+1 дауыс
31.6k көрілді

Келісім шарт жасасудың үлгісі қажет?

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Әртүрлі жағдайларда келісім-шарт әртүрлі формада толтырылады. Мысалы, жеке адаммен еңбек келісім-шарты:

Жеке еңбек шартында:
      1) тараптардың реквизиттерi: 
      жұмыс берушi - заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жерi, жұмыс берушi - заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен уақыты; 
      жұмыс берушiнiң (оның өкiлiнiң) тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе) және қызметi, ал жұмыс берушi - жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi; 
      қызметкердiң тегi, есiмi, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi; әлеуметтiк жеке кодының нөмiрi (ӘЖК), салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрi

      2) еңбек мiндетi (белгiлi бiр қызмет, мамандық, кәсiп бойынша жұмыс);
      3) жеке еңбек шартының мерзiмi;
      4) еңбек мiндеттерiн жүзеге асыру басталатын күн;
      5) еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр дене еңбегi немесе зиянды (өте зиянды) немесе қауiптi (өте қауiптi) еңбек жағдайларында жұмыс iстегенi үшiн берiлетiн кепiлдiктер мен өтемақылар; 

      6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимi;
      7) еңбекке ақы төлеу және еңбектi қорғау жағдайлары;
      8) жұмыс берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
      9) қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерi;
      10) жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртiбi;
      11) өтемақылар төлеу мен кепiлдiктер беру тәртiбi;
      12) тараптардың жауапкершiлiгi көрсетiлуге тиiс.
      1-1. Жеке еңбек шартын белгiленген мерзiмге жасасқанда тараптардың осы шартты мерзiмiнен бұрын бұзғаны үшiн өзара жауапкершiлiгi белгiленуi мүмкiн.
      Тараптардың келiсiмi бойынша жеке еңбек шартына өзге де жағдайлардың енгiзiлуi мүмкiн.
      Жұмыс берушi қызметкерден осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда жеке еңбек шартында келiсiлмеген жұмысты атқаруды талап етуге құқылы емес.       

       Жеке еңбек шарты:
      1) белгiсiз мерзiмге;
      2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделгендегiден басқа жағдайларда, бiр жылдан кем емес белгiлi бiр мерзiмге жасалуы мүмкiн.
      Қызметкермен жеке еңбек шарты қайталап жасалған жағдайда ол белгiленбеген мерзiмге жасалған деп есептеледi.
      Егер тараптардың ешқайсысы еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталуына байланысты бiр жылдан кем емес белгiлi бiр мерзiмге жасалған жеке еңбек шартын тоқтатуды талап етпесе және еңбек қатынастары iс жүзiнде жалғасатын болса, онда жеке еңбек шарты белгiленбеген мерзiмге жасалған деп есептеледi.
      Жеке еңбек шарты белгiленбеген мерзiмге жасалатын қызметкерлер үшiн көзделген кепiлдiктер мен өтемақылар беруден жалтару мақсатында жеке еңбек шартын белгiлi бiр мерзiмге жасасуға тыйым салынады;
      3) алда тұрған жұмыс сипатының қысқа мерзiмдiлiгiне немесе оны орындау шартына байланысты, сондай-ақ уақытша жұмыста жоқ қызметкердi ауыстыру уақытына бiр жылдан кем белгiлi бiр мерзiмге жасалуы мүмкiн.
      Егер жеке еңбек шартында оның қолданылу мерзiмi айтылмаса, шарт белгiсiз мерзiмге жасалған деп есептеледi.
 

0 дауыс

Келісімшарттың үлгілері менде бар. Оны мына жерге жазсам симайды. Мен сізге почта арқылы жіберейін. phinans@mail.ru хабарласыңыз. Осы сайтқа құжат қыстыратын функция керек екен.

0 дауыс
Сәлеметсіз бе! Маған толық киіз үйге келісім шарт қажет еді, орысша, қазақша, Алдын ала Рахмет!
0 дауыс
Саламатсыздар ма.Маған ата аналармен оқушыларды көлікпен тасымалдау туралы келісім шарт керек екен
0 дауыс
Саламатсыздар ма?! Маған мектеп оқушыларының ақылы конкурстарға, олимпиадаларға қатысымы туралы ата-анамен жасалатын келісім шарт үлгісі керек еді.
...