+4 дауыс
9.9k көрілді
Мешіттердің күмбезіне неге ай белгісін қондырып қояды? Неге жұлдыз немесе күн емес? Мұның бір тарихы болса керек . Қай кезден бастап ай белгісі қойыла бастаған мешіттерге?

3 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап

Ақпарат уикипедиядан алынды.

Ғибадатхана - (араб. ғибадат-жалбарыну, сиыну) - Құдайға құлшылық ететін, діни рәсімдер мен парыздар атқарылатын ғимараттардың жалпы атауы. Исламда - мешіт, христиандінінде-шіркеу, собор,монастырь, костель, кирха; иуда дінінде - синагога; ал будда дінінде ортақ атау жоқ, әр елде әр түрлі аталады (мыс., Жапонияда тэра, Шри-Ланкада вихара, Моңғолияда хурэ, т.б.). Ғибадатханалар, негізінен, іргелі, еңселі, биік мұнаралы, көп күмбезде бірнеше текшелі күрделі ғимарат болып келеді. Ғимараттың ішінде михраб, мінбар, алтарь секілді Құдайға мінажат ететін арнайы орындар болады. Ғибадатхана іші хүснихаттармен, періштелер мен әулиелердің бейнелерімен, ою-өрнектер мен әсем жазулармен безендіріледі. Ғибадатханалар архитектурасы адамның Құдайға құлшылық етіп, онымен байланысқа түсетін орны ретінде әр дінде әр түрлі діни тұспалнышандармен,сондай-ақұлттықерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, мешіт күмбезінің ұшар басында міндетті түрде исламның белгісі - жарты ай бейнесі, ал шіркеуле - айқыш (крест) орнатылады. 

Ал мынау Діни сайттан алынды.

Мынаны оқыныз осыда толық жазылған.


Мешіттердің күмбезіне көз салсақ, құман мен Ай тұрғанын көреміз. Осы Ай қай кезден бастап және неліктен мұсылмандардың символы саналады? Қазбек ЖЕКСЕНҰЛЫ, Орал қаласы
Алла тағала Айды түнде нұр шашып, жарық беріп тұру үшін ғана емес, пенделерінің Айға қарап жыл санауы мен уақыт белгілерін аңғаруы үшін жаратқан. Бұл жайында Аллаһ елшісінің (с.а.с) бірнеше хадистері бар.
Ал енді Ислам рәмізі ретіндегі Ай белгісіне келер болсақ, ол Осман дәуірінен бастап жалпы рәміздік сипат алыпты. Тарихи деректерге үңілсек, 1453 жылы Султан Мухаммад Фатиһ Византияның жүрегі саналатын Константинополь қаласына, яғни қазіргі Ыстамбұлға шабуыл жасайды. Шешуші күресті бастар алдында аспанда Айдың көрінуін күткен екен. Содан Ай туған шақта бастаған шайқас жеңіспен аяқталып, Константинопольді алады. Ол кезде Осман дәуірі халифалықты әлі алмаған болатын. 1516 жылы Сұлтан Салим бірінші болып ислам өлкелеріне үкім етуді қолға алады да, мешіттердің күмбезі мен мұсылман елдерінің туларына Ай белгісін енгізуге жарлық шығарады. Бүгінде Алжир, Пәкістан, Малайзия, Сингапур, Тунис және Өзбекстан, сондай-ақ Түркия, Әзірбайжан, Түрікменстан сияқты 13 мемлекеттің туында әлі күнге Ай белгісі сақталып қалған.
 

+1 дауыс

Білмеймін, бірақ мусулмандар үшін ай белгісі қойылады, мусулман белгісі деген

+4 дауыс

Себебі, жаңа туған ай Ислам дінінің жаңа дін екенін білдіреді. Сондықтан жарты ай барлық мұсылмандарының ортақ символына айналды.

...