+5 дауыс
4.6k көрілді

"Ескегіңді берші маған, мен есейін сен еспе, Су күлкісі сылдырлаған сенің күлкің емес пе?" деген өлең жолдарын жігіт қызға айтқан ба, жоқ қыз жігітке айтқан ба? Қалай ойлайсыз?

6 жауап

+6 дауыс
 
Жақсы жауап

Жігіт қызға айтқан. Себебі, қыз жігітке "Су күлкісі сылдырлаған сенің күлкің емес пе?"- демейді. Жігіттің күлкісі сылдырламайды ғой. Оны сұрақ қоймай-ақ, жақсылап ойланып білуге болады ғой.

Жақсы. Жаным, Айшат, өлеңді ақын шығарады. Ал, ақын ол өлеңнің көркемдігі үшін сөздің небір асыл - жауһарын қоладанады. Жарайды, солай - ақ, болсын, ал енді сюжетті көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Қыз отыр, шаштары жалбырап кеткен, нәзік жаратылыс иесі бола тұра мықшыңдап ескекті есіп келе жатыр, жанында жігіті отыр, сар далада шалқар шабытпен өлең айтып келе жатыр. Бұл дегеніңіз, логикаға сыймайды ғой...

Өлеңде шашы жалбыраған деген сөз жоқ қой. Сен шашы жалбыраған деп ол көлдің жүзін нұрландырған бейнені жоқ қылып жібердің ғой.  

Мен оны басқаша елестетемін. Ол қызға ескегіңді берші маған мен есейін сен еспей дейтін болса, ол жігіті  ола тұра оған неге су ескізіп қойған? Сонда қайыққа отырғанда қыздың өзі мен есем демейтін шығар. Ақылы болса жігіттің өзі-ақ еседі ғой. Бұны елестетер алдында ойландың ба? Бұлар жаңа таныс екені айтылады. Яғни, қайықта қыздың жалғыз өзі, жігіт көлдің жағасында. Осылай ол қызға ескегіңді берші маған мен есейін сен еспей дейді.

Тағы айтарым Жантуғанның жауабына "  )))))))))) Кейде осындай логикалық сауалдар туады адамға..." деп пікір жазыпсың да маған бұл логикаға сыймайды депсің. Бұл сөзіңмен өзіңе- өзің қарсы шығып тұрсың.


 

Тамаша жауап! Мен негізі, осындай жауапты күткенмін. Көп студенттерге дәл осы сұрақты қойсам,олар  "Жігіт қызға айтқан ғой" десе, Мен емтихан кезінде мұғалімдердің студенттің білімін нақтылау үшін, дұрыс жауап беріп тұрған ізденушіге қарап,"Сонда......................." дейтін әдісі бойынша,  "Сонда ол жігіт, қызына ескегін ескізіп қойып, жанында әндетіп отыра берген бе?" - десем, олар ойланып тұрып: "Ия,  онда қыз жігітке айтқан екен ғой  " деп жауап береді... Сосын маған осы сауалды surak-jauap.kz-ке салайыншы деген ой келді.

Танымыңызбен таласпаймын! Сізге осындай пікірталас туғызып, дәлелмен жауап бергеніңізге үлкен рахмет!
Құттықтаймын, өйткені сіз дұрыс әрі дәлелді жауап бердіңіз! Дәл мен күткендей.

Рахмеееетangel

керрррррррремет жауап!!не деген ақылды қыз!
Белгісіз
Комплиментіңізге көп рахмет!!!))))))))))))))))))))))))))))))))
+4 дауыс
Жігіт қызға айтқан ғой
Жақсы. Неге олай ойладыңыз?
+3 дауыс

Қайықта

с. Н.Әлімқұлов
ә. Ш.Қалдаяқов

Болсақтағы жаңа таныс
Жүзсек те алғаш қайықта
Ұшқыр қиял кетті-ау алыс
Бұйырмашы айыпқа

Самал болар толғандырған
Айдын шалқар көл бетін
Сәулем, мені ойландырған
Сенің жарқын келбетің

Көлдің жүзін нұрландырып
Тұрма сенің дидарың
Сол бейнеңді тұрған күліп
Су бетіне қимадым

Ескегіңді берші маған
Мен есейін, сен еспе
Су күлкісі сылдырлаған
Сенің күлкің емес пе?

Ашылғандай айдын көлде
Үлкен өмір есігі
Су бетінде қайық бейне
Махаббаттың бесігі

Жылжы қайық осы көлде
Жыр толтыршы жаныма
Махаббаттың бесігінде
Тербелейік тағы да

)))))))))) Кейде осындай логикалық сауалдар туады адамға...
+2 дауыс

ойланып калдым ғой! бірақ жігіттің күлкісі сылдырламайды!негізі қыз жігітке айтқан сияқты! өйткені махаббат не істетпейді адамға! жігіттің шаршап отырғанын көрген қыз шыдай алмай кеткен болар. ол кезде қандай заман болғанын да білмейміз ғой!!! ақын ер адам болғанмен, көбінесе әйел адамдар сахнаға орындап шығатынын білеміз! кейде дует болып орындалып жатады!

әпке, бейнеклипі  жоқ пе екен содан қарап көретін???cheeky

))))))))))))    Негізі, ойлана берсе ойды сан - саққа жүгіртетін сауал... Сондай қызық! Шыны керек, дәл осы өлеңнің бейнеклипін көрмеппін.

Сұрақты оқығандардың құлағына алтын сырған, егер осы әннің бейнеклипін көріп қалсаңыздар, бізді міндетті түрде хабардар етіңіздер!
Назира,мен Айшатпен келіскім келмей отыр, ол ақын жағалауда тұрып айтқан дейді.Ал өлеңде:

-"Болсақ дағы жаңа таныс,

жүзсек те алғаш қайықта"- дейді .Жүзсең емес,жүзсек,демек қайықта бірге жүзіп келеді.Сонда қалай болғаны
+5 дауыс
Ескегіңді берші маған, мен еспейін сен еспе - Меніңше бұл жерде тікелей мағынасында түсінбеу керек, мысалы көлді - өмір деп, ескекті - өмір ағыны деп ойласаңыз бәрі орнына келеді, қысқасы жігіттің қызға сөз беріп отырғаны.
Су күлкісі сылдырлаған сенің күлкің емес пе? -  Мен үшін бұл өмірде сенен басқа адам жоқ дегенді айтып отыр деп ойлаймын
*Білмеймін менің фантазиям*
)))))))) Жақсы. Фантазияңыз мықты екен! Рахмет!
Сонымен не боп кетті,ескекті кім есіп отыр?]:)
Жауабы көөөөөөөөөөөп ойлануды қажет ететін секілді...
Одан да авторлардың туысқандарынан , көзкөргендерінен сұрап көрсеңізші.Басыңызды қатыра бермей.
+1 дауыс
жігіт қызға айтып арнап айтып отыр (менің топшылауым)
қайықта екі ескек болады ғой, мүмкін біреуі қызда болған болар?
ескегіңді маған бер, сен еспе, тек мен есемін, сен жай отыр , мен саған ғашық болып отырамын дегені деп ойлаймын ақынның
...