0 дауыс
725 көрілді
Табада 1 мезгілде 2 котлет қуыруға болады. Әрбір котлеттің екі жағында қуыруы керек. Ал оның Әр жағы 2 минут қуырылады. 3 котлетті дайындауға ең аз дегенде қанша уақыт қажет?( толығырақ  жауап берулеріңізді сұраймын)

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Табадағы котлеттің арғы жағы 2 мин қуырылса демек бергі жағы да 2 мин қуырылады деген сөз.Есеп шарты б/ша табада 2 ғана котлет қуыруға болады.Ал 3 котлет табаға сыймайды.Демек біз 3 котлетті 2 ге бөліп қуырамыз.Яғни бірінші 2 котлетті ,екінші 1 котлетті.Сонда уақытты есептейік.2 котлеттің 2 жағында қуырғанда 4 мин кетеді.Демек 1 котлетті қуырғанда да дәл сондай уақыт кетеді.Сонда 3 котл қуыру үшін кемінде 4+4=8 мин кетеді
0 дауыс
6 минутта пісіруге болады. Алдымен, табаға 2 котлетті саламыз тек бір бетін пісіріп аламыз, 2 минут отті. Содан кейін табадан бір котлетті алып тастаймыз, қалған бір котлеттің піспеген бетін аударамыз да, қасына екі беті де піспеген 3 - ші котлетті саламыз, 4 мин болды. Содан соң табадан піскен котлетті алып тастап, қалған котлеттің піспеген бетін аударып, қасына 1 - ші алып тастаған котлеттің піспеген бетін саламыз, 6 минутта осылай пісіруге болады.
...