+2 дауыс
7.7k көрілді
Тілге бөртік шыққанда (улып кеткенде) не істеу керек?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ашутасты сорыңыз немесе улып кеткен жерін ашутаспен сүртіңіз.

Рахмет ол не?
Ол ма? Ащы тас қой. Сол улып кеткенде тигізсе кетіп қалады. Ондай жаман емес, аздап ащы болмаса. Шын айтам, менде улып кеткен сонда тигіздім.
Біреу айтып еді ас содасымен жусаң кетет деп пайдасы тиген жоқ. Енді осы ашутасты пайдаланбасам.
0 дауыс

Дәрігер-стоматологқа көріну керек.

Рахмет бірақ, стоматолог деген тіс дәрігері емес пе?
Ахаххахаха..
Жауап жаздым, оқы.
0 дауыс

Стоматология(грек. stoma, stomatos – ауыз және logos – ілім) – тіс, ауыз іші, жақ сүйектері мен бет аурулары, оларды анықтау, емдеу, олардан сақтану туралы ғылым; клиникалық медицина саласы. Стоматология (грек. stoma, stomatos – ауыз және logos – ілім) – клиникалық медицинаның тіс, ауыз қуысы, жақ сүйектері, бет пен мойынның оған шектесетін бөліктерінің ауруларын зерттейтін саласы. Тіс аурулары мен ауыз қуысы жөніндегі алғашқы ғылыми мәліметтер Сушрут (Үндістан), Гиппократ, Гален, Цельс, т.б. еңбектерінде кездеседі. Бірақ стоматологияның өз алдына жеке ғылым ретінде дамуы 20 ғасырдың 1-жартысынан басталады. Ғылым пән ретінде стоматологияның негізін салған француз хирургы П.Фошар (1690 – 1762) болды. Стоматология емдеу тәсілдеріне байланысты терапия, хирургия, ортопедия (протездік) стоматология және балалар стоматологиясы болып бөлінеді. Терапиялық стоматология – арнайы хирургия көмекті қажет етпейтін ауруларды (тіс, тіс айналасындағы тіндердің және ауыздың шырышты қабығының) дәрі-дәрмекпен, физиотерапия әдістермен емдейді және аурудың алдын алу жолдарын қарастырады. Ортопедиялық стоматология – тісті шегендейді, тіс, жақ, таңдай және бет кемістігіне протез жасайды. Хирургиялық стоматология – әр түрлі қабыну процестерін, жақ, бет, тіс сүйектерін хирургиялық операция арқылы емдейді. Сондай-ақ емдеуге келмейтін тісті жұлады. Балалар стоматологиясы бала тістері мен ауыздың 

...