Сіздің сөзіңіз дұрыс. Бірақ, мәселені қиындата беруге де болмас. Осындай талаптардың кесірінен, бизнестер банкрот болуда, салдарынан кеше ғана президент мораторий жариялағанын көрген боларсыз.
Жоғарыдағы процесстерді жылдамдатудың, жеңілдетудің бірқатар жолдары бар. Айталық, біріншіден ешқашан да ешқашан деген сөзді айтпауға ұсыныс жасаймын. Бәрі де мүмкін. Екіншіден, қазір директор болдым, бәрі маған бағынуы керек, бәрін өзім алып жүремін, тиісінше көп қаражат маған дейтін заман емес.
Әркім өзі атқарған ісіне жауаппен қарауы керек. Жұмысқа түгел құжатымен келіп алып, нәтиже шығармайтын адам тиімді ме, нәтиже шығаратын қызметкер тиімді ме. Бұл бизнес, сондықтан адамнан ең бірінші талап етілетіні - нәтиже екен. Өз дипломындағы мамандықтан бөлек мамандықта жұмыс істейтіндер саны өте көп!
Заңгерлік кеңес керек пе, арнайы профессионалдар отырған заңгерлер кеңселер бар сол үшін ашылған. Туындайтын бірнеше сұрақ үшін бір заңгерді айлықпен асырау тиімсіз екенін түсіну керек. Екінші, бухгалтердің кіріс-шығыс қадағалауын хатшы да атқара алады. Ал, кварталдық отчеттарды тағы да бухгалтерлік кеңселер көмегі арқылы жасай саласыз. Қазір квартал үшін салық комитетіне есеп беретін бухгалтердер шамамен ТОО үшін 15-20 мың, ИП үшін 10-15 мың төңірегінде алады. Бұл екі жаққа да тиімді, тағы да бір бухгалтерді асырамайсыз. Қалғаны мастерлер, қара жұмыскерлер. Сөздің шынына көшейік, барлығы қағазда көрсетілгендей жұмыс процессі жүре бермейді.
Ал егер адам қағаз жүзінде көрсетілген талаптар бойынша жұмыс іздесе, өмір бойы жұмыс іздеумен өтуі мүмкін, маған сеніңіз. Себебі, оны талап етпейтін жұмысшылар толып жатыр. Бастапқы қиыншылыққа төзіп, навк жинаған соң барып талап қоюға болады жұмыс берушілерге. Әрине, бұл пікір абстрактылы, нақты бір оқиғаны талқыламаса, әңгіме бітпейді.
Менің пікірімнің осылай тұжырымдалуына, 9 сыныптан бастап түрлі бизнес ошақтарында жүгіруден бастаған соң, айтып отырмын. Ал қазір, белгілі бір министрлікте бас маманға дейін шығудың сәті түскен екен.