ешқандай ата-ана баласын жек көрмейді (иә,иә, осылай жазылу керек), адамдардың жақсы да, жаман да жағы болады, сен есейіп келесің, ойыңды әдемі, қызықты, пайдалы нәрселерге аудар, менің де туған күнім сирек аталып өтілетін, себебі ата-анамның өзінің отбасында туған күн аталып өтілмеген, олардың отбасында да өз кезегінде туған күндерін білмеген тіпті, сенің жұмысың сабақ, ойын, арасында үй жинап қолғабыс жасау (бұл өте пайдалы әдет, өскенде көп нәрсені оңай, жасай алатын боласың, және сенің дербестігіңе, пысықтығыңа басқалар қызығатын болады), ал ата-анаң жұмыс жасайды, табыс тауып, жылу жарықты, тамақты қалай алуды, балалар не киім киерін, кейін қандай оқу оқитынын ойлайды, олардың жұмысы әлдеқайда қиын, олар да кейде демалғысы келеді. туған күн, байқаусыз айтылған сөз деген әлі ештемеге дәлел емес, мама папаң сені қатты жақсы көреді!