+1 дауыс
3.9k көрілді

Шымкент қаласындағы Сабыр Рахимов атындағы Республикалық әскери метеп интернатына түсу үшін қандай пәннен емтихан тапсырады, және емтихан тестілеу түрінде өтеді ме әлде басқаша ма? Срочна керек еді айтып жіберіңіздерш,,,,,,,indecision

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

(Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларында) Республикалық әскери мектеп-интернаттар (ары қарай РӘМИ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағында. Республикалық әскери мектеп-интернаттарындағы оқу мерзімі – екі жыл – 10 мен 11 сыныптар. Республикалық әскери мектеп-интернаттарына 15-16 жастағы (оқуға түсу жылында) балалар 9-шы сыныптан кейін 10-шы сыныпқа қабылданады, бірақ Шымкент РӘМИ-де қабылдау 8-ші сыныптан кейін 9-шы сыныпқа жүзеге асырылады.


РӘМИ-ге оқуға түсу туралы тілекпен өтінішті ата-аналармен (немесе олардың орнын басатын тұлғалармен) ағымдағы жылдың 1 – 20 маусым кезеңінде құрылатын комиссиялар жанындағы аудандық білім беру бөлімдеріне беріледі.

Ата-аналардың өтінішінде талапкердің РӘМИ-ді бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарында оқуды жалғастыратындығы көрсетіледі.

Өтінішке келесі құжаттар қоса берілуі тиіс:
1) РӘМИ-дің бастығына оқушының әскери мектепке түсу және офицер болу туралы өтінішпен жеке өтініші;
2) нотариуспен расталған туу туралы куәлік;
3) орта мектепті бітіру туралы куәліктің көшірмесі;
4) сынып жетекшісі мен мектеп директорының қолымен мінездеме;
5) мекенжайы бойынша әскери комиссариат жанындағы әскери-дәрігерлік комиссиямен берілген оқушының денсаулық жағдайы мен РӘМИ-ге түсуге жарамдылығы туралы медициналық анықтама;
6) психоневрологиялық және тері-венерологиялық диспансерлерден анықтамалар;
7) 4х6 өлшемдегі төрт фотосурет (бас киімсіз);
8) ата-аналардың (немесе олардың орнын басатын тұлғалардың) жұмыс орнынан анықтама;
9) ата-аналардың (немесе олардың орнын басатын тұлғалардың) отбасы құрамы туралы мекенжайынан анықтама;
10) кәмелетке толмаған инспекциялардан анықтама;
Іріктеу кезінде жетім балалар, балалар үйі мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері, көпбалалы және жеткілікіті қамтылмаған, алыс аудандарда тұратын отбасылардың балалары, әскери қызметкерлердің балалары артықшылыққа ие.

Іріктелген үміткерлер тамыз айында бекітілген күні РӘМИ-ге түсу үшін емтихандарды тапсырады.

Түсу үшін емтихандарды тапсыруға келгендердің барлығы РӘМИ-де Қазақастан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-дәрігерлік комиссияның медициналық куәландыруынан өтеді және Қазақастан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен анықталатын міндетті түрде дене даярлығын текерумен түсу емтихандарын тапсырады.

РӘМИ-ге түсу үшін келген үміткерлер 15 тәулікке дейін тегін тұрғын үй мен РӘМИ тәрбиеленушілері азық-түлек һпен жабдықтау үлесінің нормасына сәйкес тамақпен қамтмасыз етіледі.

РӘМИ-ді үлгілі бітірген тәрбиеленушілер Қазақастан Республикасы мен басқа мемлекеттердің тиісті әскери оқу орындарына түсу емтихандарын тапсыруға жіберіледі. Тәрбиеленушілер түсу емтихандарын жаөсы тапсырған жағдайда әскери оқу орнына конкурссыз алынады.

осылай ғой
Белгісіз
0 дауыс

Бізгеде бүгін әскери меткепке шақырды бірақ сенің айтып отырғанындай ма білмедім,ол үшін:
Физикадан жақсы болуын керек,ҰБТ-дан жоғары бал алу керек,
Және Физикалық Тұрығандан жақсы болу керек бастысы,

Военкоматтан өткенде бәрі таза болу керек,яғни барлық жерін сау болу керек,

Біл жағынада қарайды!

0 дауыс

Талабың оң болсын! Сәттілік тілеймін!

0 дауыс
әскери мектепке кабылданган студенттер тізімін білсем шымкент каласы
...