0 дауыс
310 көрілді
Назгүл Қожабекова

Жұрт арасында мен журналистерді жек көреді, менсінбейді, журналистерге қарсы деген пікір қалыптасқан сияқты.

Жоқ. Мен журналист атаулыға қарсы емеспін.

Мен тек журналистер арасындағы топастық əрекеттерге қарсымын.

Мысалы, Қарағұсованың деловой завтрак дегенін шетелдік қонақтың біздің таңғы асымыздан дəм татып көру ниетіне айналдырып жіберетін топастыққа қарсымын.
Филармонияны жай ғана концерт залы деп ойлайтын топастыққа қарсымын.
Дəретханаға депутаттың жағасын ұстатқызып қоятын топастыққа қарсымын.
Ал журналист сауатсыз болды деген - мен үшін ол журналист емес деген сөз. Қалып етістіктерін бірінің орнына бірін қолдана беретін журналист - журналист емес. Өйткені, бір ғана отыр мен жатырдың өзінен ақпарат бұрмаланып кетуі мүмкін.

Дефис пен сызықшаны айыра алмау - не жазып отырғанын өзі түсінбеу деген сөз.
Айта берсең толып жатыр.

6-ау деп жазатын журналисті үшінші класқс апарып қайта оқыту керек.
Төрт түлік малдар, ақшалар, қаржылар деп жазатын журналист - профнепригоден.
Егер сіз мен өзіңізді жақтырмайды деп ойласаңыз - өзіңізді осындай топастығы бар адамдар қатарына жатқызғаныңыз.

Ондайыңыз жоқ па - мен сізге жау емеспін.

Жалпы, мен ешкіммен жауласып, ұстасып жүрген жоқпын. Тек, сол терінің пұшпағына жармасып жүрген соң, арғы шеті де дұрыс иленсін дегенім ғой... əйтпесе, бір сауатсыз журналист ұстаған шетінің жүні жидіп түсіп қалса, тері ештеңеге жарамай қалады ғой...

Ал адамның жеке басына тіпті жаулығым жоқ. Тіпті жақсы таныс қыздар біледі, бірге шай ішім отырып та "мынауың дұрыс емес топастық" деп айта салуым мүмкін.

Ал енді, сол пікірінің бəрін мəймөңкелемей, дүңк еткізіп төбеден түсіріп айта салады десеңіз - иə, онда королевалық замашкаларым бар енді.

Сіз де айтыңыз маған. Дүңк еткізіп-ақ айтыңыз. Бірақ, одан сіз мені жек көреді деген қорытынды жасамаймын. Өйткені мен сіздің əкеңізді өлтірген жоқпын, мені жек көруіңізге себеп жоқ.
Сол сияқты, мен де ешкімді жек көрмеймін. Тек, кəсібилігіне күмəн келтіремін.
Мен сауатты оқырманмын. Менен де сауаттылар бар. Біздің журналистер тым болмаса менің орташа деңгейдегі сауаттылығыма лайықтап жазса деймін...

Əйтпесе, кейбір журналистер үш кластық білімі бар Əшөнге арнап жазатын сияқты...
Мен болдым.

Назгүл Қожабекованың ойымен келісесіз ба?

1 жауап

0 дауыс
Бұл жерде тек қана сауатсыздықты айтып отыр (әрине дұрыс), сондай-ақ, нақты расталмаған ақпараттар таратын журналистерді, пиар қуып кетіп тырнақтың астынан кір іздейтін журналистерді жек көремін
...