+2 дауыс
132k көрілді

Тиін – керемет бағбан. Миллиондаған теректердің көптеп өсу себебі, тиіннің тығып кеткен дәндерін ұмыт қалдырғанынан болуы керек. Тиін туралы мәлімет беріңіздерші?

Тиін

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Тиін — әрі епті, әрі жеңіл қимылдайтын, әрі жақсы өрмелейтін және талдан талға оңай секіретін омыртқалы жануар. Қоректері: емен жаңғағы, грек жаңғағы, бадам (миндаль), орман жаңғағы, гүлдің қауызы, саңырауқұлақ, жаңа ағаш қабықтары, жәндік, ұлулар болып табылады. Ғылыми болжамдар бойынша дүние жүзіндегі миллиондаған ағаштар тиіндердің көміп-сақтаған, кейін ұмытып кеткен қауашақ сортты ағаш тұқымдастарынан өсіп жетілуде. Тиіндер дәндер мен жаңғақтарды бөлек-бөлек топыраққа мұқият көмеді, не ағаш қуыстарына жасырады. Дене тұрқы 16 – 28 см, салмағы 450 – 600 г. Түсінің үстіңгі бөлігі ақшыл сұр не жирен, қоңыр, ал астыңғы бөлігі толығымен ақ болып, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын (23 см-ге дейін) болып келеді. Артқы аяқтары ұзынырақ және мықты болған соң ағаштан ағашқа қарай 10-12 метрге дейін секіре алады. Мұншалықты ұзындыққа секіруге оның үлпілдек құйрығы көмектеседі. Орташа өмірі 10 жылға дейін. Тұрғылықты аң, орманды және ағашты жерлерде, тоғайларда мекендейді. Азықтары мол жылдары көбейіп, ал азық қоры аз жылдары саны өте кеміп кетеді. Орташа өмірі 10 жылға дейін. Қоректері аз жылдары олар ауып, ауыл шетіндегі бау-бақшаға, парктерге келеді. Қазақстанның шығыс, орталық және солтүстік аймақтарында, Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауының арағайлы ормандарында мекендейді. Ұясын ағаш басына, кейде кеуегіне, не жартас жарығына, немесе тоқылдақ тескен ойықтарға 30-40 см диаметрде салады. Ұясының ішін мүктермен және шөптермен әрлейді.
0 дауыс
Тіршілік иелерінің барлығы әртүрлі өзгерістерге ұшырап жатса да, әлі күнге дейін өзгермеген жануар ол –тиіндер екен. Мұның себебін ғалымдар да анықтай алмай отыр. Ғалымдардың айтуынша, 50 миллион жыл өтсе де аталмыш жануарлар ешқандай өзгеріске ұшырамапты.

1. Жаңа туылған тиіннің салмағы 50 грамм, ал бойы бір дюймді құрайды.
2. Басқа да кеміргіштер сияқты тиіннің де алдыңғы төрт тісі үздіксіз өседі.
3. Тиін ең таза кеміргіш.
4. Африкалық ергежейлі тиіндер кеміргіш тұқымдастардың ішіндегі ең кішкентайы болып саналады. Өйткені, бұл тиіндердің тұмсығынан құйрығына дейін бар болғаны 2,5 см құрайды.
5. Қазіргі күні дүниежүзінде тиіннің 365 түрі бар. Негізінен аталмыш түр жеті туыстан тұрады. Оған: дала иттері, саршұнақтар, суырлар жатады.
6. Тиіндердің иіс сезу қабілеті өте жақсы дамыған. Аталық тиін бірнеше шақырым жерден аналықтың иісін сезіп қояды.
7. Тиіндер туылған кезде мүлдем соқыр болады. Тек 6-8 аптадан кейін ғана көздері ашылады.
0 дауыс

Тиін – қолға тез үйретілетін жануардың бірі. Ол есте сақтау, жылдамдық, ептілік, аңғарғыштық сияқты қабілеттерге ие. Тиін адамға жақын аймақта өмір сүреді, өйткені тамақты үйдің қуыстарынан іздейді. Үй тиіні өзінің иесін танып, лақап атымен шақырғанда келеді. Мұның барлығы тиіннің ақылдылығының арқасы.

0 дауыс

Тиін сезімтал үй жануары.Ол жаңғақ жегенді жақсы көреді.Тиін — әрі епті, әрі жеңіл қимылдайтын, әрі жақсы өрмелейтін және талдан талға оңай секіретін омыртқалы жануар. Қоректері: емен жаңғағы, грек жаңғағы, бадам (миндаль), орман жаңғағы, гүлдің қауызы, саңырауқұлақ, жаңа ағаш қабықтары, жәндік, ұлулар болып табылады. Ғылыми болжамдар бойынша дүние жүзіндегі миллиондаған ағаштар тиіндердің көміп-сақтаған, кейін ұмытып кеткен қауашақ сортты ағаш тұқымдастарынан өсіп жетілуде. Тиіндер дәндер мен жаңғақтарды бөлек-бөлек топыраққа мұқият көмеді, не ағаш қуыстарына жасырады. Дене тұрқы 16 – 28 см, салмағы 450 – 600 г. Түсінің үстіңгі бөлігі ақшыл сұр не жирен, қоңыр, ал астыңғы бөлігі толығымен ақ болып, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын (23 см-ге дейін) болып келеді. Артқы аяқтары ұзынырақ және мықты болған соң ағаштан ағашқа қарай 10-12 метрге дейін секіре алады. Мұншалықты ұзындыққа секіруге оның үлпілдек құйрығы көмектеседі. Орташа өмірі 10 жылға дейін. Тұрғылықты аң, орманды және ағашты жерлерде, тоғайларда мекендейді. Азықтары мол жылдары көбейіп, ал азық қоры аз жылдары саны өте кеміп кетеді. Орташа өмірі 10 жылға дейін. Қоректері аз жылдары олар ауып, ауыл шетіндегі бау-бақшаға, парктерге келеді. Қазақстанның шығыс, орталық және солтүстік аймақтарында, Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауының арағайлы ормандарында мекендейді. Ұясын ағаш басына, кейде кеуегіне, не жартас жарығына, немесе тоқылдақ тескен ойықтарға 30-40 см диаметрде салады. Ұясының ішін мүктермен және шөптермен әрлейді.

...