+1 дауыс
2.3k көрілді

Қалай ойлайсыздар, қазіргі өскелең ұрпақтың санасын, ой -өрісін ғаламтор улап бара жатқан жоқ па? Қазіргі мектеп оқушыларының, көпке күл шашпайпын, көпшілігі кітап оқудан алыстап бара жатқан сияқты! Ғаламтордың торына торланып, соның ауқыман алыстап шыға алмай отырады. Ғаламторда жас ұрпақтың санасын улайтын әр түрлі жарнамалар, ойындар баланың болашағына әсер етпей қоймайды ғой...Әрине, оның пайдасын теріске шығармаймын. 

2 жауап

0 дауыс

"Таяқтың екі ұшы болады" дегендей кез келген нәрсенің пайдасы да, зияны да болады. Интернеттің пайдасы 99 пайыз, зияны 1 пайыз деуге болады. Жарнаманы блокировать етіп, ойындарды удалить етіп тастауға болады.

+1 дауыс

Зияны  1 пайыз емес, мойындау керек пайдасы бір төбе болғанымен, пайдасынан зияны көп. Интернет желісін шамадан тыс пайдаланатын адам, нақты өмірден алыстап, өздерін виртуалды әлемнің мүшесі ретінде қабылдай бастады екен. Интенрнеттегі онлайн ойындары атыс-шабыс, тағы басқа қантөгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман әсер беретінін өздерімізде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс-тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Компьютер зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген.Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелденген. 
Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай: 
Көздің көру қабілетін төмендетеді; 
Омыртқалардың қисаюына әкеледі; 
Жүйкеге салмақ түсіреді; 
Шаршағыштық, әлсіздік басады. 
Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады".Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті,бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады...

 

Өте дұрыс айтасыз, сонымен қатар, қазір тек қана балалар емес, сонымен қатар ересек адамдардан да осындай ауытқуларды көруге болады. және ең басты проблема  адамдар РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДАН  мақрұм қалып бара жатырған сияқты
...