала қашады.

Егін өнбесе қайғы — бір жылдық,
Балаң оңбаса қайғы — ғұмырлық.

Екі қатынның баласы — екі рулы ел.

Ерке баладан жынды балам жақсы.

Ерке бала екі жылар.

Еркенің көзі жасты, етегін бұзау басты.

Еркенің көзі кеппес,
Жорғаның тері кеппес.

Жақсы бала жансақ,
Жаман бала малсақ.

Жақсы бала ойлағыш,
Жаман бала тойлағыш.

Жақсы бала сүйік,
Жаман бала күйік.

Жақсыдан жаман туса — емі болмас,
Жаманнан жақсы туса — теңі болмас.

Жаман бала өзінен кішкенені ұрып жылатады,
Жақсы бала жылағанды жұбатады.
0 дауыс
Әке - асқар тау,

Ана- ағып жатқан бұлақ,

Бала - жағасындағы құрақ.
0 дауыс
құрамында антоним сөздері бар мақал
0 дауыс
Əже туралы мақал мəтелдер бар ма?
0 дауыс

Мүлдем əже туралы макал жокnoangry

0 дауыс

Ана деген бұлақ 

Бала деген құрақ

Әже өсіруші адам 

Ата өсіргіш адам Міне енді не керек ??? (≧▽≦)(≧▽≦)(≧▽≦)(≧▽≦)(≧▽≦)(≧▽≦)

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
7 жауап
Белгісіз 5.01.2015 Қазақ тілі сұрақ қойды
0 дауыс
5 жауап
Белгісіз 12.03.2014 Қазақ тілі сұрақ қойды
0 дауыс
3 жауап
Белгісіз 12.03.2014 Қазақ тілі сұрақ қойды
0 дауыс
5 жауап
Белгісіз 12.03.2014 Қазақ тілі сұрақ қойды
...