+1 дауыс
5.9k көрілді

Қазақстан нақтырақ Қазақ елі ЮНЕСКО-ға қашан кірді?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
1992 жыл бұл - Тәуелсіз елдің Президенті ретіндегі Елбасының алғашқы шетелге сапарлары, мемлекеттің қаржысын жасақтау қадамдары, өз алтынымыз бен алмасымызды өндіруге кірісу, Еуропаның кез-келген елімен тереземіздің тең екенін білдіретін ЕҚЫҰ-ға, содан соң әлемдік БҰҰ-ға, ЮНЕСКО-ға мүше болу, Тәуелсіз елдің Ұланы мен Қорғаныс министрлігінің құрылуы, өзге елдердің Қазақстандағы елшіліктерінің ашыла бастауы.  Осы жылы көк аспанда желбіреген Көк туымызды көтердік, Елтаңбаны таңбалап, Әнұранды әуелеттік. Ұлттың басына түскен тағдыр талайымен табанын тоздырып, тарыдай шашыраған қазақтың басын тәуелсіз елдің төрінде қосып, баба дәстүрімен Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайын Алматыда өткіздік. Тәуелсіз ел екенімізді сөзбен ғана емес, іспен дәлелдеу үшін де, түрлі қиындықтарға қарсы тұруға тура келген жыл да осы - 1992 жыл! Ең ақыры Қазақтың ортақ баспанасы - Қазақстанның іргетасы сапалы қалануына да дәп осы жылдың бергені мол болғаны айқын көрінеді...
0 дауыс

ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization — UNESCO) — Біріккен Ұлттар Ұйымының Бі­лім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйы­мы. Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құ­рылды, штаб-пәтері Францияның Париж қа­ласында орналасқан. Ұйым құрамына әлем­нің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қау­лысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-қарашасында, қабылдауы ту­ралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақ­тауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгін­гі күні – Ұйымға 193 мемлекет мүше. ЮНЕСКО негізгі мақсаты — бейбітшілік пен қауіп­сіздікті елдердің білім, ғылым және мә­дениет салаларындағы ынтымақтасты­ғын БҰҰ Қаулысында айтылғандай жал­пыға бірдей құрметпен қарап, әділеттілік пен заңдардың орындалуын, адам құқығы әрі негізгі бостандықтар негізінде барлық ел­ге, түрі-түсіне, жынысына, тілі мен дініне қа­рамастан қамтамасыз ету арқылы нығайту.

Мақсатына жету үшін ЮНЕСКО бес негізгі функцияларды жүзеге асырады:

болашағы бар, келешекте адамзатқа керек білім, ғылым, мәдениет пен байланыс формаларын зерттеу; білімді ғылыми зерттеудің нәтижесіне сүйене отырып таныту, алмасу, таратумен айна­лысу; заңнамалық іскерлікпен: ұсыныстар­ды іске асыруға міндет болатын халық­аралық актілерді дайындау және қабыл­дау; мүше-мемлекеттерге «техни­калық ынтымақтастық» түрінде жобалар жасау мен дамыту салаларындағы сая­сатын анықтауда эксперттерінің қызмет­терін ұсынады; арнайы ақпаратпен ал­масу­ды жүзеге асырады. Қазақстан ЮНЕСКО ұйымына 1992 жылы 22 ма­мыр­да кірген.

...