0 дауыс
1.8k көрілді

Көпшілікке Тука атымен танылып жүрген  Нұржан Төлендиевтің өмірбаяны керек еді, жалпы өзі қай жақтыкы?өнер жолына қалай келді?

2 жауап

0 дауыс

Шымкенттен болуы керек.

Актердің жолдастарының айтуынша Нұрекеңнің қаламақысы 5000 доллардың шамасында екен.

Кезінде елі шулатқан болатын. (сілтеме)

Сұхбатынан үзінділер:

"...- Үйіңізді құдды бір шетелдегі мұражайлардай етіп жасап қойыпсыз...

- Жасыратыны жоқ, қомақты қаржы кетті. Әрбір деталіне дейін ойластырғанмын. Байқасаңыз, кіре бергеннен-ақ әдемі табиғаттың, сарқырап аққан судың кескінін келтіргенмін. Төрт бөлмені де қанша жылдан бері өзімнің ойымда жүрген дизайн бойынша жасаттым. Өйткені, біз шығармашылық адамдарымыз ғой, көңіліміз сәл нәрседен көл, сәл нәрседен шөл бола салады. Ақнұр төртінші баламды дүниеге әкелгенде тосын сыйым болсын деп, жасаған түрім ғой. Ақнұрға да, бала-шағама да ұнады.

- Сіздей сері жігіттің бабын тауып отырған Ақнұр да мықты-ау сірә...

- Өз басым «қатынпаз» еркектердің қатарынан емеспін. Оның үстіне, біздің шымкенттіктерді білесіз ғой... Бірақ, «жақсының жақсылығын айт» деген де бар, айтайын. Ақнұр екеуміздің ә дегеннен-ақ төрт құбыламыз түгел болған жоқ. Жоқтықты да, аштықты да бірге көрдік. Жатақханада тұрдық. Сол кезде қандай болса, қазір де дәл солай. Оның ең басты қасиеті: «Қайда бара жатырсың? Қайдан келдің?» — деп сұрамайды. Жасыратыны жоқ, талай марқасқа жігіттің сорын қайнатып, ақырында шаңырағын шайқалтатын осы екі сөз ғой. Мүмкін, Ақнұрдың сабырлылығы намаздың да арқасы шығар деп ойлаймын. Үш жылдан бері қарай бес уақыт намазын үзген емес. Әке-шешем де намазда.Таңертеңгі намазды жамағат болып бастайды. Тәуба деймін!..."

"...- Алматыда көп боласыз. Мұнда үйіңіз бар ма? Отбасыңыз қайда тұрып жатыр?

- Жоқ, бала-шағам Шымкентте. Болашақта Алматыға қоныс аударсам деген ниетім бар..."

0 дауыс
Жалпы өзі Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданынан, өнер жолын сол түркістанда бастаған.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
Белгісіз 3.06.2015 Өнер сұрақ қойды
+2 дауыс
2 жауап
...