0 дауыс
6.1k көрілді

''Миссисипи өзенінің су жинау алабы, оның жер бедеріне тәуелділігі' Жауап керек көмектесіндерші өтінемін'

2 жауап

+1 дауыс

Миссисипи (Mіssіssіpі – үндістерше «үлкен өзен») — Солтүстік Америкадағы ең ірі өзен. Дүние жүзіндегі аса ірі өзендердің бірі. ұзындығы 3950 км, Миссуридің бастауынан есептегенде 6420 км. Алабы 3268 мың км2, орташа жылдық су ағымы сағасында 19000 м3/с. Ірі оң салалары –Миссури, Арканзас, Ред-Ривер, сол салалары – Висконсин, Иллинойс және Огайо. Миннесота штатындағы шағын көлден басталып, АҚШ-тысолтүстігінен оңтүстікке қарай өлы жазықтарды бойлап қиып өтеді де, Мексика шығанағына үлкен атырау жасап құяды. Миссисипи жыл сайын теңізге 360 миллион тұнба алып барады да атырауы Мексика шығанағының ішіне қарай жылына 100 метрдей жылжиды. Қар, жаңбыр суымен толығады. Оң салалары арқылы Сеңгір тауларынан, көбінесе, еріген қар суы, сол салаларымен жаңбыр суы келіп қосылады. Көктем мен жазда тасиды. Жоғарғы жағы қыста 3 – 4 ай қатады. Миссисипи өзен жүйесіндегі кеме жолының ұзындығы 25 мың км-ден асады. Каналдар арқылы өлы көлдер алабымен және Әулие Лаврентий өзені арқылы Атлант мұхитымен жалғасады. Өзен кемелері Сент-Пол қаласына дейін (3 мың км-ден артық қашықтыққа), теңіз кемелері Батон-Руж қаласына дейін қатынайды. Миссисипи және оның салалары өзен алабының оңтүстік қуаң аудандарында жер суаруға пайдаланылады. Аса ірі қалалары мен порттары: Миннеаполис (Сент-Полмен қоса), Давенпорт, Сент-Луис, Мемфис,Батон-Руж, Жаңа Орлеан.

0 дауыс
Нил озенинин су жинау алаб

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
0 жауап
...