+3 дауыс
34.2k көрілді

Осыны қалай кетіруге болады?

калай алып тастасам болады???

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Беттегі қара дақтар май бездерінің шаң, өлген жасушалармен бітелуінен пайда болады. Нәтижесінде, бет терісіндегі ұсақ тесіктер бітеліп, қара дақтар пайда болады. Әдетте, қара дақтар беттің Т – бөлігінде, яғни, мұрын, маңдай және иекте пайда болады. Қара дақтардың пайда болуының негізгі себептері:
1. Бет терісіне дұрыс күтім жасамау қара дақтардың пайда болуына алып келеді. Соның ішінде: жатар алдында бет терісін тазаламау немесе дұрыс тазаламау. Егер сіз косметикалық құралдарды дұрыс қолданбасаңыз немесе косметиканың сапасы нашар болса, егер де бетіңізге пилинг жасамасаңыз, сіз бетіңізде қара дақтардың пайда болуына себепкер боласыз. 
2. Дұрыс тамақтанбау, денсаулықтың нашар болуы да, қара дақтардың пайда болуна себеп болады. Сондықтан, тәтті, майлы тағамды аз жеуге, алкоголь мен кофені аз қолдануға тырысып, темекі шегуден бас тартыңыз. Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануға көшіңіз. 
3. Бетте қара дақтардың үшінші себебі гормоналды өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. 
Бет терісінде қара дақтардың пайда болуының нақты себептерін білу үшін дерматологқа барған жөн. 
Қара дақтардан құтылу үшін, ең алдымен оның пайда болу себептерінен арылу қажет. Сонымен бірге, бет терісін тереңінен тазарту үшін косметологқа баруға болады. Ал үй жағдайында қара дақтардан құтылу үшін, алуан түрлі бетті тегістейтін скрабтар, тазартушы гельдермен бет теісін тазартып тұру керек. 
Одан бөлек саз балшықтан жасалған маскаларды қолдансаңыз болады. Мұндай маскалар дәріханаларда сатылады. Саз балшықты жылы сумен араластырып, қоймалжың күйге жеткен кезде, бетіңізге жағып, 10 – 15 минутқа қалдырасыз. Одан кейін жылы сумен жуып тастайсыз. Қара дақтардан айранның көмегі арқылы құтылуға да болады. Ол үшін майсыз айранды бетіңізне 20 минутқа жағып қойып, жылы сумен жуып тастаңыз.

+2 дауыс

Adobe Photoshop CS5 программасымен кетіруге болады.

Ол фотода кетіруді емес, шын өмірде қалай кетіруді сұрап жатыр ғой.
Иә қазір фотошоппен барлығын өзгертуге болады. Бірақ шынымен, шын өмірде қалай кетіруді сұрап жатыр ғой
0 дауыс

Антибактериалдық сабындармен жуып көр.

+3 дауыс

менің оқығанымды айтып берейін. Шиенің дәнінің ішіндегісін жинап езіп шемішкі майға  3,4кун  қараңғы жерге тұнба ғып араластырып қоясыз.Жаңағы шиенің дәнінің ішіндегін өте ұсақ қылып езгеніңіз дұрыс. апта ішінде нәтиже бола бастайды. Венгриялық әдіс қателеспесем,газеттен оқығам жасап көр

+1 дауыс
Көтем, жаз айларында кейбір қыз-келіншектердің (кейде ер азаматтарда да кездеседі) беттерінде қара дақтар пайда болады. Бұл көбінесе бет терісі күн көзіне сезімтал адамдарда жиі кездеседі.
Бетке дақтар төмендегідей негізгі себептерден пайда болады.
1. Бетке күн көзінің тікелей түсуі, яғни ултракүлгін сәулелерден.
2. Бауыр, бүйрек ауырғанда. (Бұл жағдайда бүйрек пен бауырды емдеу керек)
3. Бет күтімі дұрыс болмағанда т.с.с.
4. Жүктілік кезінде
Бетке дақ түсірмеу үшін алдын-ала қорғану керек.
1.Көктем басталысымен(наурыз айынан бастап) бетіңізді күн көзінен қорғаңыз. (Қалпақ киіңіз, көшеге шығар алдында күннен қорғайтын жақпа май (SPF қорғанысы 30 дан жоғары крем), күннен қорғайтын опа т.с.с. пайдалану керек)
2. Майлы, қуырылған тағамдармен тамақтанбауға тырысыңыз. (Бауыр мен бүйрекке зиян)
3. Бетіңізге күтім жасауға тырысыңыз. Аптасына 2 рет ағартатын маска жасаңыз және әр күн сайын ұйықтар алдында бетіңізді тазалап ағартатын крем пайдалансаңыз артық болмайды. Сонымен қатар, бет күтіміне пайдаланатын жақпа май, опа т.с.с заттардың сапасына көңіл бөлу керек.
Ал егер бетіңізге дақ түсіп үлгерген болса, онда жоғарыдағы кеңестерге қоса айтарым, дақ кетіретін жақпа май жағыңыз.
Беттегі дақты кетіретін жақпа май құрамында Бензофенон -3, мия сығындысы (экстракт солодки), бета-каротин, глюконовая кислота болу керек. Мұндай құрамдағы жақпа май беттегі дақты жақсы кетіреді.
Күннен қорғайтын жақпа майда SPF (SPF35, SPF 50), PPD++ деген жазу міндетті турде болу керек. Ал жақпа май құрамында А(немесе ритинол деп те айтылады) және С витаминдері бірдей болмау керек, ондай құрамы бар жақпа майдың ешқандай пайдасы болмайды. Осы аздаған ғана кеңестерді есінізде сақтап пайдалана білсеңіз, өзіңізге — өзіңіз күтім жасап жүрсеңіз. Косметолог көмегіне жүгініп әуре болмайсыз.
0 дауыс
Ол ушин мен билмим
0 дауыс
Баска не жагуга болады бірден кету үшін менікі көбиіп кеткен....

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
...