+4 дауыс
23.8k көрілді
Мен 11 сыныптарға сабақ беремін. 11сыныптың сынып жетекшісі үнемі сабағымды келiп бұзады. Оқушыладың көзінше әр түрлі себеп айтып менің сабағымның үстінде ұрсысып тұрады. Мысалы неге алтын белгіге ұсынған оқушыма үштік баға қоясың деп, менің сабағым басталғанға дейiн кетiп қалған балалар неге жоқ, сен қуып жібердiң бе?-деген сияқты сауалдарды айтып, оқушының көзінше масқаралай береді. Қарсылық бiлдiрсең, өзіңе бәле салып давлением бар деп ауырып қорқытады. Ұрсысып арызданып жатуға ұжымнан ұяламын. Өзі менен 10 жас үлкен мұғалім. Мен мұндай жағдайда өз құқығымды қалай қорғай аламын? Ол үнемі, үздіксіз сабағыма қатысып, артында отырады. Бұған қаншалықты құқығы бар?
Қай пәнен береді не себепті алтын белгіге ұсынған оқушыға 3-тік баға қоясыз!
Белгісіз
Жетекшіге жақтасып жатсыз ба :) жайдан-жай үш қоймаған болар
Белгісіз

14 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Білім туралы заңның 51-бабында Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігінің негізі көрсетілген.

Педагог қызметкердің:

      1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;

      2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

      3) жеке педагогтік қызметке;

      4) тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;

      5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;

      6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға;

      7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;

      8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық және материалдық көтермеленуге;

      9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;

      10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;

      11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік стажы сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;

      12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқығы бар.

 Сонымен қатар құқықпен қатар міндетің қатар жүретін ұмытпағаныңыз жөн, педагог қызметкер:

      1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;

      2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;

      3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;

      4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;

      5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;

      6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;

      7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;

      8) оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.

+1 дауыс

Сынып жетекшісі сыныбының сабағына қатысуына құқылы. Әрине, егер ол арнайы рұқсат алса. Сабағыңызға кірер кезде, қайта қайта мазаламауын өтініңіз. Сабақта өзіңізге де ыңғайсыз және оқушылар да өз пікірін айтуға қысылады. Ондай қылық сіз бен оқушыларға психологиялық кері әсерін тигізеді.

+1 дауыс

Сынып жетекшісінің ондай құқығы жоқ. Мектеп директоры мен оқу істері жөніндегі орынбасарына шағымдану керек. Қазақта "Бұға берсең, басыңа шығады" деген сөз бар.

дұрыс айтасыз,мұғалімге ескертусіз ешкім кіруге қақысы жоқ.Алдымен кіру себебін айту керек және оқушының көзінше сіздің беделіңізге нұсқан келетін сөз айтуға қақысы жоқ,сіз мектеп башысының алдына мәселе көтеріп айтып ескертіңіз,егер тыңдамаса,онда үстінен шағым жазуға қақыңыз бар.
0 дауыс

Керсінше шағымдансаңыз таяқтың ұшы сізгеде тиеді ол сізді жек көріп ара қатынасыңыз нашарлайды жәнеде ол мұғалімен ашық сөйлесіңіз!

0 дауыс

Қайта-қайта кіріп мазаны алып, сабақты бөле беруге хақысы жоқ, сабаққа қатысып отыратындай сіз ашық сабақ өтіп жатқан жоқсыз немесе ол завұш емес қалағанын істейтін, сізден рұқсат алуы керек артында отыруы үшін. 

+1 дауыс

Мұғалім айтарлықтай шектен шықса,директорға шағымдаңыз.

+3 дауыс

Егер сабағыңызға кіріп емін-еркін жүрсе, бұл сабақ уақыты екенін ескертіңіз. Қайталана берсе, тиісті шараларды қолдануға баратыныңызды ескертіңіз, әрине оқушылардың көзінше емес. Өзіңізге ыңғайсыз екенін білсін. Егер айтары болса, сабақ уақытынан тыс уақытта келсін. Сонымен қатар, айтарларын нақты фактпен айтуын талап етіңіз. Айтады ғой, "бумаға все стерпит" деп. Бұл қандай жағдайда да сіздің көңіл күйіңізге әсер етпеуі керек, сондықтан айтқан ескертпелерінің бәрін көңіліңізге қабылдамай, көзінше қағазға тізіп алыңыз. Кейін сол қағаз бойынша есептесесіз. Әйтпесе, жасы үлкен, стажы көп оның үстіне өзіне көп нәрсеге еркіндік беріп ұяттан да аттап өтетін адамдармен эмоция арқылы жеңемін деу бос әуре екен. :)

0 дауыс

Алдымен оқу ісінің меңгерушісімен сөйлесіңіз, кейін директормен. Егер тиісті шара қолданбаса, аудандық не қалалық білім беру бөліміне хабарласыңыз. Оқушылар алдында ондай әрекет жасауға ешкімнің құқығы жоқ.

+1 дауыс
Біздің  мектепте  оқушылармен  қоса  мұғалімдердің  де  тәртібі  өте  қатты  сақталған.  Ұстаздарымыз  "қандай  сабақ  болып  жатса,  сол  сабақтың  мұғалімінің  сабағын  директордан  басқа  ешкім рұқсатсыз  бөлуге  болмайды"  дейді.
0 дауыс
алтын белгіге оқитын оқушылардың барлығы дерлік жан - жақты деп ойлайсыз ба? оқушы бір сабақтан әлсіз болатыны көптен көп. егер білмесе неге тиісті бағасын қоймасқа. осы мен жас та болсам да сондайды жақтыртпаймын, мұғалімнің баласы, бар отбасының баласы, киетін киіміне қарап қоятын мұғалімдер де бар. дұрыс білім бере білдің бе, дұрыс бағасын қоя біл....
0 дауыс
құрметті әріптес сыйлай отырып, өзіңізді сыйлатыңыз. сынып жетекшінің рұқсатсыз сабаққа қатысуға құқы жоқ.
0 дауыс
Алдымен оқу ісі жөніндегі мектеп басшысының орынбасарымен сөйлесіңіз, кейін басшымен. Егер тиісті шара қолданбаса, қалалық білім бөліміне және облыстық білім басқармасына хабарласыңыз. Оқушылар алдында ондай әрекет жасауға ешкімнің құқығы жоқ.
0 дауыс

  1. Жетекшінің әрекеті дурыс себебі: мен негізі оқушымын мен 6 класс оқимын менің физикалық географиядан апайым маган 3 койган басында мен 5/4 оқып жургем маган апайым касарысып 3койган 
  2. Маган себепсізден себенсіз урсады
0 дауыс
Мен бастауыш сынып мұғалімімін,  жас маманмын десе де болады,  маған өз мектебімдегі тәрбие ісі жөніндегі орынбасары кез-келген нәрсеге үнемі тиісіп,  ұрса береді. Директорға шағымдануыма болама?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 7.03.2020 Мектеп сұрақ қойды
+2 дауыс
7 жауап
...