+1 дауыс
3.4k көрілді
-"Қолы ашықтықтың , жолы ашық дейді әжем- алған қолдан берген қол жақсы, сұраған нәрсені берген дұрыс , егер сенде бар болса. Жоқ деген сөз жоқтық шақырады." Осы сөздерді бала кезден құлағыма құйып келеді. Группаластар қарыз ақша сұраса , жоқ деп айта алмай бере саламын. Мына күні қайтарам деп сағызша созады. Сосын қашан қайтуы белгісіз ақшаны күтіп жүруге тура келеді. Қолыммен беріп, аяғыммен жүгірем . Немесе басқа бір зат сұрайды, өзіме керек болып тұрса да , ренжіп қалмасын деп тағы да жоқ деп айта алмаймын. Қалай ойлайсыз , осы бір нарық заманында дархан көңіл атымтай жомарт болған дұрыс па, бар болса да жоқ деп сарт етіп айтқан дұрыс па? Жоқ деп айтуды қалай үйренсем болады?

12 жауап

+1 дауыс
Менің ойымша, "жоқ" деп байығаннан, әркімге қолдан келгенше көмектесіп сауап алып, өзімшіл, ашкөздіктен аулақ болғанға не жетсін. Сіз қарыз беру арқылы көп сауап аласыз. Ол кісінің қарызды қайтармай жүруінің бір себебі болу керек, түсіністік таныптып артын күтіңіз.
+1 дауыс
Жоқ деуді үйренбегенің жөн.Бар болып тұрса, сенде артық болса сұраған адамға сұрағанын бер. Өзінен қайтпасада Құдайдан қайтады, еш қорықпа.
Әрине, міндеттің түрде Құдайдан қайтады, осы өмірде қайтпаса да, ана өмірде.
+1 дауыс
Сөйтіп құдайдан қайтады деп қолыңдағының бәрін беріп қойып,өзің жалаң аяқ қалуға да болмайды.Лажы болса,өзіне керек болған нәрсені өзімеде керек деп айту керек.Бере алмаймын,түсін де,не болмаса, жоспарлағаным бар еді соған жұмсаймын,басқа адамнан сұра,ренжіме деп қайтарған дұрыс.Үнемі сұрағанға бере берсең,жаман үйренеді.))
0 дауыс
"Жоқ" дей аласыз ба? Психологтардың айтуынша, қыздардың жігіттермен қарым-қатынасындағы басты қателіктерінің бірі - "жоқ" дей алмау. Немесе жоғының "иә" деп тұспалдап тұрғандай болып көрінуі. Керек кезде "жоқ" айтып үйренейік.  Әдетте жігіттер осыны әзілге айналдырып, қыздардың жоқ, иә дегеніне назар аудармайды да. Біздің жоқты иәмен теңеп, армандап кететіндері де бар. Мүмкін шынымен кінәміз өзімізден болар? Дұрыс бас тартуды білмейтін шығармыз? Иә, қыздар үш әріптен тұратын оңай сөздің орнына ондаған сылтаулар тауып, "мүмкін, болашақта" сынды уәделер беруге құмар. Бұның себебі түрлі болуы мүмкін. Мысалға, өзіңізге деген сенімділіктің төмен болуы. "Бәріне "жоқ" дей берсем, кейін "иә" дейтін ешкімім де қалмайды ғой" деп ойлап, достарыңызға көмектен не онша ұнамайтын жігітпен кездесуден бас тартпайсыз. Ал сіз жайлы сонда кім ойлайды? Тәрбие. Біреу көмек сұраса, бас тартпай барыңды бер деп тәрбиелендік емес пе? Бірақ бәрінің шегі болады. Өзіңіздің уақытыңызды, күшіңізді, ақшаңызды біреуге беремін деп, өзіңіз көмекке мұқтаж болып қалмаңыз. Жалғыз қалу қорқынышы. Жалғыз қалғанша, ұнамаған жігітпен кездескен дұрыс па? Не достарыңыздың бітпейтін отырыстар өзіңізбен оңаша қалғаннан пайдалырақ па? Жақсы адамды өкпелетіп алмау. Бұл сірә, "жоқ" демеудің ең басты себебі болар. Қасыңдағы досыңызды не құрбыңызды, бір сөзбен айтқанда жақсы адамды жоғыңызбен өкпелеткенше, сұрағанын істеп берген артық деп ойлайсыз ба? Алайда бұл көмекті аяушылықтан істегеніңізді сезінсе, бұл оған әлдеқайда көп реніш әкеледі. Иә, не болса да, "жоқ" "иә" сөзіне қарағанда сүйкімсіз, жағымсыз естіледі. Алайда дұрыс кезде айтылған "жоқ" уақытыңызды, ақшаңызды үнемдеп, қарым-қатынасыңызды сақтап қала алады. Сондай-ақ талай белестерге жету үшін де "жоқ" айта білу керек. Дайындаған: Сания Аринова
+2 дауыс
Әрине Дос қарызға алған ақшасын қайтарады ғО. себебін айтып жүрсе болды ғо . жоқ  деп қерек емес досқа . Өзіңе керек болып тұрғанын айтсан  Дос түсінуі тиіс!!!
+1 дауыс
Адамдар жоқ деп айтпауды үйрене алмай жүргенде.. Жоқ деп айта алмай бұл сенің бойыңдағы жақсы қасиетін. Сен бұл қасиетіңмен байып кетпесең, кедей болмайсың.
0 дауыс
"Аузы күйгер үрлеп ішеді" деген, бір күні біреу көп мөлшерде қарызға алып өзі жоқ болып кеткенде барып жоқ деп айтуды үйрнетін шығарсын. "Байығын келсе жоқ деп айтып үйрен" мен емес бұны шығарған)) Жоқ деп айтатын уақытта болады беру керек кезде беру керек сұраған затты, барлығына бірдей жоқ дей бергенді кім жақтырсын. Өмірдің өзі үйретеді қай кезде иә қай кезде жоқ деу керектігін.
+1 дауыс
оны айтудың не керегі бар  оның сауабы  озинизге тиеді
+1 дауыс
қолындағы барын беру - жақсы қасиеттердің бірі деп есептеймін, себебі пайғамбарымыз (с.а.с.) солай істеген ғой, сіздің де Алланың сүйікті құлдарының бірі болуыңызды қалар едім..
+1 дауыс
"Таспен атқанды аспен ат" дейді ғой атам қазақ. Бұл істегендерің өте дұрыс. Ол достарыңнан қайтпаса Құдайдан қайтада түбінде. Әжеңнің айтқан ақылы өте дұрыс.
+1 дауыс
Жоқ жоқ дей берсең періште әумин дейді екен. Сен достарыңа өзіңе керек екенін бере алмайтыныңды айт....
+1 дауыс
Мына заманда жоқ деген жауаптың пайдасы көбiрек. Өзiңе адал өзiм деген достарыңа ғана ия деп қолыңнан келгенше көмектес. Әйтпесе таныстарыңның барлығына бере берсең жоқ болып кететiндер көп. Өзiмнiң де басымнан өттi: Досым қарызға 50ед бере тұршы дегендерден бастап т.б Бiреуге қарызға 200ед берiп едiм мiне қазiр 5ай болды әлi қайтарған жоқ. Осыдан-ақ түсiне бер. Былай есептесең 200теңгеде ақша. Сондықтан пайдасы тиетiн адамдарға ғана көмектескен дұрыс.
...