+2 дауыс
1.8k көрілді
Қайсысы студент vs оқушы??? Сізге қай кезең қатты ұнады? Қай кезеңдегі достарыңызды қатты жақсы көресіз, сағынасыз? Қай кезеңге қайта оралғыңыз келеді? Қай кезеңде қиыншылық көп болды? Студенттік өмір н/е мектептегі өмірдің бірінен ең қиналған және ең қызықты оқиғаларыңызды айтып беріңізші? ::: Бос сұрақ емес, маған қызық және білгім келеді, мәнді-мағыналы жауап күтемін!!!

8 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Мектептегі кезең ол балалық шағың. Ал студенттік кезең ол үлкен өмірге қадам басқаның, бұл кезеңнің қызығы да, шыжығы да көп. Студенттік кезеңде айналада болып жатқан барлық жағдайға, өзгеріске мән беріп қарамасаңыз кейбір мүмкіншіліктерді жіберіп алуыңыз мүмкін. Ал маған мектептегі де, студенттік кезеңдегі де достарым ұнайды барлығымен араласамын. Ал өмірде шын дос болып жүріп, басыңа қиындық түскенде теріс айналып кететіндер бар, сондықтан мен ешкімге сенбеймін. Алладан басқа.
+1 дауыс

Әр жастың өз қызығы бар 

0 дауыс
Екеуі де жақсы) 9,10,11класс пен 1,2 курс аралығы :D
0 дауыс
Мектептiк кезең өтiп болмайтын сияқты көрiнедi. Бiрақ ата-анаң қасында жағдайыңды жасап отырғасын ешнәрсенi де түсiнбейсiң. Барлық қиыншылық та, қызық та студенттiк кезеңде. Оны былай болды деген қызық емес. Алла қалап мектептi бiтiрiп оқуға түскен соң барлығын да көресiң.
0 дауыс
екеуіде қызық емес.
Жеке өзім үшін өмірдегі ең қызықты кезең - осы екі кезең және мектепке дейінгі кезең, ал сіз үшін сонда қай кезеңдер қызықты?
достарыммен бірге болған кезең казір басқа қалаға көшіп кеттім.
0 дауыс
Студент кезіңде мектепті сағынасың,оқу бітіргесін студенттік кезді сағынасың,бірақ екеуінің де қызығы мол. Мектеп кезде бір жақсысы көп уайым болмайды ғой не істеймін деген,бірақ студент кезде барлығы күрделіне бастайд. Негзі студенттік кездердің қызығы мол. Мектептегі достарың қалад,студент кездегі достарың ыстық боп көрінед дейді көбі маған да солай сияқты. Биыл менің соңғы курсым бір жағынан оқудан шаршадық,бір жағынан достарымды қимаймын.
0 дауыс
Әр кезең өзінше қызықты.Бірақ менің ешқандай кезеңге оралғым келмейді тек, сәби болғым келеді , сәби болғым..
0 дауыс
Бұл екі кезеңнің өз ерекшеліктері бар. Студенттік кезімдегі қиыншылықтарға қарасам, мектепте жүргенде түк қиналмаған екенмін деп ойлаймын. Студенттік өмірде қиыншылықты көп көресің, әсіресе, басқа қалада оқитын болсаң. Бірақ, сол қиындықтың арқасында ысылып, адам боп шығасың. Маған студенттік кезім қатты ұнайды. Мектептегі кезіме қайтып оралғым келмейді. Ал, қазір әлі екінші курс болсам да оқуды бітіргім келмейді, өмір бойы осылай жүре бергім келеді. Бұрын мектепте оқып жүргенде 3 ай каникул кезінде сыныптастарымды онша сағынған емеспін. Ал, группаластарым пойызға шығарып салардың өзінде бір-бірімізді қимай қоштастық. Мектеп кезеңін жамандамаймын, екеуі де ерекше. Мен үшін сыныптастарым бір тау болғанда, группаластарым да бір тау. Алайда, "мектептегі достарың қалады, студент кездегі достарың ыстық боп көрінеді" деген рас. Өйткені, мектептегі достарыңның бәрінің қасында ата-анасы бар, бәріміз де бір үйдесі еркесі боп жүрдік. Ал, студент кезінде ата-анаңнан жырақта жүрген соң, группаластарың, комнаталастарың сенің отбасыңа айналады. Студенттік өмірдің бар қиындығын солармен бірге көресің, сол себептен де студент кездегі достар ыстық болатын шығар деп ойлаймын.
...