0 дауыс
2.2k көрілді
Кеше теледидарда Қазақтар руға бөлінуі жөнінде сюжет көрсетті... қарап отырып ҚАЗАҚСТАНның болашағына алаңдауға тұрарлықтай оқиғалардың орын алып жатқаны, оның өршіп кетуі әбден мүмкін екені, егер бізді украина, қырғызстан, араб елдеріндегідей сойқан ұйымдастырғысы келгендер үшін таптырмас құрал ретінде көрдім... Осындай келеңсіздіктен қашып құтылуымыз үшін және ұлттық құндылығымызды сақтап қалуымыз үшін не істеуіміз керек....

4 жауап

+10 дауыс
 
Жақсы жауап
Ғасырдан ғасырларға ғасырын сыр жасырғанба
Ғасырлар куә, тарихым тасқа басылғанда
Сыр кітабы ашылғанда
Тереннен танып тарихымды
Сол үшінде қаза қылдым, жарты өмір сан ұйқымды
Бойымдағы қызылқан маған жеткен ғасырлардан
Құрама құралыды, намыспенен ардан
Ал жүрегім кұралады қайсарлықпен иманнан
Бұл қасиет демеу болар қазақ халкына жиналған
Бір тудын астына қанша сынақ келседе
Өзгермеген бір сынақ қанша қыйындық көрседе
Ата-Бабалар өтседе
Қазағым қалган қазақ болып
Тамырын жұла алмаған Тарихтағы сан-мын жорық
Пайғамбардың жолын ұстап жай жетеміз құдайға анық
Тектілерден бастау алған қазақ атты халык
Бөлінсекте сан руға жатамыз әлбетте танып
Атам қазақ руға бөлінген кетпес үшін лайланып
Қанымыз бен тәніміз  (Диди және Жақау "Ұлы қазақ")
Жыр жазу берілмес пендеге. Оны бағалау біздің қолымызда.
+7 дауыс
Рушылдық қасиет, руға бөліну – орыстарға бет бұрғаннан кейін, солардың қазақтар арасына от салу, іріткі іздеуден шығуынан басталған сияқты. Ру аралық қатынасқа жымысқы саясат араластырған, сосын, қазақтың ру басыларын бір-бірінен айдап салып отырған. Осы саясат біздің әлі де ең осал “аурумыз” сияқты. Әрине, рудан гөрі ұлттық мүдде жоғары тұру керек, ал, руын жақсы білген адам әрқашанда ұлттық мүддені, ұлттық құндылықтарды руынан жоғары қояды деп білемін.  Қазақтар көп қоныстанған облыстарда рулық-тайпалық құрылымымыз іргелі, ұлттық мүдде, құндылықтарымыз берік сақталады. Осының өзі, ру – қазақтың тегі, мақтанышы, рухы деп білемін. Рулары ұмытылып бара жатқан, орыстар көп қоныстанған жерлердегі қазақтарды көріп жүрген шығарсыңдар. Қысқасы, руымыз білу - тарихымызды білу. Рушылдықты қоздыру - көбіне билікте жүргендер ісі, сол баяғы жымысқы саясат кесірі.
0 дауыс
Руға бөліну меніңше дұрыс сияқты...Себебі адамдардың патриоттық сезімін оятады...Сұрағыңыз болса пікірге қалдырыңыз...
+1 дауыс
Өз басым былай деп жауап берер едім. Біздердің руға бөлінуіміз қанымыздың таза болуы деп ойлаймын. Себебі қыз беріп, қыз алысып жатқанда баласы мүгедек болып туылмасын деп. Ал оны алғанда да, бергенде де 7 атасына қарайды. Ең басты себеп бұл жерде баламыздың жесір болып туылмауына.
...