Негiзi жақсылықты мынша рет жасадым, немесе мына кезде жасадым деп қарастыруға болмайды. Шын ниетпен жасалған жақсылық сауапты болады. Ол кiшкентай ғана болмашы болуы мүмкiн. Мысалы: Үлкен апай, ағайлардың жолда сөмкесiн ұстап үйiне жеткiзiп салу, немесе маршрутта үлкен кiсiге орын беру т.б. Ендi сауалыңа келер болсақ жауап бере кетейiн. Бірақ бұл мақтангөйлiк емес жай ғана өз өмiрiмдегi қуанышты жағдай. Бiрде жаяу көшеде келе жатқам, кенет үйiнен бiр ата шығып келе жатыр екен. Мен ол кiciнiң жолын кеспейiн деп, өтіп кеткенше күтiп тұрдым. Сонда ол ата маған бар батасын жаудырып, риза болып рахметiн жаудырды. Бұл бір жағынан iзеттiлiк, бір жағынан құрмет, әрi жақсылық деп ойлаймын.