+2 дауыс
24.3k көрілді

менің мамамның көзі 2008 жылдан бері ауырады,Көзімен қосып басы ауырады,2009 жылы орынборда бір козіне операция жасатты,енді жасалмаған көзі ауырады,

8 жауап

0 дауыс

Көз аурулары – көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан (алыстан көргіштік, алыстан көрмеушілік, астигматтық, дальтонизм) пайда болатын және іштен туа біткен аурулар. Кейінгі жылдары іштен туа біткен ауру – су қараңғы (глаукома) мен көз жарақаттары жиі кездеседі. Көз ауруларының пайда болуына мехникалық (әр түрлі жарақаттар алу, т.б.), физикалық (шаң-тозаң, үшнитротолуол тозаңдары мен булары, т.б.), химиялық (күкіртті сутек, мышьяк, т.б. әсері) және физикалық-химиялық (ультракүлгін, инфрақызыл сәулелер, жарық, т.б.) факторлар әсер етеді. Көз ауруларының жиі кездесетін түрлері: басыр, бленнорея, катаракта, коньюктивит, көзге ақ түсу, т.б. Көзге ақ түсу, лейкома (leu coma corneae) – көздің қасаң қабығының ауруы. Бұл, көбінесе, жарақаттанудан, қабынудан, көзге шыққан түрлі жарадан болады. Қызылша, шешек, туберкулез ауруларының асқынуынан қасаң қабықта ақ дақ пайда болып, ол кейде беріштеніп бітуі мүмкін. Мұның салдарынан көздің көруіне нұқсан келеді (қраңыз [1]). Көздің көруі қасаң қабықтың қай жеріне ақ түскеніне, оның көлеміне байланысты. Егер ақ қарашыққа түссе, адам көрмей қалады. Көзге түскен ақ дәрі-дәрмекке жазылмаса, оған хирургиялық операция жасалады. Ішкі органдар мен жүйелердің аурулары да Көз ауруларына әкеледі. Мысалы, қоян көз, бадырақ көз, Аргайлл Робертсон белгісі, т.б. Емделмеген Көз аурулары көздің көруін нашарлатып, соқырлыққа да әкелуі мүмкін. [2]., Көз аурулары, А., 1997.

0 дауыс

Көзбен ойнауға болмайды. Дәрігер-окулистке алып бар.

0 дауыс

Көзге арналған жаттығуларды жасаңыз.Тағы бір рет дәрігерлік тексеруден өтіп кеөріңіз.Кейбір көзге арналғн дәрілер көмектеседі.

0 дауыс

Дұрысы жақсы білетін дәрігерге көрсеткен жөн, ертерек қимылдамаса күшейіп кетуі мүмкін.

0 дауыс

Көз ауырудың себептері көп. Емді тек тексерудің нәтижесіне қарай тағайындайды .

0 дауыс
Салем бердик коздин иши неликтен кызарады оган не колдануга болат
0 дауыс
менин козим кунде кызарады кетире алмадым неден болуы мумкин нестесем болады???
0 дауыс
мен көзімді абайсызда соғып алдым, енді көзім қызарып  бұлынғыр болып тұрады бір көзім не стесем болады????
...