0 дауыс
13.1k көрілді
Үйімізде кішкентай бөпеміз бар. Жеңгемнің баласы. Мойны тез қату үшін мойын ет пісіріп же дейді әжем жеңгеме. Інілерім туылғанда да мамама осылай айтатын. Бірақ ешбір кітаптан кездестірмедім осындай ырымды. Соған қарағанда әжем өзі шығарып алған ау деп қоямын. Мойын ет сәбидің мойнын бекіте ме? Сіз не айтасыз?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Бұл кітаптарда жазылмығанымен қазақтың байырдан бері қалыптасқан және ұрпақтан-ұрпаққа таралып келе жатқан дәстүрі.

Сәби дүниеге келгенде, ауыл адамдары қуанып, ет асады. Сонан соң мойын етінің сүйегін сындырмай алып қояды. Бұл дегеніміз баланың мойынының берік болуы деп түсіндіріледі. Алда уақыт өтіп сүйек өздігінен сынып қалса, сәбидің мойыны бекіді деп жорамалдаған. Бұл әрбір қазақ отбасында жасалатын дәстүр.

Барлығын қарамен, яғни жирный қылудың қажеті жоқ!
+1 дауыс
Мойын етті білмедім,ал сәби дүниеге келгенде сойылған малдың мойын омыртқасын қазақ ешқашан шаппаған,сындырмаған.Оны жіппен байлап,сәбидің мойны қатқанша керегеге,немесе босағаға іліп қойған.
+1 дауыс
мойны қатады дейді, бірақ шын мәнінде бұл: (мысал үшін баланы бир лауазымға тағайындалған кезде басы көкке қарамасын, ал сол лауазымнан кеткен кезде басы төмен қарамасын, әрдайым бир қалыпта журсин деген ниетпен, батаменен мойын омыртқаны иледи екен
...