+1 дауыс
3.8k көрілді

Домен деген не? Хостинг деген не? Ақылы сайт ашу үшін маған не керек? Қай сайт домен, хостингті арзанға сатады? және ол сенімді ме? Мен қалай кошелек жасай аламын, біреу ақшамды алып алмайма?  Ренжімесеңіз ашып-ашып айтып берсеніңіз. (Кейбіреуіңіз айтарсыздар: Хостинг, домен білмеген адам қалай сайт ашады деп. Ucoz, ана-мына сайттан баста дерсіздер, бірақ html мен жұмыс жасай алам, тек қана сайтқа тіркеуді білмей жүрмін).  Бұл маған ғана емес барлығына керек шығар деп ойлаймын, Түсінбегенді осылай сұрау керек шығар иә?     Ерінбей жауап беріңіздерші 

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Ассалаумалейкум уа рахматуллахи уа баракатух Мұнарбек мырза!!! Менің бұл сайтқа біршама уақыттан бері кірмей, қазір қонақ ретінде кірген едім сұрағыңғызға кішігірім болса да жауап жазайын.

Домен - бұл сіздің жаһандық желіде тіркелген хосттың атауы (мысалы google.kz szh.kz секілді). Егер де толығырақ келетін болсақ, домендік сервердер арқылы сіздің сайтыңызды таба алады. Ең басты қызметі IP-адрестерді түсінікті тілге аударады, яғни жазбаша түрге.

Хостинг - жаһандық желіде статикалық IP-адрестері бар, интернет сайттарына өз жадынан орын бөліп беретін физикалық аппарат, яғни сервер.

Енді сізге сайт ашу қажет болса, істелуге қажетті қадамдар:

Біріншіден сізге домен тіркеушілері арқылы сайттыңызға атау қарастыру керексіз: мысалы hoster.kz, осы тіркеуші арқылы сайт атауын тіркеңіз.

Екіншіден тіркелген сайт атауын, интернет қолданушылары табу, қолдану үшін. Сіздің сайтыңыз вэб серверде орналасуы қажет. Енді сіздің мүмкіншілігіңізге байланысты хостинг провайдерлерінің көмегі қажет болады. Мысалы ps.kz, megahosting.kz. Хостинг провайдерлері сіздің қаражатыңызға байланысты өзіндік тарифтеді бар(ps тарифтерді көрсетілген сайттан іздеңіз). Егер сайтыңыз дайын болса, яғни файлдарыңызды осы хостинг провайдердің серверіне жүктеп болғаннан соң, сайтыңыз іске қосылды.

Ізгі жауаппен ака Navigator


 

Көп-көп рахмет Navigator ака , білмей жатсақ тағы хабарласам
+2 дауыс

мына  жерден көрші егер қанағаттансан

Ой рахмет баурым, бар екен ғой
+1 дауыс

Домен деген ол сайттың аяқталған сөзі.Мысалы,kz,ru,org,net сияқты.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
+1 дауыс
4 жауап
...