+1 дауыс
30.8k көрілді

Жанғақтың пайдасы, зияны қандай№

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Дұрыс тамақтану — адам денсаулығы мен еңбек ету қабілетіне әсер ететін бірден-бір фактор. Дұрыс, толыққанды тамақтанбау адамның өсуі мен дамуын тежейді, еңбек ету қабілетін төмендетеді, ақыл-ойын әлсіретеді. Дұрыс тамақтанбау салдарынан семіздік, қант диабеті, жүрек аурулары пайда болатыны көпшілікке белгілі. Адам ағзасының қызметін қалыпта ұстап отыру үшін күнделікті рационға түрлі жаңғақтарды енгізіп отырған жөн, себебі жаңғақтар — ми, жүйке жасушалары мен сүйектердің қызметі үшін қажетті бағалы қорек. Тал жаңғағының құрамында А, С, РР, В тобының дәрумендері, барлық қажетті амин қышқылдары, фосфор, калий, темір, магний, мырыш сияқты минералды элементтер бар. Жаңғақтар клетчаткаларға бай және асқазанның перистальтикасына әсер етеді. Оларды бауыр ауруларында, атеросклерозда және кейбір жүрек-қан-тамыр ауруларында қолданған дұрыс. Бұдан басқа, гастритте қышқылды қалпына келтіреді. Пістелердің (фисташки) емдік қасиеті ежелден танымал болған. Оның құрамында ақуыздар, көмірсутектер, майлар, сонымен қатар минералды заттар өте көп. Пісте жаңғақтар асқазан шаншуларын басады, жөтелді жібітеді, жүрек жұмысын жақсартады. Құрамында майлар мен ақуыздар көп болғандықтан ота жасалған әлсіз науқастарға немесе ауыр жұқпалы аурулармен ауырғандарға жеуді ұсынады. Кешью басқа да көптеген жаңғақтар сияқты құрамы ақуыздарға, А және В тобының дәрумендеріне, темірге, кальцийге, мырышқа бай. Кешьюдің антибактериялық және сергітетін қасиеттері бар. Миндаль майларға, ақуыздарға, көмір-сутектерге бай, Е дәрумені, В тобының дәрумендері, сондай-ақ мырыш, мыс, темір, марганец бар. Миндальды қаназдықта, жөтелде пайдалануға болады. Миндаль майын косметологияда қолданады. Фундук өзінің емдік қасиетімен белгілі. Құрамындағы В, С, Е тобының дәрумендері, кальций, калий, фосфор сияқты минералды заттар — иммундық жүйесі әлсіреген адамдар үшін таптырмайтын ем. Фундук қанда холестериннің көтерілуіне жол бермейді, демек қан тамыры ауруларында пайдалы. Жер жаңғағының құрамы көптеген пайдалы майларға, дәрумендерге және микроэлементтерге бай. Жер жаңғағы жүрек-қан тамыры ауруларына шалдығу қаупін төмендетеді, жүйке жүйесін тыныштандырады. Бал қарағай жаңғағы адам тіндеріндегі ақуыздарға жақын ерекше ақуыздарға бай және адам ағзасына сіңімді. Құрамында барлық аминқышқылдары және көптеген А, Е, С, Р, В тобының дәрумендері және калий, фосфор, кальций, йод, магний және мырыш сияқты минералды заттар бар. Олардың антиоксиданттық қасиеті бар, ішек-қарын жолдары ауруларында, иммунжетіспеушілігінде, атеросклерозда қолданады. Сонымен қатар, бал қарағай жаңғағы майының керемет емдік қасиеттері бар. Қазан айының соңына қарай пісіп-жетіле бастайтын жемістің бірі – грек жаңғағы. Тұқымы Грекиядан әкелінген­діктен осылай аталып кеткен жаңғақтың денсаулыққа пайдасы мол екенін білесіз бе? Мысалы, кептіріліп, ұнтақ­тал­ған жаңғақ дәнінің бір қа­сығын жарты литр суға салып, 1-2 минут­ қайнатып, бір тәулік тұндырып, күніне 30 грамнан үш рет үзіліссіз 2-3 ай ішіп жүрген адам қант диабетінен айығатын көрінеді. Жаңғақ бүйректі қуаттандырып, өкпені тазалап, ішекті дымқылдандырады және де­не әлсізді­гіне, бел сыздап ауы­рғанда, бас айналып, құ­лақ шыңылдағанда да пайдалы. Ол үшін жаңғақ дәнінен 600 грамм, қара бұршақтан 300 грамм талқандап, балға араластырып, күніне 2 реттен ішеді. Қазіргідей күн суыта бастаған кезде балалардың тамағы жыбырлап, жөтелетіні бар. Осындайда жаңғақтан «дәрі» жасап жі­берсеңіз жақсы. 500 грамм ұнтақталған грек жаңғағының дәні мен 300 грамм бал, 100 грамм алоэ және 4 лимонның шырынын сығу керек. Осыларды жақ­сылап араластырып, күніне үш рет тамақтан жарты сағат бұ­рын балаға шай қасықпен беріп тұрсаңыз жөтелді қуады, бронхиттің бетін қайтарады. Сонымен қоса ағзаны «жаулаған» суықтан да арылады. Негізі жаңғақ дәнінің құрамында 55-77% май, 18-21% белок, 5-6% көмірсутегі, В1 витамині мен А провитамині бар. Одан бөлек 1500-1200 микрограмм С витамині болады. Жаңғақтың суықтаудан болатын кеселдерді келмеске қуатыны осы витаминдерінің арқасында. Жаңғақ ми қызметін күшейтетін қасиетке ие. Күнде таңертең ашқарынға 1-2 дана жаңғақ жеп жүрген адам алғыр, зейінді болады деседі. Грек жаңғағының майын қабынуға қарсы, атеросклероз бен жүректің ишемиялық ауруларына, тіпті қатерлі ісікке қарсы қолдануға болады. Ағзаны қалпына келтіруден алдына «жан» салмайтын бұл майды көптеген операциялар мен дерттерден кейін қолданса, тіпті керемет. Терідегі алуан түрлі жара, күйік, тартылып, қабықтанбай жүрген үлкен жаралар мен терінің жарылуы кезінде де жаңғақты езіп, майын жағуға болады. Ал ұнтақ­тал­ған дәнін балмен теңдей мөлшерде араластырып, күні­не 3-4 рет, 25-30 грамнан жеп жүрсе балалардың иммунитетін көтеріп, күш-қуат береді. Ол жүкті әйелдерге, қаны аз адамдарға да өте пайдалы. Бұл қоспаны гипертония, анемия, атеросклероз, бауыр, бүйрек, ас­қазан, жүрек-қан тамырлары ауруларына, сондай-ақ еңбек пен ақыл-ой қабілетін арттыруға да қолдануға болады.
+1 дауыс

жаңғақтың пайдасы: есте сақтау қабілетін жақсартады жане есту мушесінде.

жаңғақтың зияны: жаңғақта калориа оте коп жане күшті, майлы коп жесе адамды сары ауруға душар етеді.

+1 дауыс

Жаңғақтың қоректік құны жоғары. Оның құрамында ақуыз, қанықпаған май қышқылы, көмір-су қосылысы, кальций, фосфор, темір, каротин, рибофлавин, никотин қышқылы бар. Ол адам денесіне өте қажетті, пайдалы азықтық ретінде қарастырылады. Миды қуаттандырады. Жаңғақтың құрамындағы белоктализин мен фосфатид ми жасушаларын жандандырып, жүйке қуатын жоғарлатады. Холестеринді төмендетеді. Жаңғақ дәнінің құрамында 65% май бар. Ол адам денесіндегі қан айналысын жақсартады. Өтке байланған тасты ерітеді. Дұрыс тамақтанбауға байланысты өтке байланған тасты ерітіп, сыртқа ығыстырады. Дәрігерлердің айтуынша, өтіне тас байланған адамдар жаңғақты үнемі жесе, операция төсегіне жатуының қажеті жоқ екен. Теріні ажарландырады. Жаңғақтың құрамындағы мол кальций, фосфор, темір сияқты микро элементтер адам денесін түрлі ферменттермен қамдайды. Мұның ішіндегі Е витамині жасуша босауының алдын алады. Жаңғақты лайықты мөлшерде жесе, бет терісін ажарландырып, ағартып, майдалылығын, жылтырлығын арттырады. Босануға жақындаған жүкті әйелдер көбінесе жаңғақ дәнін жеу арқылы өз келбеттерін сақтайды

 

http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/8457  жане осы жерде жазылган http://otarka.kz/densaulyk/zhangaktyn-densaulykka-pajdasy-orasan/

жангак кан кобейтеди ал зияны семиртеди
0 дауыс

Жаңғақ негізі тұқым болып есептеледі. Ал кез келген тұқымда (мысалы, күнбағыс дәні) 30 пайызға дейін өсімдік майы болады. Әрине, қуырылмаған шикі.

0 дауыс
Жаңғақтар дастарханның сәнін келтіріп қана қоймайды, егер дұрыс пайдаланса олардың денсаулыққа пайдасы зор.Жаңғақ тек дәмді ғана емес, сонымен бірге пайдалы болып табылады. Жаңғақтар құрамындағы пайдалы заттектер жеміс-жидектер, көкөністермен салыстырғанда бірнеше есеге жоғары. Басқа азық-түліктерге қарағанда жаңғақ құрамындағы минералдық заттар- магний, калий, кальций, темір, фосфор және т.б екі есеге жоғары. Барлық түрдегі жаңғақтар А, Е, РР, В тобының дәрумендеріне бай.Бұдан басқа жаңғақтардың артықшылығы құрамындағы барлық пайдалы заттектер ұзақ уақыт бойында сақталады. Мысалы, жемістер мен көкөністер ұзақ уақыт сақталатын болса, құрамындағы дәрумендер мен минералдық заттектерді жоғалтады.Жаңғақтың құрамыЖаңғақ құрамының 60-70% -бұл май, өте пайдалы және сіңімді, жануар майларынан ерекшелігі холестерин жоқ. Ал, 18-21% белоктардан тұрады. Әсіресе күрделі белоктардан. Күрделі белоктар ағзаға тіндердің құрылуына қажет. Жаңғақ құрамындағы белоктар еттегі белок орнын алмастыра алады. Сондықтан вегетерианшылар рационында жаңғақтар болса, белок жеткіліксіздігіне алаңдамауына болады. Және де етке қарағанда жаңғақ құрамындағы темір мөлшері жоғары.Шоколад немесе бидай ұнына қарағанда жаңғақтар өте калориялы, бұл калория біздің ағзамызға күш пен энергия береді. Жаңғақтарда жеңіл сіңетін көмірсулар аз. Сондықтан жаңғақтарды тіпті диабетиктерге немесе артық салмақтыларға аздан жеуге болады.Кез-келген жаңғақ түрі Е дәруменіне бай, ол холестериннің қан тамырларда холестеринді тор түзілуіне кері әсер етеді. Мұндай дәрумен әсіресе миндаль жаңғағында көп. Жаңа піскен жаңғақтар қуырылған жаңғақтарға қарағанда пайдалы. Жаңғақтарды тұрақты тұтынатын адамдарда инфаркт және кәрілікпен келетін мидың жетімсіздігінің даму қаупін азайтады. Өйткені жаңғақтар мидың қызметін жақсартып, нерв клеткаларының қабығын қорғайды. Аптасына екі реттен 30гр жаңғақ жесеңіз, инфаркт ауруына шалдығу қаупі азаяды. Жаңғақтарды баланың жасына қарап беру керек. Өйткені жаңғақтар ұзақ уақыт қорытылады. Дей тұрғанмен, 5-6 жастан асқан балаларға аз мөлшерден беруге болады. Грек жаңғағы          Құрамы - 75% май, 15% белок, қанықпаған май қышқылдарынан, линол, линолен, пальмитин, олеин және басқа да қышқылдардан және де С, РР, В1, В2 дәрумендері, каротин, темір, йод, кобальт, магний, цинк, медь, эфир майынан тұрады.  Грек жаңғағы атеросклероздың, темір тапшылықты анемияның емі және алдын алады. Грек жаңғағы қандағы қант деңгейін төмендетеді, сондықтан қант диабеті кезінде де пайдалы. Бал қосылған жаңғақ бас қан тамырларының түйілуінің алдын алады, құрамында магнийдің көп болуына байланысты - ұйқысыздықта, стресс кезінде тыныштандырғыш әсер етеді.Миндаль жаңғағы         40-70% майдан, 30% белоктан, көмірсу, Е дәрумені,кальций, каротин, 0.8% эфир майынан тұрады.  Құрамында Е дәрумені және кальций мөлшерінің жоғары болуына  байланысты, көздің көргіштігі нашарлағанда, қан аздықта, ұйқысыздықта, асқазан ойық жарасында және асқазан сөлінің қышқылдығы жоғарылағанда өте пайдалы. Мұндай жағдайларда бір ай бойы тәулігіне 10-15 дана миндаль жаңғағын жеу керек. Фосфордың көп болуына байланысты, ой қызметін жақсартады. Бүйректен тас аурулары кезінде де пайдалы.Арахис жаңғағы         Арахис жаңғағы құнды тағамдарға жатады: пайдалы және сіңімді. Құрамында көмірсу және қант, 29-35% дейін көп мөлшерде жақсы сіңімді белок, 50%-дан жоғары құнды май, С, Е, Д, РР және де В тобының дәрумендеріне және фосфор, натрий, магний, кальций, калий, темір, цинк, марганец бар.  Әсіресе линоль қышқылына бай, ол склероз дамуының алдын алады. Егер адамның ағзасында линоль қышқылы жеткілікті болса, онда басқа да қажетті қанықпаған май қышқылдары: линолен және арахидон қышқылдары өздігінен түзіледі. Егер мұндай май қышқылдары ағзада жеткілікті болса, онда қандағы холестерин мөлшері қалыпты жағдайда болады. Кешью жаңғағы         Кешью жаңғақтары жоғары құнды белоктарға және майларға бай, көмірсу, крахмал, фитостерол, тағамдық талшықтар және май қышқылдары, Е, РР, В тобының дәрумендері, кальций, магний, фосфор, темір, марганец, 18 түрлі амин қышқылы(оның ішінде триптофан, лизин, метионин, глицин) бар. Қан тамырларының жағдайын жақсартады, мидың қызметін, ас қорыту жолдарының жұмысын жақсартады және де иммунитетті нығайтады.  Кешью жаңғағын үнемі қолданған кезде холестерин деңгейі төмендейді. Сонымен қатар, тромб түзілуінің, атеросклероздың алдын алады, жүректің жұмысын жақсартады және де қан қысымын төмендетеді, остеохондроз және артриттің алдын алады. Фисташка жаңғағы          Фисташканың құрамында көп мөлшерде антиоксиданттар бар, ол жүрек қан-тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады, қандағы холестерин және қант деңгейін төмендетеді. Сонымен қатар, асқазан-ішек жолдарының ауруларында, атеросклероз  кезінде пайдалы. Ағзаға күш қуат береді. Фундук жаңғағы          Фундук жаңғағы - өте құнды, тәтті және де сіңімді жаңғақтардың бірі. 70%-ға дейін жоғары құнды майдан, белоктан, амин қышқылдарынан, табиғи қанттан, көмірсу, крахмалдан тұрады. Фундук жаңғағының құрамында 20-ға жуық амин қышқылы, А, С, Е, РР, В тобының дәрумендері және де көп мөлшерде минералдық заттектер (калий, фтор, фосфор, магний, марганец, цинк, натрий, темір, хлор, кобальт, йод) бар. Фундук құрамындағы темір мөлшері, етке, көкөністер мен жемістерге қарағанда бірнеше есеге жоғары.  Е және В тобының дәрумендері жүректің жұмысын жақсартады. Ал Е дәруменінің ерекшелігі ісіктің түзілуі және дамуына қарсы тұрады, яғни фундук жаңғағы онкологиялық аурулардың алдын алады. Фундук құрамындағы заттектер ағзаны тазартатын, ағзадан токсиндер мен зиянды қалдықтарды (шлак) шығаратын қасиеті бар.

Ұқсас сұрақтар

...