Рушылдық қасиет, руға бөліну – орыстарға бет бұрғаннан кейін, солардың қазақтар арасына от салу, іріткі іздеуден шығуынан басталған сияқты. Ру аралық қатынасқа жымысқы саясат араластырған, сосын, қазақтың ру басыларын бір-бірінен айдап салып отырған. Осы саясат біздің әлі де ең осал “аурумыз” сияқты. Әрине, рудан гөрі ұлттық мүдде жоғары тұру керек, ал, руын жақсы білген адам әрқашанда ұлттық мүддені, ұлттық құндылықтарды руынан жоғары қояды деп білемін. Қазақтар көп қоныстанған облыстарда рулық-тайпалық құрылымымыз іргелі, ұлттық мүдде, құндылықтарымыз берік сақталады. Осының өзі, ру – қазақтың тегі, мақтанышы, рухы деп білемін. Рулары ұмытылып бара жатқан, орыстар көп қоныстанған жерлердегі қазақтарды көріп жүрген шығарсыңдар. Қысқасы, руымыз білу - тарихымызды білу. Рушылдықты қоздыру - көбіне билікте жүргендер ісі, сол баяғы жымысқы саясат кесірі.