0 дауыс
5.4k көрілді
Қарындасымнын тойына бір шағын тост сойлеу керек еді қандай тост айтсам болады?
Үйлену тойы ма екен?
иа соган шағын тілек айту керек еді!!!

2 жауап

0 дауыс
«Жолаушы мұраты - жету, қыз мұраты – кету» екенін ұғынғанымызбен, бауыр етінен жұлып алып қызды өзге жұртқа аттандыру кімге болса да оңай емесін бәріміз білеміз. Алайда, барған жерінде тастай батып, судай сіңіп жатса – абыройымыздың асқақтағаны сол емес пе! Аяулы қарындасым, ақылды бол, жарыңды, ата-енеңді сыйла! Ғұмырыңның жарқын шақтары мен бақытты сәттері мол болғай. Өмір сені тек жақсылықтар мен қуаныштарға жетелесін. Ибалы келін атанып, сол үйдің алтын босағасында аман-есен жүре бер. Болашақтың ақ таңдарын бақытпен қарсы алып, барлық ізгі армандарың орындала берсін. Өмір жолында серіктерің сәттілік, жолдастарың жақсылық болсын. «Бақыт деген досыңның – қабағында, жарыңның –жанарыңда» дейді. Екеуің өмірлік дос болып өтіңдер. Жүздеріңнен шаттық пен күлкі кетпесін! Көл бетіне өрнек салған аққудай бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле беріңдер!
Бұл әжелер үлкен кіслер айтатын тос емеспа мынан айтып тұрса 1 сағат кетеді
Сонда ағасы қарындасына бақытты бол деп қысқа қайырып қоя салады ма? Аға деген қарындасқа ақыл айтатын қымбат адам емес пе? Сонымен қатар мен бұл сөздің барлығын айт демеймін, ішінен саралап, өзіне ұнағанын айтады ғой.
0 дауыс
Ағамның тойына тілек айту керек еді кандай тілек айтуға болады!?
...