Тарыны қалай дәмді қылып қуыруға болады?

+1 дауыс
15.8k қаралым
Тарыны қалай дәмді қылып қуыруға болады?
• Санаты: Жалпы сұрақ | 15.8k қаралым

1 жауап

0 дауыс

Сөк – тарыдан жасалатын тағам түрі. Сөк дайындау үшін тарыны әбден тазалап, үлкен қазанға су құйып қайнатады. Қауызы ашыла бастаған кезде шыптаға салып сүзеді. Оны кептірмей, қазанға салып қуырады. Күйіп кетпеуі үшін ұстауға ыңғайлы, бір жақ басына шүберек оралған былғауышпен араластырып отырады. Қуырылған тары піскен соң келіге салып келсаппен түйеді. Түйілген тарының қауызын (кебегін) ұшырады. Мұны қаралау дейді. Қаралап болғаннан кейін қайтадан келіге салып түйеді. Мұны ақтау дейді. Ақталған тарыны сөк деп атайды. Сөктен түрлі майсөк, жарма, тары көже, төп, бөртпе, т.б. дәмді тағамдар жасалады. Сүтке, қаймаққа араластырып та, құрғақтай да жеуге болады.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
127,939 сұрақ
322,826 жауап
153,169 пікір
72,940 қолданушы