0 дауыс
11.2k көрілді

Мысалы ащы су, тұщы су және т.б. су түрлері туралы мәліметтер қажет. Реферат түрінде болса жақсы болар еді. Жалпы су туралы мәлімет болса да жарайды. Алдын ала РАХМЕТ!

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады.

Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су — бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді

Су тазалық тұрғысынан бес түрге бөлінеді:

1. Иісі, түсі, дәмі бұзылмаған және пайдаланылмаған су. Судың бұл түрін – мұтлақ, яғни таза, әрі тазартушы, қолданылуы мәкрүһ болмаған сулар деп айтады. Мысалы, жаңбыр, қар, бұршақ, бұлақ, теңіз, көл, өзен сулары судың мұтлақ түріне жатады.

Үкімі: Дәрет, ғұсылға, нәжіс пен ластықты кетіргенге және ауыз суға жарайды.

2. Таза, әрі тазартушы, бірақ мұтлақ су бола тұрып пайдаланылуы мәкрүһ танзиһ болған су.Бұған мысық, көше кезгіш тауық сияқты үй хайуандарының немесе жыртқыш құстың тұмсығы тиген сулар жатады.

Үкімі: Мұтлақ су бар жағдайда, бұл судың қолданылуы мәкрүһ танзиһ. Таза су болмаған жағдайда бұл сумен дәрет алу, ғұсыл, тамақ пісіру мәкрүһ танзиһ болмайды.

3. Таза нәрсенің әсерімен түсі, дәмі немесе иісі өзгерген су. Мысалы, ішіне жапырақ түсіп өңі өзгерген су, жемістің суы, дәрет, ғұсылға қолданылған су.

Үкімі: Бұл сумен тек нәжістерді тазартады. Дәрет және ғұсыл, ауыз суға жарамайды.

4. Таза емес су. Бұл көлемі көп ішіне нәжіс түсіп өңі, иісі немесе аз көлемдегі дәмі өзгерген немесе ішіне нәжіс түсіп өңі, иісі немесе дәмі өзгермеген су.

Үкімі: Дәрет алуға, ғұсылға, ластықты кетіруге жарамайды. Ит, доңыз, қасқыр т.б. еті харам болған хайуандардың тұмсығы тиген су да осы түрге жатады (алтыншы тақырыпты қараңыз).

5. Тазалығы күдікті су. Мысалы, есек, хашырдың ауызы тиген су.

Үкімі: Басқа су болмаған жағдайда бұл сумен ғұсыл және дәрет алынады, бірақ соңынан таяммум қылынады.

+1 дауыс

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
7 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...