0 дауыс
1.5k көрілді

Косметиканың зияны туралы қазақша слайдтар тауып немесе жасап бере аласыздарма? Видио болсада болат косметиканың турлери коп кой татуажж макияж сиякты соларға  болсадаа, және тәжірбие жүзінде далелдеп зиян екенін қалай көрсетуге болады?сабакта тусиндируим керек етт отнемм комектесниздершии ен болмаганда видио казакша болмасада

1 жауап

0 дауыс

Сіздің сымбатты болуыңызға косметика құрамындағы қандай заттар бөгет жасайды? Олардың қайсысы тері мен шаш үшін зиян болады? 

Сульфаттар "Сульфат" атты заттар көбінесе теріні тазалауыш құралдарда көп болады. Сульфат арқасында бет жуатын гель қатты көбіктенеді. Косметолог мамандар бұрыннан бері сульфатты қатты аллерген деп біледі. Косметикалық өндірісте жиі қолданатын сульфаттар: натрийдің лаурил сульфаты мен натрийдің лаурет сульфаты. 

Натрийдің лаурил сульфаты (Sodium Laurel Sulphate) – тері және дем алу жолдары арқылы ағзаға канцерогенді заттар ретінде түсе алады. Кейін ол заттар қанға өтіп, денсаулыққа зиян бола алады. Бұл затты косметикалық құралдар қаттырақ көпірілуі үшін қолданады, бірақ негізінде бұл қосынды сапасы төмен, қажетсіз нәрсе. Натрийдің  лаурет сульфаты (Sodium Laureth Sulphate) – арзан әрі сапасыз компонент. Бұл затты косметикалық құралдар қоюырақ, концентрациясы жоғары көріну үшін қосады.

Сульфаттардың зияны Көп жағдайда сульфаттар аллергия қоздыруы мүмкін. Ол терінің қышуы, тері бетінде пайда болған қызыл нүктелер ретінде байқалады. Натрийдің лаурил сульфатының сусабындарда көп болуы шаштың түсуінің себебі бола алады, сондай-ақ бас терісі құрғап, қайызғақ пайда болуы мүмкін. Сульфаттар сусабын, бетті жуатын гель, тіпті ыдыс жуатын сұйықтық арқылы терімізге сіңіп, әрі қарай қанға өтеді. Сульфаттар әсерінен пайда болған канцерогендер жасушалардың мутациясына әкеле алады. 

Парабендер Бұл химиялық заттар косметика өндірісінде кең қолданылады. Антибактериалды қасиетіне байланысты оны түрлі косметикалық заттарға қосады. Парабендер синтетикалық консерванттар ретінде косметиканың сақталу мерзімін ұзартатын зат болып табылады. 

Парабендер зияны Медицина қызметкерлерінің айтуынша, қанға түскен сәтте парабендер эндокриндік жүйені зақымдай алады екен. Қант диабеті ауруының себебі де болуы әбден мүмкін. Соңғы зерттеулер бойынша, кеуде ісіктерінде парабендердің үлкен концентрациясы анықталған екен. Қазірде парабендер мен қатерлі ісік ауруларының байланысы зерттелуде. 

Минералды майлар «Минералды майлар» құлағымызға табиғи, зияны жоқ сияқты естіледі. Минералды косметика пайдасы жайлы да көп білеміз. Алайда минералды майлардың минералды косметикаға еш қатысы жоқ. Бұл кремдер даярлауға қажет арзан, сапасы төмен шикізат. Оны мұнай мен көмір өндірісіндегі қалдық заттарынан жасайды. Минералды майлардан көлікке арналған мотор майларын да өндіреді. Минералды майлардың зияны Мұнай өндірісінде пайда болған затты теріңіз бен шашыңызға жаққыңыз келеді ме? Әрине оның зияны мол. Ол терінің табиғи қорғаныс қабатын ерітіп, теріні құрғатады және терінің уақытынан бұрын қартаюдың басты себебі бола алады.

Силикон Бұл зат тек терімізге ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаға да үлкен зақымын тигізеді. Табиғи жолмен шіри алмайтын силиконды шаш күтіміне арналған кез келген құралда таба аласыз. Ол шашқа қосымша жылтыр береді деп есептеледі. Силикон зияны Силикон шашыңызды орап, оған пайдалы заттардың өтуіне бөгет болады. Шашыңызды бір рет жылтыратса да, зияны көбірек болмақ. Шашты бір жуғаннан кетпейтін силикон сондай-ақ қайызғақтың басты себебі. Құрамында сульфаттар, парабендер мен минералды майлар бар косметика бірден жақсы әсер береді, алайда ол ұзаққа сақталмайды. Керісінше олар мәселені ушықтырып, қиындата түседі.  Мұндай зиянды заттарды қолданбаймын деп шешсеңіз, органикалық табиғи косметикаға назар аударыңыз. Табиғи компоненттер бірден әсер бермеуі де мүмкін, алайда олар денсаулығымызға зақым тигізбейді. Органикалық өсімдік косметиканың кемшіліктері де жоқ емес. Бастысы – сақталу мерзімінің аздығы. Бұл косметиканы тоңазытқыштың ішінде сақтап, жарты жылдан артық қолдануға болмайды. Органикалық косметикада консерванттар орнына балауыз бен жасыл шай экстрактын қосады екен. Осылардың арқасында органикалық косметиканың сақталу мерзімі ұзарады. Табиғи косметика өндірушілері жасанды ароматизаторлардан бас тартып, орнына эфир майларын қолдануда. Денсаулығыңыз бен сымбаттылығыңызды сақтап қалу үшін, қолданатын косметикаңызды мұқият таңдап, ең табиғи құрамдас бөліктерден жасалған түрлерін алуға тырысыңыз.

Ұқсас сұрақтар

...