+1 дауыс
7.6k көрілді
Дүние жүзі бойынша ең ұзақ жасаған адам кім? Қай қала? Қай жер?
Негізі Жанжүректін айтқан жауабы дұрыс еді...

8 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
менің үлкен атам.Ол 105 те .Бұйырса әлі ұзақ өмір сүрсін атам
Инш-Аллах, көп жасасын!
ракмет, айткааныныз келсин
+2 дауыс
Жер бетіндегі алғашқы адамдар шығар.Кейбір адамдар және пайғамбарлар 1000 жыл тіпті бұданда көп өмір сүрген.Мен бұны бір кітаптан оқығанмын
Жауабыңызға рахмет көп көп!
+2 дауыс

Ең ұзақ өмір сүрген әйел 132 жасында көз жұмды

Әлемнің ең кәрі тұрғыны саналып келген Грузияның жергілікті Сачино елді-мекенінде тұратын Антиса Хвичава дүниеден озды. Үш ай бұрын ол 132 жасқа толған болатын.

Айта кететін болсақ, Антиса 1880 жылдың 8 шілдесінде II Александрдың билік құрып тұрған тұсында дүниеге келген екен. Одан бергісі төңкеріс, екі дүниежүзілік соғыс, Кеңес одағының ыдырауын өз көзімен көрген жан иесі өмірінің соңғы күніне дейін ес пен айтар ақылынан алжаспапты. Тіпті, дүниеден озарынан бірнеше күн бұрын неменелеріне компьютер үйретіңдер деп қолқа салыпты.

Ағайын-туыстың айтуы бойынша, еңбекқор әйел 1965 жылға дейін ауыл шаруашылығында еңбек атқарған. Сексен жастың сеңгіріне келгенде зейнетке шығыпты.

Және грузиялық зейнеткер Гиннестің рекордтар кітабына енген егде жаста бала туған әйел болып та саналады. Алдыңғы екі баласынын өлімінен соң алпыс жасында дүниеге бала әкелген. Қазіргі таңда ең ұзақ жасаушы әйелдің ұлы 73 жаста. Сонымен қоса грузиялық кемпірдің артында 10 немере, 12 шөбере мен 6 немене қалыпты.

 

+1 дауыс
Ең ұзақ жасаған адам яғни Адам ата 1000 жыл

Ең аз өмір сүрген пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с) - 63 жыл
+1 дауыс

Қарияның қолындағы бар құжаттарды дерек ретінде алатын болсақ, Мураси 179 жаста. 1835 жылы 6 маусымда туған Үндістан азаматы 1957 жылы аяқ киім өндірісіне араласқан.

Өзінің сөзіне жүгінсек, 122 жасында сол қызметінен отставкаға кеткен.

"Әзірейл мені ұмытып кеткен шығар деп ойлаймын. Ұзақ жасағаным сондай, немеремнің немересінің өлімін көрдім. 150 жасқа жеткен ешкім жоқ. Өлімсіз шығармын мен?!" деген Мурасидің денсаулығында кінәрат болмаған деседі.

Оның ең соңғы дәрігерінің өзі 1971 жылы қайтыс болыпты. Осылайша Үндістандық азамат әлемдегі ең кәрі адам ретінде Гиннестің рекордттар кітабынан орын алды.
 

+1 дауыс
Әлемдегі ең үлкен қария 179 жаста

Үндістанның солтүстігіндегі Варанаси қаласының тұрғыны Махашта Мураси «Тарихтағы жасы ең үлкен адам» ретінде Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді. Бұл туралы «Worldnewsdailyreport.com» интернет-порталы хабарлап отыр.

Махашта Мураси 1835 жылдың маусым айында дүниеге келген. Яғни бүгінде ол 179 жасты алқымдап қалды.

Әлем назарын аударған қария өз сұхбатында: «Мен осыншама көп жасап келемін, тіпті, шөберемнің де өлгенін көрдім», - дейді.   

Махашта Мураси 1903 жылдан 1957 жылға дейін Варанаси қаласында етікші болып жұмыс жасайды. Ол етік жөндеп жүрген кезде 122 жаста болған екен.

«Қандай да бір себептермен өлім мені ұмытып кеткен сияқты. Статистикаға назар аударыңыздаршы. 170-ті айтпағанның өзінде, ешкім әлі 150 жасқа жетіп көрген емес. Соған қарағанда мен ажалсыз адам шығармын», - дейді ол.
+2 дауыс
Дүние жаратылганнан бері ең ұзақ жасаған Адам ата көбірек білгініз келсе Киелі Кітап оқыныз( Таурат)
0 дауыс
256 жыл омир сурген кытайлык есими ли
...