0 дауыс
14.3k көрілді
Егіздер жайлы өте көп мәлімет керек еді... қайдан алсам болады? немесе сіздерде болса салсаңыздар

6 жауап

+1 дауыс
Егіздер жайлы

Адам баласының ана құрсағында өзі сияқты екінші бір ұрықпен (баламен) қатар жетіліп, дүниеге бір уақытта келуі, егіз болып туылуы — көзбен құлаққа үйреншікті жағдай. Бірақ егіздер жайлы не білеміз?

Қызық дерек: Әлемде 70-80 млн.-ға жуық егіз адамдардың жұптары бар көрінеді.

Адам ұрпағы саналатын егіздердің негізгі екі түрі бар. Бірі: бір жынысты, бір-біріне қатты ұқсайтын егіздер; екіншісі: бір-біріне қатты ұқсамайтын, түрлері ағайынды адамдар сияқты ұқсас болып келетін егіздер.

Егіздердің екі түрлі болуының сыры екі түрлі жауаппен түсіндіріледі. Монозиготалы егіздер (бір ұрықты немесе бір ұрық жасушалы егіздер) бір ғана аналық ұрық жасушасының қарапайым жол арқылы бір ғана сперматозоидпен ұрықтануы кезінде алғашқы бөлшектену процесінен соң бірдей екі бөлікке бөлініп кетуінен пайда болады. Екі бөліктің де генетикалық қасиеттері бірдей болып қалады. Ары қарай бір-бірінен аумай қалған екі ұрық дами бастайды.

Бірдей қасиетке ие екі ұрықтың дамуының қыр-сырын ғалымдар осы күнге дейін дөп басып айта алмай келеді. Оның басты себебі — ұрықтың екіге бөлінуін реттеп отыратын био-химиялық механизмдердің күрделілігі.

Монозиготалы балаларды туу ешқандай сыртқы (экологиялық, физикалық, химиялық) және мұрагерлік (гендік) факторларға тәуелді емес. Түрлі статистикалар әрбір 1000 жүктіліктің үшеуі монозиготалы жүктілік болады деген деректі келтіреді.

Қызық дерек: Жер бетіндегі егіздердің 30%-ы жоғарыдағыдай генетикалық процестердің себебінен пайда болады екен.

Егіздердің екінші түрі әйелдің етккірі кезінде жетілетін екі аналық ұрық жасушасының көмегімен пайда болады. Негізі, қалыпты жағдайдағы етеккір кезінде бір ғана аналық ұрық жасушасы жетіледі (бірақ бұл үнемі солай болады дегенді білдірмейді). Ал кей жағдайларда бір мезетте екі аналық ұрық жасушасы жетіліп кетеді. Ол екі жасуша да сперматозоид арқылы ұрықтанып, жатырда бір-бірінен бөлек түрде дамитын екі түрлі ұрық пайда болады. Олар бір-біріне аздап ұқсас болғанымен, гендік қасиеттері әр түрлі болады.

Бір-біріне 100 пайыз ұқсас егіздерді қазіргі замандағы дамыған жоғары технологиялық ғылыми жетістіктердің көмегімен де дүниеге әкелу мүмкін емес. Ол жағы адамзат жаратылысындағы сыры ашылмаған құпия болып қалуда. Ғалымдар қай ұлт өкілдерінің арасында егіз бала туу жағдайларының жиі кездесетіндігін ғана анықтай алды.

Әлеуметтік жағдайы төмендеу отбасыларда егіз балалардың дүние есігін ашулары жиірек кездеседі екен. Бірақ бұл дегеніміз материалдық жағдайы нашар әйелдердің егіз бала туу мүмкіншіліктері көп дегенді білдірмесі анық.

Қызық дерек: Әдеттегі жүктілік 39-40 аптаға созылса, екі балалы егіздер кезінде 36 аптаға, үш балалы егіздер кезінде 33-34 аптаға, төрт балалы егіздер кезінде 30 аптаға, ал бес балалы егіздер кезінде 28-29 аптаға созылады екен.

Әлем елдерінде егіздердің туылу көрсеткіштері әр түрлі. Мысалы, егіздер Қытайда, Жапонияда және Африка елдерінде көптеп туылады. Ал Еуропа елдері ең соңғы орында.
60 жылдармен салыстырғанда қазіргі уақытта егіздердің дүниеге келуі 2,5 есеге артқан. Оның да себебін нақты айту қиын. Кейбіреулер егіздердің туылу көрсеткішінің артуына бедеулікті дұрыс жолмен емдеудің себебі болуы мүмкін дегенді айтады.

Егіз балаларды дүниеге әкелу оңай шаруа емес
Егіз балаларды дүниеге әкелу қаншалықты қуанышы мол жағдай болса, соншалықты деңгейде әйел ағзасына күш түсіретін биологиялық процес болады. Мысалы, іштегі екі баланың салмағын қосқандағы салмақ қалыпты жағдайдағы бір баланың салмағынан ауыр келеді, зәр шығару жүйесіне ауырлық түседі, ағзасындағы кальцийдің көп мөлшерін жоғалтады, босану процесі ұзаққа созылады. Ондай кездерде жүкті әйелдің күтімі үнемі қадағалауда болып, іштегі балалардың денсаулығына зиян келтіретін заттар мен оқыс қимылдардан аулақ жүру керек.

Егіз балалар неге әлсіз болады?
Байқасаңыздар, екі немесе одан да көп бауырлардың бір мезетте егіз болып туылуы барысында жүктілік мерзімі қысқа, сәбилердің салмақтары қалыпты жағдайдағыдан азырақ (кейін қалыпқа келеді), денсаулықтары ұқыпты күтімді қажет ететін болады. Оның себебі ана құрсағында жатып, бір ұрыққа тиесілі отегі мен қоректік заттарды екеу немесе үш-төртеу болып бөлісіп тұтынғандарында жатыр екен.

Кім бірінші дүниеге келеді?
Егіздерге қатысты жалаң аңыздарға сенсек, бірінші болып салмағы ауырлау бала дүние есігін ашады екен. Ақиқатында, жағдай олай емес. Егіздердің бірінші немесе екінші болып дүние есігін ашулары ана жатырындағы орналасуларына тікелей байланысты.

Егіздер жаратылысындағы тылсым құбылыс
Естіген боларсыздар, «сырт келбеті жағынан бір-бірінен ажырату қиын егіздерді (бір ұрықты егіздер) екі жаққа бөлек етіп жіберіп, бақыласа, бірінің денсаулығы нашарлағанын екіншісі сезеді» деген сөздер айтылып жатады. Бұнысы – ақиқат. Көптеген егіздердің өмірінде аталған жағдай кездескен. Бірақ оның қандай тылсым құбылыс екенін анықтап, сырын аша алған бір де бір ғалым да, оқымысты да, дәрігер де жоқ.
Туылғанынан бастап екі бөлек жерде өмір сүрген егіздердің бойындағы түрлі қасиеттердің қашықтыққа немесе сол сияқты кедергілерге қарамастан бірдей болатындығы да бар.

Хеллин заңы
Заң дейтін ешқандай физикалық құбылыстың заңы емес. Американдық Хеллин деген бір ғалым егіздердің туылу жиілігі туралы «заң»-ды ашқан екен. Оған сенсек, орта есеппен әрбір 89 жүктілікте бір ғана екі балалы егіздер болады, әрбір 89 екі балалы жүктілікте бір ғана үш балалы жүктілік кездесе, әрбір 89 үш балалы жүктілікте бір ғана төрт балалы жүктілік кездеседі екен.

Қызық дерек: Бір рет екі ұрықты егіздерді дүниеге әкелген әйелдің екінші рет екі ұрықты егіздерді дүниеге әкелу ықтималдылығы екі есеге артады. Себебі екі ұрықты дамытып дағдыланған ағза екінші рет те екі ұрықты егіздерді дүниеге әкелуге бейім келеді.

Егіздердің өз тілдері болады
Егіз туылған балалардың арасында өздеріне ғана түсінікті тіл (өздеріне түсінікті диалекті) пайда болады. Екеуі сол тілде сөйлеседі. Оны екі жастағы егіздердің әрекеттерінен байқауға болады. Егер отбасындағы бала жалғыз болса, онда оның тілін ешкім түсінбейді, онымен сөйлесетін құрдас бала болмағандықтан оның өзіндік ерекше тілі жойылады.

Қызық дерек: Егіздердің бет-әлпеттері мен дене пішімдері 100 пайыз ұқсас болғанымен, саусақ бедерлері мүлдем бөлек болады.
0 дауыс
http://balana.kz/332/egizderj мына жерден алдыңызба? оны алдым, рахмет сізге, бірақ аздық етіп тұр....
+1 дауыс

Егіздер қаласындағы "Егіздер" фестивалі

АҚШ-тың Огайо штатындағы Твинсбург қаласында жыл сайын "Егіздер" фестивалі өткізіліп тұрады. Ең қызығы, егіздер сайысы өткізілетін қала атауын біздің тілге аударсақ, «твинсбург» - «егіздер қаласы» дегенді білдіреді екен.

Твинсбургтегі ең алғашқы фестиваль 1976 жылы өткізілген болатын. З6 жылы бойы дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан додаға былтырғы жылы үш жарым мыңнан астам егіздер жұбы қатысқан болса, биылғы жылы екі мыңнан астам жұп бақтарын сынады. Ең жас егіздердің жасы – бірнеше ай ғана болса, ең үлкендерінің жасы – тоқсан жетіде екен.

Фестивальді ұйымдастырушылар іс-шараның сәтті өтетіндігіне шын сеніп, оның қанат жаю жолында ерен еңбек еткендіктерін айтады. Бәрі де солай болды, жер шарында өтетін көптеген сайыстарға қарағанда "Егіздер" фестиваліне жиналатын халық едәуір көп екендігін айта кетейік. Жәнетанымалдығы жөнінен де алдыңғы орында тұр.
Фестивальға Аустралия, Жапония, Канада секілді алыс-жақын шет елдерден келген қонақтардың ризашылығында шек жоқ десе де болады.

Фестивальға кез келген жастағы «егіздер», «үшемдер», тіпті«төртемдердің» де қатыса берулеріне болады. Фестиваль барысында түрлі-түрлі сайыстар, таланттылар байқаулары және қаладағы ең ұзын көше бойында «егіздер шеруі» өткізіледі. Ең бастысы, фестивальдің «ең сымбатты Патшасы», «ең сұлу Патшайымы», «ең сүйкімді Ханзадасы», «ең көрікті Ханшайымы» анықталады.

Биылғы жылдың жеңімпаздары болып Акронадан келген үш жастағыАвиар (сол жақтағы) және Авион Оуэнс-Коттрел есімді егіздер танылды.

0 дауыс
үлкен рахмет сіздерге тағыда болса сала беріңіздерші, өтініш сіздерден...
+1 дауыс
http://azh.kz/kz/news/view/3416 осы сайттан да қарап көріңіз
+1 дауыс

Алматылық егіздер Ғаламның вице-мистерлері атанды

Алматылық Сағир мен Сұлтантемір Бахтиярұлы атты 6 жасар егіздер Ғаламның I және II "вице-мистерлері" атанды. 

 

 

Грузияда өткен конкурста жерлестеріміз көрермендер мен төрешілерді таңдай қақтырып, өнерімен тәнті етіпті. Сайыстың ұлттық директоры Натали Березовская журналистерге берген сұхбатында:"Жігіттер бар дарынын көрсетіп, көпшіліктің көңілінен шықты. Бас жүлдені 8 жасар Америкалық Александр Ролинский алды. Дегенмен бұл жерде әділқазылықтан гөрі, саяси мотивтер жатыр деп ойлаймын. Әйтпесе бұл екі бала бас жүлдеге әбден лайық еді. Қалай болғанда да өнерпаздар "вице-мистер" атағынан бөлек "Кішкентай Мистер модель" мен "Кішкентай мистер Шарм", "Кішкентай мистер Евразия" дәрежесіне қол жеткізді", - деді. 

Сағир мен Сұлтантемір әңгіме болып отырған "Таланттар шоуында" ағылшын тілінде Baby girl әнін орындап шықты. Ал "Этнокөрме" бөлімінде қазақтың ұлттық киімдері мен тұрмыстық бұйымдарын ел назарына ұсыныпты. Сонымен қатар, қазақтың ұлттық тағамдарынан үлкен дастархан жайып, дәм татқызған екен. 

Конкурстың екінші директоры Ирина Жукованың айтуынша, Сағир бір сөзінде қызып кетіп: "Қазақстандықтардың барлығы Геливаген мінеді. Түйе мен жылқылар көлік болудан әлдеқашан қалған", - деген екен

 

...