0 дауыс
725 көрілді
Туысым әскери мектепке баруы керек еді. Онда қиналмайды ма? 2 жыл оқиды деп еді, мән-жайын білмейсіздер ма?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Әскери мектептер әскердегідей тегеурінді тәртіпті, ұшан теңіз кемеңгер білімді , белсенділікті , адалдылықты талап етеді. Мен білетін "Арыстан" мектебі орыс тілінде. Орысшаң жақсы болуы керек. Физикалық тұрғыдан шымыр болуың керек. Себебі қабылдау емтиханы физикалық тұрғыдан сынайды. Оқуда жүргендеде үнемі қозғалысты талап етеді. Ешқандай жерің ауырмау керек. Медициналық тұрғыдан өте сапалы болуың керек. Ал білім жағына келер болсам бар сабақты 4-5 оқуың керек. Математикадан,Физикадан,Тарихтан жақсы білуің керек. Сезімге ерік бермеуің керек! Отбасын сағынып жартылай оқып қайтып кеткендерге үкімет сол уақытқа дейінгі сол балаға жұмсалған шығынды ата-ананың есебіне салады. Ол мектепте сосын қарапайым мектептегідей ақша бопсалап , төбелесіп тәртіпсіздік жасауға болмайды! Қуып жіберіп,айыппұл салады. Тәртіпті болсаң ол әскери мектептер өте керемет!

Ұқсас сұрақтар

...