0 дауыс
Ақ қайнақ су дегеніміз не? Ол мөлдір емес пе?
30.03.2014 1.0k қаралым

1 жауап

0 дауыс
Ақ қайнақ су дегеніміз енді қайнап басаған қайнаған су, яғни қайнаудың екінші дәрежесіндегі, ұсақ көпіршікті су. Судың қайнауы үш сатыдан тұратын күрделі үдеріс болып табылады. Бірінші саты шәйнек түбінен ауаның кішкене көпіріктері көтеріліп, шәйнектің жан - жағында көпіршіктердің пайда болуынан басталады.Екінші сатыда көпіршіктер көбейіп, жоғары көтеріледі. Бастапқыда су бұлдырлап, ағарады. Бұл ұзаққа созылмай, үшінші сатыға ұласады.Үшінші сатыда су буырқасынып қайнап, көпіршіктері жарыла бастайды.
30.03.2014

Ұқсас сұрақтар

127,959Сұрақ
322,888Жауап
153,169Пікір
73,003Қолданушы