+3 дауыс
1.4k көрілді
Махаббат ұлы сезім. Сол бір керемет сезімдер әлемінде "ия" деген жанды жадыратып, бақытқа бөлер жауаптармен қатар, "жоқ" деген жүректі ауыртып, еңсеңді езіп жіберетін жауаптар қатар жүреді. Осы жауапсыз махаббатқа тап болатын кімдер? Жауапсыз махаббат дегенді қалай түсінесіз?
Қызық сұрақ : )
Ол мысалыға, қыз баланы сүйедi, ал бала оны сүймейдi. Мен осылай түсiнемiн.
Белгісіз
Кінәні балаға ғана артып қоюға болмайды. Бес саусақ бірдей емес.

6 жауап

+2 дауыс

Айталық түпсіз терең тұңғиық қалаң тұманның арасыннан шығар жолды табу өте қиынға соғады. Көздері қанша ашық болғаныменен жарық сәулені көрмейтін адамдар бар. Шығар жерге жөн сілтеп тұрғаныменен олар өзім білемдікке салады. Көзі соқыр кей пенделер бар. Қақ алдындағы нәрселерді көрмегенімен түйсігіне сеніп, жүрегіне құлақ түреді. Осы алға бастаушы екі сезімі арқылы адаспай жол таба алады. Махаббатта дәл осындай. Кейбіреулер жүрегі мен түйсігінен бұрын қос жанарын тыңдайды. Көздері болса сұлулық пен әдемілікке байланып қалады. Бірақ, көздері адамның жүрегіне үңіле алмайды. Міне осыдан жауапсыз махаббат туындайды. Егерде Жүрекке сенер болсақ сезімдер адаспас еді. Демек, жауапсыз махаббат сезімдердің адасуы...

Керемет жауап! : )
+1 дауыс
Жауапсыз махаббатқа өз өмiрiнде кездесетiн титтей де болса мүмкiндiктен бастап дұрыс пайдалан бiлмейтiн, адамды толық тани бiлмейтiн, жауапсыз адамдар тап болады.
+2 дауыс
Жауапсыз махаббат - ол ішкі жан дүниендегі қайнап жатқан алаулы жалындаған сезім.Сол сезімді махаббатына жеткізе алмайсын.Іштей қиналасын.Қыз баламын ғой не дегенмен арым жібермеді .Ақыры махаббатым жауапсыз қалды ол кетті мен оның қайда екенің білмейм ..
+1 дауыс
Махаббаттың не екенін түсінбейтін, екінші адамның сезімімен санасқысы келмейтін, өзініке ғана дұрыс деп ойлайтын, өз сезімін ақылға бағындыры алмайтын, жауапсыз адамдар көбіне жауапсыз махабаттқа тап болдым деп байбалам салады дағы, сол екінші адамның сезімін сараламайды.
+1 дауыс
Жауапсыз махаббатқа тап болатындар - өмірде ғашық болып, сүйіп, жүрегін жартысын іздеп, шынайы сағынып көре алмағандар тап болады.
0 дауыс
ондай жагдайда болып кормеппин

Ұқсас сұрақтар

...