+2 дауыс
126k көрілді
Күн мен ай туралы ертегі, аңыз керек болып тұр?

18 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Ай мен күн Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен бірі асқан сұлумын деп, бірімен бірі үнемі ұрысып, жиі жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп: - Сеннен мен сұлумын! – дейді. Ал Айсұлу болса: - Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! – деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының дағы Айсұлудың бетіне өшпестей болып тиеді. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал, бейбастықпен қатты ұятқа қалған Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбей, бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен.
+1 дауыс
Ертеде күн мен ай бір-бірін қатты сүйіпті.Екеуінен туған жұлдыздар олардың балалары болыпты.Олардың бақытын көре алмаған жын-перілер олардың сыртынан өсек айтып, екеуін айырылстырып жіберіпті.Сол күннен бастап ай шұбырған балаларын ертіп күннің сонынан жүреді екен.Бірақ күн оған қарамай кетіп қалады.Сөйтіп үміт оты сөнген ай батып кетеді де, қайттан уміті оянып толады екен.Осы күнге дейін ай шықса күн батып, күн шықса ай батып кетеді екен.
+1 дауыс
Аңыздардың бірінің сөйлеуінше, күн мен ай — сұлулығы бір-бірі­мен таласқан екі қыз екен. Десек де, Ай күннен көріктірек болса керек, онысын қызғанған күн бауырының бетін тырнап алады. Ай бетіндегі тыртық дақ содан қалған деседі.
+2 дауыс
Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.

— Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.

Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.

Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі.

Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай әрі іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты.

0 дауыс
Ту бір шығармайтының жоқ,маған табиғат туралы керек еді. Плиз тауып беріңіздерші
0 дауыс
Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен-бірі асқан сұлумын деп бірімен-бірі үнемі

ұрысысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп:

– Сенен мен сұлумын! - дейді. Ал Айсұлу болса:

– Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! - деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының ізі Айсұлудың бетінде өшпестей болып қалады. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал бейбастақтығынан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбейді.
0 дауыс
Ай мен Күн өмір сүріпті. Олар ешқашан өздерін жəне біруелерді жамандаған емес.
0 дауыс
ЕРТЕДЕ ҒАЛАМШАР ДЕГЕН АТАЙ БОЛЫПТЫ .ОЛ АТАЙДЫН КҮН ДЕГЕН ҚЫЗЫ АЙ ДЕГЕН БАЛАСЫ БОЛЫПТЫ.БІР КҮНІ ЕКЕУІ АСПАНДА СЕРУЕНДЕП КЕТІПТІ.ОЛАР ӨЗДЕРІНІҢ (САТУРН,МАРС,УРАН,ЮПИТЕР,Т.Б)ДОСТАРЫМЕН ОЙНАП КЕТІП ҚАЛАДЫ .СОЛ АРАДА АЙ МЕН КҮН БІР БІРІН. ЖОҒАЛТЫП АЛАДЫ.МІНЕ ОСЫДАН БЕРІ БІР БІРІН ТАППАЙ ӘЛІ ІЗДЕП ЖҮР ДЕЙДІ.
0 дауыс

Күн мен түн айырылмас дос болған Бірақ бір күні күн айға мен әдемі мінбе деді бірақ ай жоқ деді мен ол әдемі .Күн оған жынданып ай тырнап жібереді . Күн кетіп қалады . Ай оны іздейді кешіім сұрау үшін біақ екеуі бір бірін тапайды

baribar

0 дауыс
ЕРТЕДЕ АЙ МЕН КҮН ДОС БОЛЫПТЫ .ОЛАР БІР КҮНІ СЕН ЖЫНДЫСЫҢ ДЕП ҰРЫСЫПТЫ Содан КЕЙІН БІРІН БІРІ КӨРГІСІ КЕЛМЕПТІ СОЛ
0 дауыс
Бүр күні ай мен күн болыпты одан кейін жоқ бопты.
0 дауыс
Күн мен Ай аңызда егіз туған ғажайып сұлу қыздар екен.Әсіресе,Ай сұлуырақ болғандықтан,Күн қызғанып,оның бетін тырнап алса керек.Ай Күннен шалғайда жүргенде,Күнді ерегістіріп,толық Ай түрінде анық көрінсе,Күнге жақындағанда,тағы тырнап ала мма деп бетін бүркеп жасыралы
0 дауыс
Маған ай мен күн керек болып тұр еді екі адам диалог құрып келіндер деді апай пжжжж көмектесіндерші
0 дауыс
Жер ананың сұлу қыздары.Ертеде Жер ана дүниеге екі сәби әкеледі.Екеуі туылғанда Жер ана біреуіне Ай , екіншісіне Күн деген есімдерді береді.Жер Күн мен Айды мәпелеп ,алтын бесікте бірдей тербетіп өсіреді.Осылайша екі ару өсе береді.Сұлулар өскен сайын бір-біріне сүйіспеншілік емес, жек көрініш пайда болады.Күн де Ай да әркез айнаға қарап әдеміліктерін тамашалаумен болатын.Ия дәл солай, олардың жек көрінішін пайда болғызған міне осы сұлулықтарында еді.Екеуінде де әрқашан кім сұлу?-деген сауал туындайтын.Ай ару Күннің жарқылын жек көретін.Онымен бүкіл әлем жарқырап, тіпті Ай да жарқылдайтын.Екеуі тіл табыса алмайтынын түсінген Ай анасы Жерге барып
-Анашым мен Күнмен бірге тұра алмаймын, екеуімізді екі жаққа бөліп тастауыңызды өтінемін –дегенде
Жер ана қатты ашуланады.Айға рұқсатын бермейді,сонымен қатар екеуіне Жер ана іштей қайғырып, жас қыздарының болашағына алаңдайды. Ең қорқыныштысы сұлу қыздарының бір-бірінен ажырап кетуі еді.Ай Күнге барып
-Екеуіміз екі бөлек жандармыз.Мұны анамыз Жерге түсіндіру керек екеуіміз ешқашан тіл табыса алмаймыз-дегенде Күн де қалыспай:
-Демек мен саған қарағанда сұлу екенімді мойындап , менен бөлініп кетпексің ғой –дейді.
Бойын ашу ыза кернеген Ай Күнге барып ерегіседі.Ерегісіп жатқанда ашуланған Күн Айдың әдемі бетін тырнап тастайды. Ай арудың беті қатты теңбілденіп қалады.Оны көрген Ай қатты қайғыға батып, көз жасы көл болады.Сұлулығынан айырылған Ай Жер ананың рұқсатымсыз алысқа кетіп қалады
Күн Айдан кешірім сұрау үшін оны қанша іздесе де таппайды. Ал Ай болса түрінен ұялып Күннен қашып жүреді.Апалы сіңлі қанша тырысса да бірге бола алмайды.Енді мүлдем кеш еді.Сол сәттен бастап екеуі бір-бірін ешқашан көрмепті.Күн ұйқыға кеткенде Ай шығып, Ай ұйқыға кеткенде Күн шығыпты. Біз де туған бауырларымызға қамқор болмасақ, кейін арамыз бөлініп кетуі мүмкін.
0 дауыс
Ертеде ағалы-інілі Ай мен Күн өмір сүріпті.Олар өсіп,əкесі Аспан біреуін таққа отырғызу керек еді.Сосын оларды əкесі  жорыққа жіберді.Күн таққа отырғызы келеді де Айға тұзақ құрады.Күн Айды алдап бір жерге қамап кетеді де,өзін өзі жаралайды.Сонда күн əкесіне барып"Ай мені өлтірмекші болды,мен құтылып сізге келдім",-дейді.
Əкесі Айға ашуланып таққа ағасы Күнді мұрагер қылады.Келесі күні қамаудан құтқарылған Ай əкесіне барады.Əкесі Айға сенбей қуып шығады.Арада жылдар өтіп Күн хан болып,елдің көзіне көрініп жүреді екен.Ал Ай ұялып бəрі ұйықтап жатқанда елді көруге келіп тұрады екен.
...