(Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларында) Республикалық әскери мектеп-интернаттар (ары қарай РӘМИ) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағында. Республикалық әскери мектеп-интернаттарындағы оқу мерзімі – екі жыл – 10 мен 11 сыныптар. Республикалық әскери мектеп-интернаттарына 15-16 жастағы (оқуға түсу жылында) балалар 9-шы сыныптан кейін 10-шы сыныпқа қабылданады, бірақ Шымкент РӘМИ-де қабылдау 8-ші сыныптан кейін 9-шы сыныпқа жүзеге асырылады.
РӘМИ-ге оқуға түсу туралы тілекпен өтінішті ата-аналармен (немесе олардың орнын басатын тұлғалармен) ағымдағы жылдың 1 – 20 маусым кезеңінде құрылатын комиссиялар жанындағы аудандық білім беру бөлімдеріне беріледі.
Ата-аналардың өтінішінде талапкердің РӘМИ-ді бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасының әскери оқу орындарында оқуды жалғастыратындығы көрсетіледі.
Өтінішке келесі құжаттар қоса берілуі тиіс:
1) РӘМИ-дің бастығына оқушының әскери мектепке түсу және офицер болу туралы өтінішпен жеке өтініші;
2) нотариуспен расталған туу туралы куәлік;
3) орта мектепті бітіру туралы куәліктің көшірмесі;
4) сынып жетекшісі мен мектеп директорының қолымен мінездеме;
5) мекенжайы бойынша әскери комиссариат жанындағы әскери-дәрігерлік комиссиямен берілген оқушының денсаулық жағдайы мен РӘМИ-ге түсуге жарамдылығы туралы медициналық анықтама;
6) психоневрологиялық және тері-венерологиялық диспансерлерден анықтамалар;
7) 4х6 өлшемдегі төрт фотосурет (бас киімсіз);
8) ата-аналардың (немесе олардың орнын басатын тұлғалардың) жұмыс орнынан анықтама;
9) ата-аналардың (немесе олардың орнын басатын тұлғалардың) отбасы құрамы туралы мекенжайынан анықтама;
10) кәмелетке толмаған инспекциялардан анықтама;
Іріктеу кезінде жетім балалар, балалар үйі мен мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілері, көпбалалы және жеткілікіті қамтылмаған, алыс аудандарда тұратын отбасылардың балалары, әскери қызметкерлердің балалары артықшылыққа ие.
Іріктелген үміткерлер тамыз айында бекітілген күні РӘМИ-ге түсу үшін емтихандарды тапсырады.
Түсу үшін емтихандарды тапсыруға келгендердің барлығы РӘМИ-де Қазақастан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-дәрігерлік комиссияның медициналық куәландыруынан өтеді және Қазақастан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен анықталатын міндетті түрде дене даярлығын текерумен түсу емтихандарын тапсырады.
РӘМИ-ге түсу үшін келген үміткерлер 15 тәулікке дейін тегін тұрғын үй мен РӘМИ тәрбиеленушілері азық-түлек һпен жабдықтау үлесінің нормасына сәйкес тамақпен қамтмасыз етіледі.
РӘМИ-ді үлгілі бітірген тәрбиеленушілер Қазақастан Республикасы мен басқа мемлекеттердің тиісті әскери оқу орындарына түсу емтихандарын тапсыруға жіберіледі. Тәрбиеленушілер түсу емтихандарын жаөсы тапсырған жағдайда әскери оқу орнына конкурссыз алынады.