+1 дауыс
2.7k көрілді
Мен қазір 8 сынып оқимын. Үздік оқушымын. Кейін мектеп бітірген соң БОлашақ бағдарламасы бойынша Англияда оқығым келеді.  Болашақ бағадарламасы қалай жұмыс істейді ол қашан болады? ҰБТ-дан кеін бе, әлде еліміздегі бір жоғары оқу орнына түскеннңн кейін тапсырам ба ? сол жайлы білігім келеді!

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері кім бола алады?

Бағдарлама қатысушысы Қазақстан Республикасының кез келген азаматы бола алады, оның мақсаты мыналар болып табылады:

магистр дәрежесін, доктор, ғылым кандидаты дәрежесін алуға;
ғылыми тағылымдамадан өту.

 

Құжаттарды қабылдау 2014 жылғы 3 наурыздан 31 қазанға дейін жүзеге асырылады.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы бір рет тағайындалатынын ескеру маңызды.

«Болашақ» бағдарламасының аясында жыл сайын халықаралық стипендияны тағайындауға квота белгіленеді. Техникалық және медициналық мамандықтар бойынша үміткерлер үшін, сондай-ақ ауыл жастары, мемлекеттік қызметкерлер, ғылыми және педагогикалық қызметкерлер қатарынан шыққан үміткерлер үшін шет тілін білудің ең төменгі деңгейі төмендетілген.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша түсу тәртібі
I кезең. Түсу үшін санаттарды анықтау

«Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында ҚР азаматтары мына бағдарламалар бойынша түсе алады: магистратура, резидентура, докторантура немесе тағылымдамадан өту.

Аталған білім бағдарламаларына түсуі мүмкін:

мемлекеттік қызметкерлер магистр дәрежесін алуға;
магистр дәрежесін алуға ғылыми немесе педагогикалық қызметкерлер;
қазақстандық жоо түлектері магистр дәрежесін алуға;
мәдениет қызметкерлері, шығармашылық қызметкерлер магистр дәрежесін алуға;
бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері магистр дәрежесін алуға;
магистратураға, резидентураға, доктарантураға, тағылымдаға қз бетімен түскендер.

Толығырыақ мына жерден көре аласыз http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/edu_heis/article/obrazov_zarubew&lang=kk
+3 дауыс
Қазіргі уақытта "Болашақ" бағдарламасы бойынша баклавр дәрежесін иелену мүмкін емес. Өйткені, бағдарламадан бакалавриат алынып тасталды. Еліміздегі жоғары оқу орнын бітіріп, кейін магистратураны "Болашақ" бойынша шетелден оқуға болады.
+2 дауыс
Алтынай арманына жет
0 дауыс
Егер грантпен оқығың келсе, онда қиын болады. Себебі қазірде шетел елдерінеде оқуда грант тек 7%на ғана беріледі. Сондықтан біздің елдегі НУ-ҒА немесе SDU-ға түскенің жөн.
...