0 дауыс
12.2k көрілді

Әйтеке би туралы  аңыз әңгімелер мен оның жеті жарғысы туралы мәліметтер керек?

4 жауап

+1 дауыс

"Жеті жарғы" Әйтеке бидікі ме еді? Білмеппін. Әлде жалғыз мен ба сонша тупой.

иа жалғыз сен тупой! Білмесен ізден, керек болса дәлел деп берем."Жеті жарғыға" Әйтекенін ұсынған баптарының ішінде екеуі ғана белгілі. Ол — "Сүйек құны”, "Өнер құны". 1685 ж. Әлі сұлтан мен қарапайым халық арасындағы бір жан-жал үлкен дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның есерсоқ баласы бір кедейдің сұлу, акын, әнші-домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп әбден өшігіп алады. Бүркіт ұстап, құс салатын аңшылығы бар екен. Дегеніне көнбейтініне көзі жеткен жігіт бір күні қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін шүйітіп, қастандық жасайды. Бүркіт кыздың басын мылжалал өлтіреді. Ашынған ағайындары төреден құн сұрайды. Әлі сұлтан оларды маңына жолатпай, барған билерді ит косып куып жібереді. Ақыры, ел арасы "төрежак,", "қаражак," болып екіге жарыла бастайды. Ең соңында құн сұраушылар жағы Әйткеге келіп өтініш жасайды. Әйтеке қасына сіргелі батыры Казыбекұлы Жабайды, байбақты батыры Шоланды ілестіріп Әлі сұлтанға барады. Әйтекенің айбарынан ығысатын Әлі сұлтан амалсыз құн төлеуге келіседі. Алайда Әйтеке қыз құнына косымша оның өнерлі екенін айтып, "өнер құнын" және қыздың жоктаушыларын келеке кылып, сүйек сындырғаны үшін "сүйек құнын" төлеуді талап етеді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі құнның жартысына тең екен. Сөйтіп Әйтекенің каһарынан қаймыққан Әлі сұлтан толық екі қүн төлеуге мәжбүр болады. Бұл Әйтекенің ата дәстүр-салтына жетіктігімен бірге өнерге, өнерлі адамға айрықша құрметін көрсетеді.
0 дауыс
өтте керемет жазылған
0 дауыс

қай жақтан қарайды 

табалмай тұрмын

көмектесіп жіберіңіздершіwink

0 дауыс

"Жеті жарғы" Тәуке ханның заңдар жинағы. ал бұл заңдар жинағының қалыптасцуына үлесін қосқандардың бірі Әйтеке би


...