–1 дауыс
21.3k көрілді
Абаймен Тоғжанның құдаласуы туралы керек абай жолынан көмектесіп жіберіңіздерші?

5 жауап

0 дауыс
http://www.twirpx.com/file/529003/
–1 дауыс
Жалпы Абай үш әйел алған кісі: Ділда, Әйгерім, Еркежан. Бірақ біздің айтайын деп отырған әдемі жарастық, саф махаббат, пендеуи сарынның ізі де көрінбейтін адалдық Абай мен Тоғжанның сырлы һәм нұрлы қарым-қатынасы жайлы болмақ. Табиғатынан ерекше сезімтал, рухы таза, бала күнінен халық әдебиетінен сусындап, жадында тұтып, шығыс поэзиясынан ғашықтық ғазалдарын оқып, тәрбие алған жас бозбаланың сұлулыққа, пәктікке, әсемдікке құлауы – Тоғжанмен тұңғыш танысуымен дөп келеді. Бұл бір ақынға, асқақ тұлғаға жарасып келіскен романтикалық, ғажайып махаббат. Екі жағы да өртеніп, жанып, лаулап тұр. Сол күйлерді жазушы бірде Абай, бірде Тоғжан толғау, монологтары, тебіренісі, лебіздері арқылы жас ғұмырдың салтанат жыры етіп төгілтеді. Астарлар, тоғысулар, ұласулар Ләйлі-Мәжнүн, Қозы-Баян, Татьяна-Онегин болып жалғасады. ҚР ҰҒА академигі, профессор Рымғали Нұрғали «Түптеп келгенде, Тоғжан тазалығы, сұлулығы, пәктігі Абайдың әсемдік мұратының биік нысанасы секілденіп кетеді, ол қанша ұсынса қолы жетпес алып тұғыр, мәңгі тарқамас ұлы сағыныш, орны толмас арман секілді» деп, Абай мен Тоғжан арасындағы ілкі ізгіліктерді дөп басып айтады. Иә, Абай бозбала кезінде кім еді, қандай болды? Оқыған, көзі ашық, ойлы, албырт сезімде. Шығармада Бөжей мен Майбасардың дауы кезінде Құнанбайдың шаруасымен жүрген Абай Тоғжанды Сүйіндіктің отауында көреді. Бұл Абай мен Тоғжанның алғаш көрісуі болатын. «Қақтаған ақ күмістей жазық маңдайы, сәл жасаураған бота көздері, қарлығаштың қанатын еске түсіретін қиғаш қастары, ұшы үлбіреп тұрған екі бүйрек беті, шебер қолынан шыққандай жұмыр иегі, аққу мойыны мен қаз омырауы» Міне, Әуезовтың артық-кем демей, алқалыны алға тартуы бізге осындай суреттеумен келіп жетті. Расында да солай... Тоғжан атастырылып қойған. Тағдырдың жазғанынан қиғаш өткен адам бар ма? Осыдан соң махаббаттың машақатын Абай да көреді. Ақылға салып, буынға буады. Дәтіне қуат айтқан ақылгөй Абайдың ішіне сүлік болып жабысқан сол бір мұң «Айттым сәлем, Қаламқас» боп өріледі. Әнге айналып, әммеге тарайды... Айттым сәлем, Қаламқас, Саған құрбан мал мен бас, Сағынғаннан сені ойлап, Келер көзден ыстық жас. Сенен артық жан тумас, Туса туар артылмас, Бір өзіңнен басқаға, Ынтықтығым айтылмас... Жол екіге жарылғанда Абай мен Тоғжанның жүрегінде бір-біріне деген қимастық сезімнің болғаны айдан анық.«...Әкесінің бітіп болмайтын шаруаларымен жүргенде де ой төрінде үнемі Тоғжан тұрып алатын. «Арылмас, айықпас бұл не ауру» деп өзі де таң қалатын болды». Бұл «Абай жолы» романындағы біз діттеп отырған мәселеге анықтауыш ретінде қызмет ететін негізгі тұстар. Абай мен Тоғжанның мұңлы махаббаты... Тоғжан да Абайды құлай сүйді. Ұзатылар шағында ел ағаларынан рұқсат сұрай отырып, Абаймен қоштасу зарын шығарған екен. Бұл мұңға толы ән елдің аузында өткен ғасырдың елуінші жылдарына дейін айтылып келген. Бертінде ол жұрттың жадынан жоғала бастаған сыңайлы. Тек «Кертаудың ат байладым аршасына, сәлем де тобықтының баршасына» деген жолдар ғана көптің есінде қалған көрінеді. Әділжан Үмбет деген Қызылордалық азамат өзінің шағын мақаласында Тоғжанға қатысты біраз деректер келтіре кетеді. «Өткен ғасырдың 50-жылдарына дейін дария бойында Тоғжан есімді қарт ана өмір сүрген екен. Ол апамыз да сол Семей жұртының тумасы болғанға ұқсайды. Сырдың жігітіне ұзатылған. Осы жерде ұрпақ өсіріп, үлкен шаңырақтың түтінін түтеткен. Бір қызығы, ол апамыз өткен өмірі жайында ешкімге тіс жарып айта қоймаған екен. Қызылорда өңірінде өмір сүрген Тоғжан анамыз жүз жасқа жуық ғұмыр кешкен. Ғасырлық өмірінде ағайын-туыстың ардақтысына айнала білді. Ақ жаулықты әжеміз бір қауым елді ұйытып, көптің ақылман анасына айналған. Әрине, ғасырға жуық ғұмыр кешкен апамыздың жасы Абай данамызбен қатарлас. Яғни замандас болған. 40-жылдардың соңына таман қазақтың заңғар қаламгері Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» шығармасы жарыққа шыққаны белгілі. Сол эпопеяны Сыр бойындағы Тоғжан анамызға оқып берген екен. Өзінің туып-өскен жерінің адамдары жайлы жазылған кітап анамызды ерекше толқытқанға ұқсайды. Көз жасына ерік беріпті. Бәлкім, өткені еске түсті ме екен? Ол кезеңде Семей мен Сырдың арасы – біршама қашық жер. Қазіргідей жүйткіп жатқан техника жоқ. Тоғжан анамыз сонда қалған туған-туысқанды ойға алған болар?» Егер расында да солай болса, ғадауаттың бұғауынан өткен ғаламат сезім осы Абай мен Тоғжанда ғана болса керек. Абай қырық бесінші қара сөзінде айтады:«Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет сезім». Ең бірінші жалғыз Аллаға деген махаббат болса, кейінгісі жауһар жырлы жер әлем махаббаты.
Еркежан Абайдың бір анадан туған інісі  Оспанның келіншегі. Абай жолын толық оқып шығып па едіңіз?
0 дауыс
«Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар!» деп, ұран салған дананың ойы расында да адамның ең бірінші кезекте боларлық рухани дүниелерін керек етеді. Болыс болған Абайел билеу ісінен жеріп, басқа да тұрмыстық дүниелер қолдың кірі екенін айтады. Міне, осыдан-ақ Абайдың қаншалықты сыршыл лирик екені анықталады. Біздер таныған Абай әлі де толықтай өз сырын ашқан жоқ, сондықтан Абай дүниетанымы әлі де жұмбақ. Сонысымен де қызық... Шығармада Сүйіндік үйінде Ерболмен кездесер кезде Абайды қолқалап, аттан түсіріп алған Тоғжанның өзі болатын. Сонда Асылбектің отауында үш тәулік бойы жарасымды басқасулар, махаббаттасқандардың мейірімі мол жүз көрісулері болған да дәл осы кез болатын. Дәл осы кезде Абай үлкен шабыт шыңында жүріп махаббат лирикасына қалам сілтегені күмәнсіз, мейлі ол қаншалықты көркем шығарма болсын! Кең даланы шашасына шаң жұқтырмай кезген Абай тәмсілі, ойы, ыстық сезімі, асқақ арманы, ауан-пейілі ақыл тұсауына бұғалып, жазылған жазмыштан озмыш жоқты жан пидалықпен қарсы алады. Тоғжанның әлдеқашан-ақ атастырылып, өзгенің етегін ұстауына жасын лапыл махаббаты көмпіс қалыпта қалса да, адамдық, гуманизм арнасынан асып, шаужаңдай толқымайды. Бақытсыздықты байыппен бақұл етіп, жандайшап көңілді сап-сап басады. Ия, баса алды. Дананың даралығы да осы, қазірде әркімде бір табыла бермейтін көркем мінездің асқан шыңы, асқақ көрінісі! «Сүйдім-күйдім», «болдым-толдым» деген ғашықтықтың жалған дақпырты тараған кейінгі қоғамда Абайдың өмірі, сөз жоқ, символикалық үлгі. Дүниені Абай көзімен көріп, Абай болып сөйлеу бір басқа да, «ұқсап бағу» бір басқа екенін сіз бен біз ұғып-ақ отырмыз. Міне сізге, шын мәніндегі Абай махаббаты...
0 дауыс
Абай Тоғжанды кездестіргенде Тоғжан атастырылып қойылған-тын, Сіз қандай құдалықты айтасыз?
0 дауыс
Абай мен Тоғжан құдаласпаған, бірақ, бірін-бірі шын сүйген. Оларды Абай мен Тоғжанның ортақ досы Ербол таныстырған. Тоғжан басқаға тұрмысқа шығып кеткен кезде Абай қатты қиналады. Содан көп өткеннен кейін Абай бір кеште Тоғжаннан айнымайтын Шүкіман атты қызды жолықтырып, соған құда түседі, өзі еркелетіп оны Айкерім деп атайды. Жалпы Абайдың үш әйелі болған.
...