+1 дауыс
11.8k көрілді

Мысалы: тесттен куласан, омiрде киыншылыктар кобейiп, барi шиеленiсiп кетсе куйзелiп омiрден катты тунiлген кезде не iстеуге болады? Кейбiр адамдар буган тозбей озiне кол жумсайды. Бундай жагдай басына туссе не iстеу керек?

5 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Стресті жеңу үшін не істеу қажетБіріншіден: стресс кезінде ағзада витаминдер қоры бітеді , әсіресе, В витамині жетіспейді. Дәрігерлердің көбі витаминдерді пайдалану қажет десе де, шамаңыз келсе пайдаланбаған жөн.Екіншіден: денені шынықтыру қажет. Спортзалға жиі барып дене шынықтыру жаттығуларын жасаңдар, билеңдер, ән айтыңдар, бассейнге барып жүзіңдер, далада көп серуендеңдер.Үшіншіден: психикалық және физикалық демалу үшін релаксация қажет. Келесі әдістерді қолданып көріңіздер. Баяу музыканы тыңдап, түнгі аспанға қарап армандаңдар.Төртіншіден: үйлесімді өмір сүру үшін ең алдымен отбасының, жолдастарыңның, жақын - тустардың көмегі қажет, Психологиялық тренингтерге барып, жанұядағы салтанатты мәжілістерге, тойларға баруды және қызықты жаңа адамдармен танысуды ұмытпаңыздар. Ата - аналарыңа, өздеріңнің әжелері мен аталарыңа, ағаларың мен апайларыңа және басқа жақын туыстарыңа барып, амандығын білуге тырысыңыз. Өйткені олар да сізден махаббат, қамқорлық, мейірімді жылы сөзді күтіп отырСтреске қарсы әдістер Алдын алудың 9 түрлі ережелері        Біздің өміріміздің  жылдамдығыныңүдей түскені сонша, бұл тек біздің жүйке жүйемізге әсер етіп қана қоймай, адамның денсаулығына да кері әсерін тигізеді. Ғалымдар қазіргі өркениетті» адамдарға «стрестік қоршауда» қалып қоймас үшін өздерінің әдістерін талмай шығаруда.1.  Аптадағы жарты күнді өзіңізге ұнайтындай етіп өткізіңіз: суда жүзіңіз, билеңіз. Демалып, қыдырыңызнемесе бақтағы орындыққа отырыңыз. Өзіңізді тек қана жұмысқа арнағанды тоқтатыңыз!2.  Күніне бір реттен кем емес өзіңізге ең қымбат адамға сөз айтыңыз. Оның сізге де сондай жауап қайтаратындығына күмәніңіз болмасын.3.  Аптасына 2 немесе 3 рет дене жаттығуын жасаңыз. Жаттығулар адамды.мезі ететіндей болмасын, егер жаттығудан кейін сізге душ қабылдау керек болса, онда сіз бір нәрсені дұрыс істемедіңіз немесе жаттығуды дұрыс жасамадыңыз.4.  Суды көбірек ішіңіз, денені қалыпта ұстау үшін күніне 1-1,5 литр су ішу қажет.5.  Аптасына бір рет өзіңізге «зиянын» тигізетін іспен де айналысып көріңіз (мысалы, тәттілер жеу арқылы диетаны «сәл-сәл» бұзуға болады немесе әдеттегіден ерте немесе кеш жатыңыз).Өзіңізді бақылауда ұстаңыз, егер бұл әдеттерді қайталай беріп дағдыға айналдырып алсаңыз, онда сіз ипохондрик (ешкімнің айтқанын елемейтін адамдар) боласыз.6.  Өз өміріңізді бұзуға асықпаңыз. Сізге келген кейбір хаттар мен телефон қоңырауларына көңіліңіз соқпаса жауап бермей –ақ қойыңыз. Жұмысы жоқ кейбір адамдар сізге ұнамайтын және керек емес әңгімелерді айтып сіздің өміріңіздің минуттарын, сағаттарын (сондай  - ақ күндерінде!) ұрлауда, сөйтіп сізде стрестер туғызуда.7.  Көңіл – күйіңіз түсіңкі немесе ашулы болсаңыз, күш қажет ететін жұмыс істеңіз: бақшада жұмыс істеп, арықтарды тазалаңыз, үй жиһаздарын ауыстырыңыз немесе үйдегі ескі ыдыстарды сындырыңыз. Немесе қала сыртына шығып айғайлаңыз. Бұндай әрекеттер адамды стрестен құтқаруға көмектеседі.8.  Күніне ең аз деген де бір банан жеңіз. Онда барлық витаминдер, микроэлементтер бар, сонымен қатар оның энергетикалық құндылығы жоғары.9.  Өзіңізге жазатын қондырғысы бар телефон аппаратын сатып алыңыз (нөмір анықтауышы бар). Бұл сізге әрбір қоңырау келген сайын орныңыздан тұрмауыңыз үшін және сізге қажет барлық ақпаратты алу үшін қажет.       Онша  қиын емес әдістер, келісесіз бе? Бұл әдістерді орындау арқылы сіз көптеген стрестерден аулақ боласыз.
0 дауыс

Негізі адам шамалы болса да "беті қалың" (пофигист) болғаны жақсы. Күйгелек адамдар стресстен басқа да, мысалы жүрек ауруларына көп шалдыққыш болады.

+1 дауыс

 

Ең бастысы-аяқ-қол сау,ондай адамдар өзін мүгедек жандар,мүжәлсіз отбасылармен салыстыруына тура келеді.Олардың қасында,сіздікі болмашы нәрсе болып көрінеді.Олардың бір жағы жеткіліксіз болса да,олар өмірге төзімді,құштар.Солар жайында деректі фильм көрген дұрыс шығар.Өмірдің қиын сынақтарына төзе білмегендік-бұл шорқақ,қорқақ адамдардың іс-әрекеті деп, оқығанмын.Ең бастысы,сынақтан сүрінген кезде,қай тұстан қателік кетті,келесіде қайталамас үшін,сол қатені түзету,жақсарту керек.Сосын сол өткен нәрсе жайлы көп ойлама,өзіңді босқа жегідей жеп,құртасың.Әрине,былай жаза отырып,айту оңай, әрине.Бұл-сынақ ғой,өз-өзіне қол жұмсау деген-күнә.Ол үшін жасалатын іс-әрекеттер:сабырлылық.Дұға оқып,таңға жақын тілек тілей беріңіз,орындалып қалар.Сосын жаттығу жасап,жақсы әуендерге билеп алсаңыз,көңіліңіз сергіп қалады,әрмен қарай,алдағы жарқын өмірге жоспарыңызды құрып,бәріне дайын болыңыз.Сәттілік!)

 

Менiн бiр досым озiне кол жумсап койып едi!
Оте дурыс жауап! Рахмет!
0 дауыс
рахат алатын істер керек!
0 дауыс
Сабыр сақтау керек Өмір бұл нарсе мен тоқтап калмайд болашагын алда екенин түсіну керек

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 24.07.2014 Жанұя сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
2 жауап
...