Күн мен ай туралы ертегі, аңыз керек болып тұр?

+2 дауыс
133k қаралым
Күн мен ай туралы ертегі, аңыз керек болып тұр?
• Санаты: Қазақ тілі | 133k қаралым

18 жауап

+2 дауыс
Жақсы жауап
Ай мен күн Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен бірі асқан сұлумын деп, бірімен бірі үнемі ұрысып, жиі жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп: - Сеннен мен сұлумын! – дейді. Ал Айсұлу болса: - Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! – деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының дағы Айсұлудың бетіне өшпестей болып тиеді. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал, бейбастықпен қатты ұятқа қалған Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбей, бірінен-бірі жасырынып, аулақтап жүреді екен.
+1 дауыс
Ертеде күн мен ай бір-бірін қатты сүйіпті.Екеуінен туған жұлдыздар олардың балалары болыпты.Олардың бақытын көре алмаған жын-перілер олардың сыртынан өсек айтып, екеуін айырылстырып жіберіпті.Сол күннен бастап ай шұбырған балаларын ертіп күннің сонынан жүреді екен.Бірақ күн оған қарамай кетіп қалады.Сөйтіп үміт оты сөнген ай батып кетеді де, қайттан уміті оянып толады екен.Осы күнге дейін ай шықса күн батып, күн шықса ай батып кетеді екен.
+1 дауыс
Аңыздардың бірінің сөйлеуінше, күн мен ай — сұлулығы бір-бірі­мен таласқан екі қыз екен. Десек де, Ай күннен көріктірек болса керек, онысын қызғанған күн бауырының бетін тырнап алады. Ай бетіндегі тыртық дақ содан қалған деседі.
+2 дауыс
Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.

— Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.

Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.

Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі.

Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай әрі іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты.


өңдеді
0 дауыс
Ту бір шығармайтының жоқ,маған табиғат туралы керек еді. Плиз тауып беріңіздерші
0 дауыс
Өткен заманда біреудің Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен-бірі асқан сұлумын деп бірімен-бірі үнемі

ұрысысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен. Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп:

– Сенен мен сұлумын! - дейді. Ал Айсұлу болса:

– Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын! - деп таласады. Ақыр аяғында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлу тырнағының ізі Айсұлудың бетінде өшпестей болып қалады. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана тысқа шығады екен. Ал бейбастақтығынан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу біріне-бірі көрінбейді.
0 дауыс
Ай мен Күн өмір сүріпті. Олар ешқашан өздерін жəне біруелерді жамандаған емес.
0 дауыс
ЕРТЕДЕ ҒАЛАМШАР ДЕГЕН АТАЙ БОЛЫПТЫ .ОЛ АТАЙДЫН КҮН ДЕГЕН ҚЫЗЫ АЙ ДЕГЕН БАЛАСЫ БОЛЫПТЫ.БІР КҮНІ ЕКЕУІ АСПАНДА СЕРУЕНДЕП КЕТІПТІ.ОЛАР ӨЗДЕРІНІҢ (САТУРН,МАРС,УРАН,ЮПИТЕР,Т.Б)ДОСТАРЫМЕН ОЙНАП КЕТІП ҚАЛАДЫ .СОЛ АРАДА АЙ МЕН КҮН БІР БІРІН. ЖОҒАЛТЫП АЛАДЫ.МІНЕ ОСЫДАН БЕРІ БІР БІРІН ТАППАЙ ӘЛІ ІЗДЕП ЖҮР ДЕЙДІ.
0 дауыс

Күн мен түн айырылмас дос болған Бірақ бір күні күн айға мен әдемі мінбе деді бірақ ай жоқ деді мен ол әдемі .Күн оған жынданып ай тырнап жібереді . Күн кетіп қалады . Ай оны іздейді кешіім сұрау үшін біақ екеуі бір бірін тапайды

baribar

0 дауыс
ЕРТЕДЕ АЙ МЕН КҮН ДОС БОЛЫПТЫ .ОЛАР БІР КҮНІ СЕН ЖЫНДЫСЫҢ ДЕП ҰРЫСЫПТЫ Содан КЕЙІН БІРІН БІРІ КӨРГІСІ КЕЛМЕПТІ СОЛ
0 дауыс
Бүр күні ай мен күн болыпты одан кейін жоқ бопты.
0 дауыс
Күн мен Ай аңызда егіз туған ғажайып сұлу қыздар екен.Әсіресе,Ай сұлуырақ болғандықтан,Күн қызғанып,оның бетін тырнап алса керек.Ай Күннен шалғайда жүргенде,Күнді ерегістіріп,толық Ай түрінде анық көрінсе,Күнге жақындағанда,тағы тырнап ала мма деп бетін бүркеп жасыралы
0 дауыс
Маған ай мен күн керек болып тұр еді екі адам диалог құрып келіндер деді апай пжжжж көмектесіндерші
0 дауыс
Жер ананың сұлу қыздары.Ертеде Жер ана дүниеге екі сәби әкеледі.Екеуі туылғанда Жер ана біреуіне Ай , екіншісіне Күн деген есімдерді береді.Жер Күн мен Айды мәпелеп ,алтын бесікте бірдей тербетіп өсіреді.Осылайша екі ару өсе береді.Сұлулар өскен сайын бір-біріне сүйіспеншілік емес, жек көрініш пайда болады.Күн де Ай да әркез айнаға қарап әдеміліктерін тамашалаумен болатын.Ия дәл солай, олардың жек көрінішін пайда болғызған міне осы сұлулықтарында еді.Екеуінде де әрқашан кім сұлу?-деген сауал туындайтын.Ай ару Күннің жарқылын жек көретін.Онымен бүкіл әлем жарқырап, тіпті Ай да жарқылдайтын.Екеуі тіл табыса алмайтынын түсінген Ай анасы Жерге барып
-Анашым мен Күнмен бірге тұра алмаймын, екеуімізді екі жаққа бөліп тастауыңызды өтінемін –дегенде
Жер ана қатты ашуланады.Айға рұқсатын бермейді,сонымен қатар екеуіне Жер ана іштей қайғырып, жас қыздарының болашағына алаңдайды. Ең қорқыныштысы сұлу қыздарының бір-бірінен ажырап кетуі еді.Ай Күнге барып
-Екеуіміз екі бөлек жандармыз.Мұны анамыз Жерге түсіндіру керек екеуіміз ешқашан тіл табыса алмаймыз-дегенде Күн де қалыспай:
-Демек мен саған қарағанда сұлу екенімді мойындап , менен бөлініп кетпексің ғой –дейді.
Бойын ашу ыза кернеген Ай Күнге барып ерегіседі.Ерегісіп жатқанда ашуланған Күн Айдың әдемі бетін тырнап тастайды. Ай арудың беті қатты теңбілденіп қалады.Оны көрген Ай қатты қайғыға батып, көз жасы көл болады.Сұлулығынан айырылған Ай Жер ананың рұқсатымсыз алысқа кетіп қалады
Күн Айдан кешірім сұрау үшін оны қанша іздесе де таппайды. Ал Ай болса түрінен ұялып Күннен қашып жүреді.Апалы сіңлі қанша тырысса да бірге бола алмайды.Енді мүлдем кеш еді.Сол сәттен бастап екеуі бір-бірін ешқашан көрмепті.Күн ұйқыға кеткенде Ай шығып, Ай ұйқыға кеткенде Күн шығыпты. Біз де туған бауырларымызға қамқор болмасақ, кейін арамыз бөлініп кетуі мүмкін.
0 дауыс
Ертеде ағалы-інілі Ай мен Күн өмір сүріпті.Олар өсіп,əкесі Аспан біреуін таққа отырғызу керек еді.Сосын оларды əкесі  жорыққа жіберді.Күн таққа отырғызы келеді де Айға тұзақ құрады.Күн Айды алдап бір жерге қамап кетеді де,өзін өзі жаралайды.Сонда күн əкесіне барып"Ай мені өлтірмекші болды,мен құтылып сізге келдім",-дейді.
Əкесі Айға ашуланып таққа ағасы Күнді мұрагер қылады.Келесі күні қамаудан құтқарылған Ай əкесіне барады.Əкесі Айға сенбей қуып шығады.Арада жылдар өтіп Күн хан болып,елдің көзіне көрініп жүреді екен.Ал Ай ұялып бəрі ұйықтап жатқанда елді көруге келіп тұрады екен.
0 дауыс
Ай мен Күн туралы ертегі.
Бұрыңғы заманда Ай мен Күн деген екі ағайынды болыпты. Екеуі де елін найзаларынығ ұшымен, білегінің күшімен қорғап жүрген батырлар болыпты. Екі ағайынды бір елді басқарып отырған ханның ұлдары болыпты.

Ай үйдің кенжесі болғандықтан ата-аналарының сүйікті баласы болады. Сол себептен де екі батырдың әкесі оларға өз хандығын бөліп беретін кезде, жердің көп бөлігін кіші ұлына береді екен. Алайда Айға бұл жердің көлемі жеткіліксіз болады. Әрдайым өз қалағанын алып үйренген Ай Күннің жерін өзіне тартып алуға шешім жасайды. Айдың жанындағы кеңесшілері оның шешімін қанша өзгерткілері келгенімен, Ай өз айтқанынан қайтпайды.

Солайша, ол өз ағасы Күнге қарсы шығып, оны шайқасқа шақырады. Екі тәулік бойы

шайқасқан Ай мен Күн қатты шаршайды.   Соңында Айға күтпеген Жерден Күн келіп бетін қылышпен ұрып жібереді. Сол уақыттан бастап Ай тек түн уақытында ғана шығып отыратын болды, әрі бетіндегі үлкен тыртықты тығу мақсатында жарты бетін ғана көрсететін болды. Ал Күн қалған тәулік уақытында шығады.
0 дауыс
Баяғыда Ай мен Күн дос болыпты.Олар жепді айналып, қоласпашақ ойнайды екен.Бір күні Күн шығатын уақытта Ай батпай кетеді.Екеуі қатты таласады.Сосын ұрысып қалады.Планеталар күндіз күлкіден,түнде ұйқыдан айырылалы.Ай мен Күн күндіз түні ұрысады екен.Сонда планеталар жоспарласып оларды татуластырғысы келеді.Ең алдымен Марс Күнге барып:                                     -„Сәлем Күн!Қалың қалай?”-,дейді.                         -„Жаман емеспін,Марс”-,дейді.            -Күн,Ай сенен кешірім сұрады,өзі келуге ұялдым деді.Саған көп ауыр сөз айтып қойдым деді.                                                  Күн жылап жіберді де былай деді:                                  -Менде Айдан кешірім с с сұраймын-деді.Содан соң Юпитер Айға келіп:        -Ай,білесіңбе ана жақта Күн жылап жүр,барып сұрасам:„ мен Айды ренжітіп алғаныма өкініп жатырмын"-деді. Сонда Ай сақсалақтап қалды.Екеуі бір-бірімен көрісіп,кешірім сұрады да қайтадан қоласпашақ ойнады.Мұны көрген планеталар қатты қуанып 2 күн азаннан-кешке дейін ұйықтады.
0 дауыс
Әрине, міне, күн мен Ай туралы бір аңыз:

Баяғыда, жер бетінде әлі бірде-бір адам болмаған кезде, күн мен ай жақын достар болған. Олар күндер мен түндерді бірге өткізді және ешқашан ажыраспады.

Бірде күн айға: "мен бәрінің маған қарағанын қалаймын, мен аспандағы ең жарқын және әдемі шам болғым келеді!"Ай келісіп:" бірақ мен көлеңкеде қалғым келмейді. Мен де жарқын және әдемі болғым келеді!"

Осылайша, күн мен Ай бір уақытта бірге бола алмайтындықтарын шешті. Олар өзгеруге келісті: күн шыққан кезде ай кетеді және керісінше.

Осылайша күндер мен түндер пайда болды, күн мен ай бірге аз уақыт өткізгеніне қарамастан дос болып қала берді. Бірақ олар өздерінің достығы мәңгілікке жалғасатынын және олардың әрқайсысы әлемді жарықтандыру және жарық беру үшін әрқашан аспанда болатынын білді.

Ұқсас сұрақтар

+4 дауыс
4 жауап
0 дауыс
4 жауап
127,939 сұрақ
322,825 жауап
153,169 пікір
72,938 қолданушы