0 дауыс
2.5k көрілді
Студент кездегі ең қызықты және ең қиын қандай кездер? Қазір 10 - сыныпта оқимын. Кейін егер ЖОО түсер болсам қандай болатынын білгім келеді. Қандай кеңестерін бар?

6 жауап

+2 дауыс

Айтарлықтай қиыншылықтары жоқ, қиыншылығынан қызықты сәттері көп болады, бірінші  курста аздаған қиыншылықтар болуы мүмкін.

+1 дауыс

 

О-оу,студенттік кез!? ешқашан ұмытылмас әрі қызықты ғой!Қазір жұмыс жасап жүрсем де,тағы да студент болуды аңсап жүргенім рас.

0 дауыс

Бірінші курста қыйыншылықтар болады. ал қызықты ету етпеу оз қолыңда

+1 дауыс

Алдын-ала біліп алсаң қызық болмай қалады. Студент бол, көр, жүр, оқы...

0 дауыс

Студент болмай жатырып,алдағы уақытты біле алмайсың.

0 дауыс
Мектеп бітіріп, жаңа өмірге аяқ басасың. Басында менде де сен секілді қорқыныштар болды. Егер, басқа қалада оқитын болсаң, мүлдем бөлек жағдай. Не дегенмен бұрын-соңды көрмеген адамдар, бұл қалада ешбір адамды танымайсың. Мектептегідей жан құрбы таба алмаймын ба деп қорықтым. Ең қиыны жаңа ортаға бейімделу екен. ЖОО мұғалімдері бірінші курстарды аямайды, жалпы барлық ЖОО-да бірінші курстарды қысады. Кредиттік оқыту жүйесіне көңіліміз толмай жүрді. Оған да бірте-бірте үйреніп кеттік.

Ата-анаңды қатты сағынасың, туған жеріңнің қадірін білесің.Қасымыздағы бір қыздың ата-анасы телефон шалса, біз де үйдегілермен хабарласқандай боп қуанып қаламыз. Бірінің анасы есіне түсіп, жыласа бәріміз бірге жылаймыз.

Нағыз студенттік өмірді жатақханада көресің. Комнатадағы қыздар сенің отбасыңа айналады. Ауырып қалсаң да, түні бойы қасыңда отырып, дәрі беріп, уайымдайтын да солар.

Студенттік өмір қай қалада өтсе, сол қала ыстық деген бар. Кетер кезінде қимай қаласың. Жалпы студенттік өмірді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
...