«Жолаушы мұраты - жету, қыз мұраты – кету» екенін ұғынғанымызбен, бауыр етінен жұлып алып қызды өзге жұртқа аттандыру кімге болса да оңай емесін бәріміз білеміз. Алайда, барған жерінде тастай батып, судай сіңіп жатса – абыройымыздың асқақтағаны сол емес пе! Аяулы қарындасым, ақылды бол, жарыңды, ата-енеңді сыйла! Ғұмырыңның жарқын шақтары мен бақытты сәттері мол болғай. Өмір сені тек жақсылықтар мен қуаныштарға жетелесін. Ибалы келін атанып, сол үйдің алтын босағасында аман-есен жүре бер. Болашақтың ақ таңдарын бақытпен қарсы алып, барлық ізгі армандарың орындала берсін. Өмір жолында серіктерің сәттілік, жолдастарың жақсылық болсын. «Бақыт деген досыңның – қабағында, жарыңның –жанарыңда» дейді. Екеуің өмірлік дос болып өтіңдер. Жүздеріңнен шаттық пен күлкі кетпесін! Көл бетіне өрнек салған аққудай бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле беріңдер!