+2 дауыс
3.9k көрілді
Бір анекдот есіме түсіп отыр: ""қазіргі уақытта боянбаған қыз табу, алғаш шыққан нокианы табудан қиын болып тұр " деген. Келіспеймін бірақ. Косметика тарихы жайлы айтып бересіз бе?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Өзін-өзі әдемілеу көне заманнан келе жатқан өнердің бір түрі. Археологиялық және этнографиялық зерттеулердің нәтижесінде б.з.б 2000жыл бұрын Мысырда косметика қолданыста болғаны дәлелденді.Мысырда косметикалық заттармен бетін әдемілеу мен қатар денесін күтіп, сол кезеңдегі сән үлгісімен жүріп, өзгерудің табиғи жолында жүрді: ерінді үлкейту, көзді үлкейту және т.б. Еріндерін бояп үлкейту үшін далап қолданды, шаштарына әртүрлі пайдалы майлар (бальзам) жақты.  Осындай жолдармен заманауи косметология – өзінің бастамасын ежелгі Мысыр мәдениентінен  алады. Ол жекелеген нақты заттардың көмегімен адамның беті мен денесін сау әрі әдемі етіп күтудегі өнер мен ғылым болып табылады. Сол өткен замандарда косметикамен бақсы, ғылым жолындағы адамдар, шамандар айналысты. Олар косметикалық заттарды барлық мүмкіндіктерінше жасай алатын өнерлері болды. Негізінен олар сәндік косметикалар болды, олардың көмегімен беттің және дененің жетіспеушіліктерімен ақауларын барынша жасырып әдеміледі. Ол бояулы қоспалар мен далаптарды арнайы нақышты  әшекейлі плиткаларда дайындаған. 

Шаш бояуының бір түрі ерте көне заманның XVIII-ші династикасының (шамамен 1580 жыл б.з.б) Мысыр фараонының жұбайына тиесілі болды.

Көне Персияда әр түрлі косметикалық заттар дайындап шығарған: хош иісті майлар, түрлі майлар, опалар, бояулар және т.б. Сол кездің өзінде тек бет күтімі ғана емес, бүкіл дене күтіміне көңіл бөлген. Дәрежесі биік әйелдерге 6 ай сайын, тіпті одан да жиі бальзамді сылаулар және хош иістендірілген заттармен дәрет алғызып отырған. Сол уақытта сүтпен дәрет алу кең тараған болатын.

Тек орта ғасырдың соңына қарай косметика қайта пайда болуына құқылы болды, яғни қолданыста еркін жүре бастады. Дәл осы уақытта итальяндық Фарини әтірдің дайындалу әдісін ашты. Кең тараған косметика қайта өрлеу дәуіріне жатты. Косметика Мысыр арқылы және басқа шығыс елдерінің өнері арқылы Францияға, содан қалған европалық елдерді, сонымен қатар Ресейге де енді.

Сілтеме

+2 дауыс
Косметика өнері өте ертеден басталған.Египеттік мумияларды ашқанда,олардың тырнақтары боялған.Египет пирамидаларынан табиғи бояу лар мен косметикалық құралдар,сақтауға арналған мазьдар мен майлар табылған.Папирус Эберстің жазбаша документтерінен косметикалық ережелер мен рецептер табылған. Ескі қолжазбаларда шығыс әйелдері мыңдаған жыл бұрын қабақтарын табиғи материал-сүрмемен бояғандығы жазылған.
...