+3 дауыс
1.3k көрілді
Жуанның жіңішкеріп , жіңішкенің үзілер шағы деуші еді атам көктемді. Басым айналып, әлсіреп жүрмін. Асқа тәбетім тартпай, оқуға да ықыласым төмендеп . Басқа басқа неге осы мезгілде адамда әлсіздік пайда болады? Қандай кеңестер бере аласыз? Бұл әлсіздікті қалай жеңуге болады?
Менікі алергия.Мұрын бітеледі, Таңдай қышиді, көзім қышиді жаман менікі.
Белгісіз

3 жауап

+2 дауыс
Көркем қыз! Көктемгі авитаминоздың емі оңай. Тамаққа шикілей жуа (пияз) немесе чеснок қосып жеу керек.
+1 дауыс

Иммунитетті жоғарылататын дәрумендер алып ішіңіз. Еңбектеніңіз, аурып жүрмін деп қимылдамай қалмаңыз!

+2 дауыс

Көктемнің көкөніс шыға қоймаған кезеіңде пияз өте пайдалы.Біріншіден, тәнге С дәруменінің күндік қажетін қанағаттандыруға көмектеседі,екіншіден ауру жұқтырмайтын(бактерицидтік) қарсы заттарға бай!Пияз немесе сарымсақ екеуінің де атқаратын қызметі бірдей.Сергіп жүрем десеңіз сары мейізді еттартқыштан өткізіп,балға араластырып күніне 3-рет шәй қасықтан жейді.Және сүт өнімдері,қазы қарта,сүр еттің көктемде сізге пайдасы мол.

Ең бастысы көктемгі ауа райының кейпіне енбей,көңілің жадырап жүрсін!

 

...